Сайтқа кіру Тіркелу

Түгендеу нәтижесін анықтау және оларды реттеу

Пән атауы: Бухгалтерлік есеп теориясы
Сабақтың тақырыбы: «Түгендеу нәтижесін анықтау және оларды реттеу»
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларға кәсіби білімді бере отырып, білім білікті қалыптастыру, білімді арттыру, түгендеу нәтижесін анықтауға және оларды реттеуге үйрету.
2) Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру.
3) Тәрбиелік: Кәсіби сауаттылыққа тәрбиелеу, нақты және дәл жауап беру икемділігіне бейімдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Оқыту тәсілі: Түсіндірушілік, көрнекілік әдіс.
Сабақтың әдістемелік
қамтамасыз етілуі: Н. Ә. Назарбаевтың сөзінен эпиграф, интерактивті тақта, таратпа материалдар, тест сұрақтары, түгендеу нәтижелері бойынша салыстырмалы ведомосы.
Пән аралық
байланыс: Салық және салық салу, Нарықтық экономика, Бухгалтерлік есеп,
Статистика.
ҚР - ның Президенті
Н. Ә. Назарбаевтың
сөзі: «Еліміздің келешегінің кемел болуы, гүлденіп, өркендеуі қазіргі жастарға, олардың білім деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты».

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, түгелдеу, сабаққа назарын аудару, сабақ жоспарымен таныстыру. Формаларына және оқу - құралдарына көңіл бөлу.

2. Өткен сабақты сұрау.
3. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
1. Түгендеуге анықтама беріңіз.
2. Түгендеудің түрлерін атаңыз.
3. Міндетті түрде түгендеу қандай жағдайларда жүргізіледі?
4. Түгендеу сипатына байланысты қандай түрлерге бөлінеді?
5. Түгендеуді жүргізу тәртібі қалай орындалады?
6. Түгендеу құжаттары қалай рәсімделеді?
7. Түгендеу кезінде қателер қалай түзетіледі?

Заңдарға жүгінсек:
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚР - ның 2007 жылғы 28 ақпанындағы №234 - ІІІ заңы
Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесін бекіту туралы ҚР - ның Қаржы Министрлігінің 2007 жылғы 22 маусымдағы №221 Бұйрығы
86. Түгендеу міндетті тәртіппен:
Материалдық жауапты адам ауысқан кезде;
Мүлікті талан - таражға салу немесе теріс пайдалану, сондай - ақ бүліну фактілері белгіленген кезде;
Дүлей апат, өрт апатты жағдайда немесе төтенше жағдайларда жүргізіледі.

93. Есептеу, өлшеу және салмақтау нәтижелері түгендеу тізімдемесіне - түгендеу жүргізу сәтінде жасалатын және кем дегенде екі данада белгілі бір күнге мүлік пен міндеттемелердің іс жүзінде болуын растайтын құжатқа енгізіледі, оған комиссияның барлық мүшелері және материалдық жауапты адам қол қояды.

136. Комиссия түгендеу кезінде белгілі болған кемшіндер немесе артық шығу себептерін анықтайды. Комиссияның қорытулары, ұсыныстары және шешімдері ұйым басшысы бекіткен хаттамамен ресімделеді.
Түгендеу қорытындылары түгендеу аяқталған сол айдың бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігінде, ал жылдық түгендеу бойынша - жылдық қаржылық есептілікте көрсетілуі қажет.

Жаңа тақырып: Түгендеу нәтижесін анықтау және оларды реттеу
Бухгалтерияда түгендеу тізімінің мәліметтері есепте көрсетілген қалдықтармен салыстырылады және есеп мәліметтерінен ауытқу анықталған позициялар бойынша салыстыру ведомосттары құрылады.
Салыстыру ведомостарын құру жұмыстарын бастамас және түгендеу нәтижелерін анықтамас бұрын, бухгалтерия түгендеу тізімінде келтірілген барлық есептемелердің жиындарын дұрыстап санап тексереді.
Салыстыру ведомостары мен материалдық жауапты тұлғалардан алынған түсініктемелердің негізінде түгендеу комиссиясы анықталған жетіспеушіліктердің, жоғалтулар мен бүлінулердің, артықшылықтардың себептерін анықтайды және осыған байланысты алынған айырмашылықтардың тәртібін реттейді.
Тұрақты әрекет етуші түгендеу комиссиясы салыстыру ведомостарының дұрыстығын тексереді және өз қорытындыларын түгендеу нәтижесі бойынша хаттамада көрсетеді. Онда жетіспеушілікке, жоғалтуға және артықшылыққа кінәлілер мен оның себептері туралы толық мәліметтер келтіріледі, сонымен қатар кінәлі адамдарға қатысты қандай шаралар қолданылғандығы, әрі бухгалтерлік есеп мәліметтеріне қарсы құндылықтардың нақты болуын реттеу бойынша ұсыныстар келтіріледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өрт қауіпсіздігі бойынша өндірістер классификациясы

Өрт қауіпсіздігі бойынша өндірістер классификациясы

Сабақ мақсаты: 1. 2. Білімділік: өрт қауіпсіздігі бойынша өндірістер классификациясын зерделеу. Дамытушылық: білімгерлердің өрт қауіпсіздігі бойынша...
Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер

Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларға дұрыс және бұрыс бөлшектің не екенін білгізу және оларды ажырата білуге үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың...
Тригонометриялық функциялардың туындыларын табуға есептер шығару

Тригонометриялық функциялардың туындыларын табуға есептер шығару

Тригонометриялық функциялардың туындысын табу формуласымен таныстыру, оларды есеп шығаруда қолдануды үйрету Туынды есептеу тақырыбы бойынша білім,...
Уақытты табуға берілген есептер

Уақытты табуға берілген есептер

БҚО, Қаратөбе ауданы, Жусандой ауылы, Жамбыл ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Касимов Казбек Рыскалиевич...
Күрделі функция

Күрделі функция

Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің математика пәні мұғалімі Искакова Дамили Рыздыковна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×