Сайтқа кіру Тіркелу

Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі

Тақырыбы: Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі
/ мұғалімдер арасында тренинг /
Мақсаты:
Адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Тренинг ережесі:
- Сөзді бөлмеу
- Бір - біріне кедергі жасамау
- Бірігіп жұмыс істеу
- Намысқа тимей өзгенің пікірін сыйлау
- Күлімсіреу
- Кешікпеу
Түрі: Тренинг
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, шар, плакат, боя қаламдар,
Қатысушылар: Мұғалімдер
Барысы:
Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін - өзі сыйлағаны. Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады.
Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.
Қастерлеп мәпелесең, аяласаң,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең – дей келе бүгінгі
« Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі» атты тренингке қош келдіңіздер!
І. «Стол резюмесі»танысу тренингі
Әр топ өздерінің жақсы ерекшеліктерін және жетістіктерін айтып таныстырады. т. б.

ІІ. «Мюнстерберг» әдістемесі
Мақсаты: Әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
Нұсқау: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек. Жұмыс уақыты - 2 минут
Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады.
АашпгоппартаивнртереЗевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершвврткрпденсаулықгушблматабиғатждыгутсчв
Рахмет. Сіздер жылдамдықтарыңызды көрсете білдіңіздер және сөздерді
таба білдіңіздер
Талқылау: Ең көп сөз құраған кімдер?

ІІІ. «Мен ғажайыппын» ойыны
Мақсаты: Мәдениетті адамды ерекшелендіретін нәрсе. Оның айналасымен еркін және жағымды қарым - қатынас жасай алуы.
Нұсқау: Сіздерге екі қолдың көмегі арқылы іс - қимыл жасалады.
Сол іс - қимылға сөздер айта отырасыздар.
Рахмет сіздерге ситуациядан шыға білдіңіздер.

ІV. Мен – үйде» және «Мен - жұмыста» жаттығуы (10 минут)
Нұсқау: Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез - құлықтарыңыз бен жүріс – тұрыстарыңызды жазыңыздар.
Талқылау:
1. Осы жағдайлардағы мінез - құлықтарыңыз бен жүріс - тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.
2. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?
3. Не себепті екі баған екі түрлі болуы мүмкін?
4. Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек па? Неге?
Басты байлық - денсаулық.
Сақта жолын сен тауып.
V. «Күлкі жемісі» шығармашылық тапсырма.
Нұсқау: Түрлі - түсті шардағы өлең ұйқастарын тауып жалғастыру
Сықылықтап...................
................... күлесің
Түйілді ғой ішегім деп
................... күлесің
Өзің шошып...................
................... көзіңнен
Сенен таза...................
................... кезіңнен
Күлдіре біл,...................
.................. жанның дәуірі
................... кетеді
................... бар уы

VІ. «Табиғат мінезі» жаттығуы.
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік.
Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәймен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.
Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам орындайды.

Талқылау: Сіздерде қандай сезім болды?
Табиғат құбылысы ұнады ма? қай құбылысы ұнады?
Табиғатта кіммен жүр едіңіз?

VІІ. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне......
- Мен шаршадым, оның есесіне.......
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне.....
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне.....
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне.....
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне....
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне....
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне.....
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне......
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне.......
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне......
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне.....
- Мен тым толықпын, оның есесіне.....
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне....
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне....
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне......
Рахмет сіздердің бойларыңыздағы асыл қасиеттердің бар екенін жәнеде өздеріңізді жоғары бағалайтындарыңызды көрсете білдіңіздер. Биіктерден көріне беріңіздер.
VІІ. «Күннің шуағы» тренинг
1. «Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі» дегенді қалай бағалап түсінесіздер?
2. Бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жазу
Қорытынды:
"Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз."
Бернард шоу
Сау дене, азат ақыл, адам көңіл,
Үшеуімен бақытты болады өмір,- дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі екенін ұмытпаңыздар! Әрдайым көңілдеріңіз көтеріңкі болсын!

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, Алтынсарин атындағы
№204 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Сүлейменова Гүлмира
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Педогогтарға арналған психологиялық тренинг

Педогогтарға арналған психологиялық тренинг

Педагогтар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу....
Сабақ барысында сергіту сәттерін пайдаланудың маңызы

Сабақ барысында сергіту сәттерін пайдаланудың маңызы

Мақсаты: мұғалімдер арасында қарым - қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл - күйден арылу, күш - қуат жинау, өзін - өзі тану, құрметтеу, өзін еркін...
Жақсы көңіл-күй жан азығы

Жақсы көңіл-күй жан азығы

Мақсаты: Педагогтардың көңіл - күйлерін көтеруге, өздеріне құрметпен қарауға, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту....

"Тіршілік иесінің бәрі - анасымен бақытты" ата-аналар арасындағы тренинг ...

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ізбасқанова Алтын...
Денсаулық - зор байлық

Денсаулық - зор байлық

Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×