МҰҒАЛІМ
Даналықтың ұстаз боп жалғап ісін,
Еңбек еттің балауса арман үшін.
Сен - ертеңгі бәйтерек болашақтың
Бүгінгі күн тер төккен бағбанысың.
Таныдың да мінезін әр баланың,
Ұштай түстің ұл - қыздың арман - әнін.
Шәкіртіңнің болашақ биігінің
Іргетасын алдымен сен қаладың.
Парыз жүктеп қыз бенен сенімі ұлдың,
Армандарын ақ қанат сен ұғындың.
Мұңайса да, қамықса бала жаны,
Шипагері екен деп сені білдім.
Болмысыңмен осындай дараландың,
Асқақтығын ұқтырып балаға ардың.
Сен өйткені осынау мамандықты
Жүрегіңмен әу баста қалап алдың.
Болса кейде сабақ пен дәптерде мін,
Кейде ақталмай жатса да төккен терің.
Кешіріммен қарадың шәкіртіңе,
Жөн сілтедің, бірақ та жек көрмедің.
Ұстаз деген ұлық ат - сендегі есім,
Балғындардың бәрін де тең көресің.
Балалықпен күн сайын жүздесесің,
Тазалықпен бетпе - бет сен келесің.
Сәулесіне шомылып жүрек нұрдың,
Талай мәрте таңы атты түлек күннің.
Шығарып сап сапарға, сен солардың
Жақсы азамат болғанын тілеп тұрдың.
Соларменен өмір боп жалғанасың,
Сүйетұғын анадай бар баласын.
Саналарға мейірім мен жақсылықтың
Дәнін себер алдымен сен ғанасың.
Берсең әділ беріп ең бағасын да,
Түскен сайын шәкірт боп бала сынға.
Жүректерге тәліммен із қалдырып,
Сен мыңдардың жүресің санасында.
Жүзіңде боп мейірімнің нұры басым,
Бала жанын байыппен ұғынасың.
Ізгілікті өмірдің ортасында
Қарапайым боп жүрген ұлы жансың.
Мектеп - Ана
Кенде етпестен тәрбие, тағылымнан
Талай шәкірт ұшырдың бауырыңнан.
Сол еңбектің арқасы шығар, бәлкім,
Қыздан тәлім байқалса, таным ұлдан.
Бөле - жармай бірін де шетке дара,
Бердің бе екен қашанда көпке баға.
Қай қиырда жүрсе де шәкірттерің,
Сен оларға ортақсың, Мектеп - Ана.
Сендірумен жақсы күн жолығарын,
Ақ тілектер арнадың жолына мың.
Шалғайларға кетсе де түлектерің,
Жадында әлі жүр ме екен қоңырау - үн.
Жүрген жері болса да басқа қала -
Оңтүстік пе, шығыс па, Астана ма.
"Ана пәннен ана ұстаз беріп ед..." деп
Бұл күндері, кім білсін, еске ала ма?
Бірін кейде ескертіп, бірін ұға,
Білім нәрін сыйдырдың ұғымына.
Шаттанды ма, ал кейде өкпелі ме -
Сен солардың куәсің қылығына.
Ізгіліктің қаладың көз ілмеуін,
Болмасын деп шәкірттің көзінде мұң.
Балалықпен оянған бойындағы
Қорғаштадың алғашқы сезімдерін.
Санада ұл жаңғыртып бала кезін,
Сені ұмытпай жүр ме екен қара көзің.
Мейлі, жүзге толса да қартаймайтын
Түлек үшін мейірімді Ана - өзің!
Сені ойлай ма кешегі бала бүгін,
Сыйласа да өмір жол бағалы күн.
Өйткені олар өзіңе сонау шақта
Кеткен еді қалдырып балалығын.
Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Мұғалімдерге арналған өлеңдер
- ramuk_b
- 26 қыркүйек 2014
- 49359
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ұстаздар күніне арналған өлеңдер
Ұқсас жаңалықтар:
Алғашқы ұстазға
Білімнің жинай білсек бүгін нәрін, Ұстаздың еңбегі деп ұғынғаным. Алғашқы ұстаз, бір сіздің арқаңызда, Бұл күнде шарлай алсақ білім бағын....1 наурыз алғыс айту күніне арналған өлең, тақпақтар
Күндіз-түні еркелеткен күнім деп, Əрқашанда мейірім төккен күлімдеп. Ақ жаулығы желбіреген апатай, 1000 алғысын айтады күнің кеп! Немере ыстық екен...Ұстаздар күні құтты болсын!
Мұғалімдер, тәлім, таным сөздері, Сол арқылы келешекті көздеді. Мамандығы мәртебелі болса да, Кішіктікпен өмір сүрген өздері. Мұғалімдер -...Ұстаз туралы өлеңдер
Мұз жамылып жатпасын деп қыста мен — жылы жел боп маңдайымнан сүйіп ең. Бір ғажайып құзар - шыңды нұсқап ең, Өзіміздің Алатаудай биік ол... Сен бір...Ару-сезім қарсы алар гүл көктемін!
Ару-сезім қарсы алар гүл көктемін Бақыт пен арманнан қол үзбеген қыз, Сұлулықтың шырайын жүзге кіргіз. Тағы да көктеміңді қарсы алдың ба, Өмірден...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.