Сайтқа кіру Тіркелу

Синтоизм

9 сынып Дінтану
Тақырыбы: Синтоизм.
Сабақтың мақсаты
1. Оқушыларға синтоизм діні, діни ғұрыптары туралы терең білім беру.
2. Синтоизм діні туралы тың мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету.
3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни - саяси сауаттылыққа баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, ізденіс
Негізгі ұғымдар:
«Каминомити»– құдайлар жолы.
«Идзанаки» мен «Идзанами»– тұңғыш антропоморфтық (адам бейнесіндегі) құдайлар.
«Аматэрасу – жапондықтардың ең сүйікті құдайы.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау
1. Конфуций дінінің мәні не?
2. Конфуций дінінің рәсімдері мен ғұрыптарының мәні және мағынасы қандай?
3. Дао туралы түсініктің мәні не?
II. Жаңа материалды түсіндіру.
1. Синтоизм дінінің пайда болуы.
2. Синтоизмнің діни ғұрыптары мен рәсімдері.
1. Жапонияда орныққан дін жүйесін европалық ғылым синтоизм деп атайды. Бірақ, бұл дәл атау емес. Синто – жапон діни нанымдарының қытайша жиынтық атауы. Жапондықтардың өздері оны каминомити («құдайлар жолы») деп атайды.
Жапондықтардың діни сенімдері VIII ғасырда Кодзики және Никонги деген жинақтарға біріктіріліп, біздің заманымызға өзінің бастапқы үлгісінде жеткен мифологияға негізделеді. Оларда барша әлемді жаратушы құдайлар түсінігі жоқ. Көне мифтердегі нами құдайларын әлем жаратылғаннан кейін келіп, жер - дүниені тәртіпке келтіруші жалпылама сипаттағы бейнелер десе болды.
Жапон мифологиясындағы тұнғыш антропоморфтық (адам бейнесіндегі) құдайлар – Идзанаки мен Идзанами. Кейде оларды Адам - Ата және Хауа - Анамен салыстырып, Жапонияда пайда болған бірінші адамдар ретінде де қарастырады.
Жапондардың ең сүйікті құдайы – барлық жасампаздық игі істердің бастауы, көркем Аматэрасу. Синтоизм пантеонында бұдан өзге мыңға жуық құдай бар. Тіптен оларды құдай дегеннен гөрі рух немесе ие деген орынды.
Синтоистер табиғат күштерінің бәрінен, тау - тастан, орман - тоғайлардан құдай сипатын көреді, олардың әрқайсысының өз камиі, яғни рухы немесе құдайы бар деп сенеді. Кейбір ағаш түрлері мен өсімдіктерді, жәндіктер мен құстарды қасиетті деп ерекше құрметтейді. Мәселен, қораз Аматэрасу құдайының құсы саналса, егеуқұйрық молшылық символы есептеледі. Фудзияма тауын құдайлар мекенінің бірінен санайды.
Синтоизмнің басты элементі – императорларды құдай дәрежесіне дейін көтеріп, қастерлеу. Жапонияның тұнғыш императоры Дзимму Нинигидің шөбересі саналады. Аңыз бойынша ол біздің жыл санауымызға дейінгі 660 жылы 11 ақпанда таққа отырған. 1868 жылы Дзимму императордың билікке келген күнінен басталатын жапон жыл санау жүйесі енгізілді.
Жапондықтар өздерінің ұлттығы мен мемлекеттігінің іргетасы болып саналатын діни нанымдарын бүгінге дейін берік ұстанады. Олардың өзге халықтардан ерекшелігі – көнедегі діни нанымдарына негізделетін дәстүрлі мәдениеті мен қазіргі заманғы өркениет үлгілерінің керемет үйлесімін білгендігі.
