Сайтқа кіру Тіркелу

Ет турағыш машиналар

Атырау облысы КМҚ
«Қызылқоға аграрлы – техникалық колледж» кәсіпорыны
Оқытушысы: Ғабдуллина Ақмарал Қазиқызы

Пән атауы: Тамақтандыру мекемесін ұйымдастыру
Тобы: №44 топ «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

Сабақтың тақырыбы: Ет турағыш машиналар
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Ет турағыш машинаның атқаратын қызметін, түрлерін, құрылысын, жұмыс істеу тәртібін, пайдалану ережелерін түсіндіру
Тәрбиелік: Өз бетімен жабдықтарды пайдалана білеуге, қауіпсіздік ережелерін білуге,
ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Ет турағыш машиналарын қолдана отырып, өз бетімен өнімдерді турауға,
оқыған білімдерін өндірісте іс жүзінде көрсете білуге дағдыландыру
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, Беспальконың дамыта оқыту технологиясы
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, көрнекі көрсету, сергіту жаттығулары
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, мультимедиалық проектор, экран, сызбалар, оқулықтар, асханалық жабдықтар: ет турағыш машиналар (қолмен, тоқпен), құралдар (тақтай, пышақ, үлкен тәрелке т. б.), тағам дайындауға қажетті өнімдер (шикілей ет, көкөністер, дәмдеуіштер т. б).
Пәнаралық байланыс: Тамақтандыру мекемесінің жабдықтары, Тамақтандыру мекемесінің жабдықтары пәнінен өндірістік оқу, Тамақ дайындау технологиясы, Азық - түлік тауартануы, Еңбекті қорғау, Электротехника

Сабақтың өту барысы:

I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Негізгі бөлім (жаңа сабақ түсіндіру)
IV. Жаңа сабақты қорытындылау
V. Оқушыларды бағалау
VI. Үйге тапсырма
VII. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Ұйымдастыру кезеңі
 Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
 Бөлменің сабаққа дайындығын тексеру
 Оқушылар зейінін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру
«Ет және балық өңдейтін машиналар»
1. Ет және балық өңдеу үшін қандай машиналар қолданылады?
2. Ет және балық өңдеу үшін қолданылатын машиналардың атқаратын қызметі және түрлері?
3. Ет және балық өңдеу машиналарын қолданған кезде қандай қауіпсіздік ережелері қолданылады?
1. Ет және балық өңдеу үшін қандай машиналар қолданылады?
2. Ет және балық өңдеу үшін қолданылатын машиналардың атқаратын қызметі және түрлері?
2. Ет және балық өңдеу машиналарын қолданған кезде қандай қауіпсіздік ережелері қолданылады?

Жұмысты бастар машинаның санитарлық жәй - күйін, электр сымдары мен жерге қосу жүйесінің дұрыстығын, қозғалыстағы барлық бөліктердің және жұмыс тетіктердің, сондай - ақ дербес орнатылған қосқыш құрылғылардың қоршалғандығын, машинаның еденге немесе жұмыс столының бетіне берік орнатылғандығын, үйкелістегі бөліктерге май құйылғандығын, бос жүріс кезіндегі жүрісін, білік қозғалысының бағытын тексеру керек.
Машинаға өнімдерді тек оны іске қосқаннан кейін ғана салған жөн. Машинаға артық салмақ келтірмеу керек, өйткені мұның өзі өндірілетін өнімнің сапасын нашарлатады және машинаның тозуын жеделдетеді. Ал машинаға аз күш түсіру оның өнімділігінің төменделуіне әкеп соғады. Машинаның жұмысын мұқият қадағалау қажет және артық шунемесе дүрсіл пайда болған жағдайда оны дереу тоқтатқан жөн. Машина жұмыс істеп тұрған кезде өнімдерді қолмен итеруге, жөндеуге, тазалауға болмайды.

ІІІ. ЖАҢА САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Тақырыбы: Ет турағыш машиналар
Беспальконың дамыта оқыту технологиясы

І. Бейнелеп көріну әдісі
ІІ. Сұраққа жауап әдісі
ІІІ. Эвристикалық сұрақтар
ІУ. Ой қорыту
І. Бейнелеп көріну әдісі
Шарты: Экранда көрсетілген суретпен жұмыс және суретке қарап қызметі, құрылысы туралы өзіндік пікірін айтып, дәптерге жазу

МИМ - 82 ет турағыш машинасы
А - жарып көрсетілген: 1 - электр двигателі, 2 - өңдеу камерасы, 3 - шнек саусағы, 4 - қысқыш гайка,
5 - шнек, 6 - сақтандырғыш сақина, 7 - итергіш, 8 - шнектің артқы ұшы, 9 - тиеу ыдысы,
10 - цилиндрлі қисық тісті беріліс
Б - жалпы көрінісі: 11 - негіз табаны, 12 - корпус, 13 - желбезек торкөз
А - майдалап турау үшін:
1 - шнек, 2 - кескіш торкөз, 3 - қос жүзді пышақ, 4 - тесіктері орташа торкөз, 5 - қос жүзді пышақ, 6 - тесіктері ұсақ торкөз, 7 - қысқыш сақина, 8 - қысу гайкасы
Б - ірілеп турау үшін:
1 - шнек, 2 - кескіш торкөз, 3 - қос жүзді пышақ, 4 - тесіктері ірі торкөз, 5, 6 - қысқыш сақина,
7 - қосу гайкасы

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
КТЖ. Технология 5-6-7-8-9-10-11 сыныптар

КТЖ. Технология 5-6-7-8-9-10-11 сыныптар

«Технология» пәнінен күнтізбелік тақырыптық жоспар (5-6-7-8-9-10-11 сыныптар)...
Қауіпсіздік ережелері (технология пәні бойынша)

Қауіпсіздік ережелері (технология пәні бойынша)

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ Қол инесімен жұмыс: 1. Үнемі арнаулы қобдишада сақтау керек. 2. Инені киімге қыстыруға болмайды. 3. Тігіс кезінде ине жібін...
Ағашты бедерлеп ою

Ағашты бедерлеп ою

Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдай білу керек. Оған май қарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаштар пайдаланылады. Мұндай материалдың...
Өңдеу тақтайын дайындау

Өңдеу тақтайын дайындау

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы Юрий Гагарин атындағы орта мектебінің сызу, технология пәні мұғалімі Қалиев Жандос Байбатырұлы....
Тігін машинасымен танысу. Тігін машинасының түрлері.

Тігін машинасымен танысу. Тігін машинасының түрлері.

Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына жалпы құрылымына, құрылысына...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×