Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қаласы, №7 орта мектептің
математика пәнінің мұғалімі
Маңғытай Қадиша Ысқаққызы
Математиканы оқытуда оқушылардың өзіндік шығармашылық ізденістерін дамыту.
Сабақ беру – жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер. (Ж. Аймауытов)
Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамасының бағыты - ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты мақсаты - ұлттық жеке адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасай отырып, оның шығармашылық қабілетін дамыту» деп атап көрсетілген. Осыған орай мектеп мұғалімдерінің алдында оқушыға білім - білік дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік - жігерін, яғни оқушыны жан - жақты дамыту міндеттері тұр. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады.
- Оқушылардың шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.
- Қызығушылық пен таным белсенділігін арттыру.
- Оқушы мүмкіндігіне сай шығармашылық тапсырмаларды жүйелі орындату.
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды кезең бойынша сатылап дамыту.
- Мұғалім өз ісіне шығармашылықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.
Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан - жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді.
Сонымен бірге оқушыға талап қоя білу де үлкен өнер.
Менің оқушыға қойған талаптарым:
•қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
•ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
•алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
•өзін — өзі талдауды, өзін — өзі бағалай білуді меңгеру;
•басқа адамдармен қарым - қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);
•қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білу;
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті
Дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам
алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен - күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан - сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.
Оқушылардың білімін бақылаудың әр түрлі формаларын пайдалану үлгермеушіліктің алдын алу, әр оқушының жеке белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Әр оқушының білімін жеке бақылауда келесі мынандай жұмыстар атқарамын:
Толық нұсқасын жүктеу
Математиканы оқытуда оқушылардың өзіндік шығармашылық ізденістерін дамыту.
- aiboll
- 22 қаңтар 2016
- 2297
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Баяндма математика, математиканы оқыту, оқушы бойында шығармашылықты дамыту
Ұқсас жаңалықтар:
Оқушының бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілетке б ...
Өнер жолындағы оқушылардың талпыныс ізденісіне жол көрсетіп, үйреншікті нәрседен әсемдікті тауып, бейнелеуге, көргенді есте сақтауға және қиялдау...Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Айымжан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаметкалиева Жақсылық Қазезқызы...Сабақтың тииімділігін арттыру жолдары мен құралдары
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "№42 орта мектеп" КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аманжолова Тана Тастанқызы...12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазм ...
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мүғалімі Гүлдана Бауыржанқызы...Өзін-өзі жетілдіре алатын бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі оқыту те ...
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі І санатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна Өзін-өзі жетілдіре алатын бәсекеге қабілетті...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.