Синтоизм храмдары сыртқы дарбазадан соң үш қатар қоршалған үлкен алаң түрінде болып келеді. Оның ішіне жуынып, тазалану үшін хауз жабдықталады, садақа үлестіру салтына нұсқайтын өрім - өрім қағаздар байланған бамбук таяқшалар шаншылады. Құлшылық рәсімін атқаратын басты орын – үшінші қоршаудың ішінде. Онда Аматэрасу құдайдың белгілері ретінде қылыш, айна және яшмадан жасалған әшекей сақталады. Олар даналық, адалдық және қайырымдылық символдары болып саналады. Елде осы тәрізді ондаған мың храмдар тұрғызылған. Олар қатарынан бірнеше камиге (құдайларға) немесе сол жерде ерекше құрметтелетін біреуіне арналады. Синтоистік храмдарды жиі қайтадан салып, жөндеп отыру салты орныққан. Бас храм Исэ қаласында. Ол VII ғасырда тұрғызылған.
Синто дін қызметшілері сегіз сатыға бөлінеді. Олар әдетте діни орынға мұрагерлік жолымен ие болады, үйленуге, діни қызметті өздері қалаған уақытта тастап жүре беруге хұқылы.
2. Синто дініндегілер мерекелер қарсаңында ұзақ ораза тұтады. Бұл уақытта олар мүрдеге жоламайды, науқастардан айналып жүреді және өздері де ауырмауға ұмтылады, зиратқа бармайды, музыка аспаптарында ойнамайды және кейбір тағамдардан тартынады. Осылай тән және рух тазалығын сақтайды. Мейрамдарда храмға ас және ішімдік (күріштен жасалған сакэ арағы) әкеледі. Оны көбіне жерге көміп кетеді.
Синтоизмнің басты мейрамдары – желтоқсанның соңғы екі күніндегі «арылу» мейрамдары. Жаңа жыл салтанатпен қарсы алынады. Көктемде және қараша айында күріш мейрамдары тойланады.
Синтоизмнің догматикасы мейлінше қарапайым және көбіне буддизмнен келген. Күнә, жаза, о дүние туралы ілімдер солғын. Барлығы осы дүниедегі үйлесімділік пен жарастыққа негізделеді.
Синтоизмнің тағы бір ерекшелігі – онда этикалық ілім дамытылмаған. Адамшылық нормалары көбіне конфуцийлік қағидаларымен реттеледі және ғасырлар бойына салт болып қалыптасқан көнбістік, үлкенді сыйлау, борышты сезіну мен қатаң тәртіп сияқтыларға негізделеді.
III. Сабақты қорытындылау.
1. Жапонияда синтоизм діні қалай пайда болды?
2. Синтоизм ілімінің ерекшелігі қандай?
3. Синтоизмнің қандай діни рәсімдерін білесіңдер?
4. Синтоизмнің басты мейрамдары қандай?
ІV. Үйге тапсырма оқу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Деструктивті және радикалды діни ағымдар, ұйымдар идеологияларының алдын ал ...

Деструктивті және радикалды діни ағымдар, ұйымдар идеологияларының алдын ал ...

2018 жылдың 5 желтоқсанында «6M020600 Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Касаинова К. Е. педагогикалық практика аясында «Деструктивті және...
Қытайдағы діндер

Қытайдағы діндер

Сабақтың мақсаты 1. Оқушыларға көне қытайдағы діндер, көне қытайдағы діни ғұрыптар туралы терең білім беру. 2. Конфуций, дао діндері туралы тың...
Шығыстың ұлттық діндері

Шығыстың ұлттық діндері

Пәні: Дінтану Мұғалім: Ғарипуллаев Әлішер Әзімбайұлы...
IХғ-ХІІІғ басындағы Қазақстан мәдениеті

IХғ-ХІІІғ басындағы Қазақстан мәдениеті

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Сүлейменова Әсел Болатқызы...
Діни экстремизммен бітіспес күрестеміз

Діни экстремизммен бітіспес күрестеміз

Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушыларға діни экстремизмнің мағынасын ашу, білімін арттыру арқылы теріс діни ағымдар жайлы білімін тереңдету;...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×