биология пәні мұғалімдері
Карамурзина Ш. О, Аянасова Л. А.
АННОТАЦИЯ
Көптілділік білім беру жеке тұлғаның үш тілді үйренуге және тілді білуін жетілдіруге негіз болып табылады. Үш тілді білім беру ортасын қалыптастыру және негізгі құндылықтар мен педагогикалық қағидаларды енгізу арқылы оқытудың заманауи үрдісін нығайтып, топтық оқыту әдістемесі арқылы жүзеге асырудамыз. Командалық оқыту әдістемесі негізінде кіріктірілген білім беру бағдарламасының үштілді білім беру саясатының мақсаты бұл тақырыбымызда көрініс тапқан.
Жоспары
1. Кіріктірілген оқу бағдарламасы негізінде топтық оқыту әдістемесінің жүзеге асуы
2. Топтық оқыту әдістеменің үштілдік білім беру саясатына әсері
3. Топтық оқыту арқылы үштілдік саясатты практикада қолдану нәтижесі, сараптама;
Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында да, Назарбаев Зияткерлік мектептерінде де және жоғары білім беру жүйелеріне бағытталған қандай реформа болмасын ол мұғалім, оқытушы арқылы жүзеге асады. Бүгінде ұстаз қасиетті міндетін атқара отырып, білім беруді одан әрі ізгілендіру, жеке тұлғаны қалыптастыруда озық, жаңғыртылған әдістемелік жүйені меңгеру, әлемдік білім беру кеңістігіндегі ел дамуына оңтайлы ізгі қадамдарды игеру сияқты жаңа талаптарға сәйкес істерді жүзеге асыруға бет бұрды. Сапаға жетелейтін, оны қадағалайтын түрлі тетіктер жеткілікті. «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін оқу - тәрбие үрдісіне енгізе отырып, тарату қазіргі таңдағы білім беру саласындағы тырнақ алды маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанның барлық білім беру мектептерінде НЗМ инновациялық білім беру тәжірибесінің тиімділігін ғылыми тәсілдер арқылы және оқытушы - әдіскерлердің ғылыми – әдістемелік ұстанымдарындағы ерекшеліктеріне тоқталып өтсек.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасының ерекшеліктері:
Оқушыларға алған білімдерін оқудағы және өмірдегі мәселелерді шешуде пайдалануды үйретуге бағдарлау;
Тілдерді деңгейлік үйретуді ұйымдастыру;
Пәндерді кіріктіру;
Жаңа пәндерді енгізу;
Тереңдетіп және стандартты оқуға арналған пәндерді жоғары мектепте таңдау құқығы;
Жоғары оқу орындарына түсуге мақсатты түрде дайындалу
Бағалаудың критерийлік жүйесі;
Осы бағдарлама негізінде оқушылардың дағдыларын дамыту:
Сын тұрғысынан ойлау;
Білімдерді шығармашылықпен пайдалана білу;
Зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру;
АКТ дағдылары:
Топта және жеке жұмыс істей білу;
Коммуникациялық дағдылар тілдік дағдыларды қосқанда міндеттер мен мәселелерді шеше білу;
Кіріктірілген білім беру ісін ұйымдастыру ерекшеліктері:
Үш тілді білім беру ортасы;
Тәрбие мен оқытуды кіріктіру;
Заманауи педагогикалық әдістер мен тәсілдер қолдана білу;
Үш тілде білім берудің тиімділігі Халықаралық зерттеулер үш тілде жүргізілетін оқу бағдарламалары бойынша білім алатын оқушылар жұмысқа ұқыпты, мотивациялары жоғары, бірнеше тіл білудің артықшылықтарын түсінеді. Зияткерлік мектептерде үш тілде оқытудың әдіс тәсілдері:
Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі;
Командалық оқыту;
Тілдік ортаға ену;
Командалық оқыту әдістеменің үштілдік білім беру саясатына әсері
Реформаны жүзеге асыру әрбір ұстаздың басты міндеті. Сондай міндеттердің бірі ретінде командалық оқыту әдістемесі негізінде кіріктірілген білім беру бағдарламасының үштілдік саясатының мақсатын жүзеге асыру болатын. НЗ мектептерінде жасалынып, іске асып жатқан игі істерімізді оқырман және ұстаздар қауымымен ортаға салып, бөліскіміз келеді. Мұндай игілікті істер ел болашағын қолына алатын болашақ жастарымыздың жан - жақты өсіп - өркендеуіне ықпал етері сөзсіз. Біздің алдымызда Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін нақты, айқын қойылған стратегиямызда мақсат пен міндет көрсетілген, оны орындау үшін ат салысу әр қайсысымыздың міндетіміз.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.