Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру үрдісінің өзіндік ұлттық үлгісі орнығып, жаңа мазмұндағы оқыту жүйесі қалыптасуда. Дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсаты көзделіп, әрбір ғылым саласында нақты өзгерістер енгізілуде. Мұндай түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесінің даму бағыттарын нақтылап, оны тың арнаға, жаңа сапаға қарай дамыту қажеттілігін міндеттейді. Ұстаздар үшін тың міндеттер: оқыту әдістемелерін саралап, ғылым табыстарын сын көзбен бағалау; оқушыларды болашақта жан - жақты дамыған, рухани жетілген жеке тұлға ретінде қалыптастыру және өз іс - әрекетін, кәсіби шеберлігін жаңаша қалыптастырып, жаңаша ұйымдастыруды жолға қою.
Еліміздің дамыған елдермен қатар тұра алатын терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, олармен білімі мен ғылымы, мәдениеті мен технологиясы теңесуі үшін маңызды істер атқару – ел мүддесі алдындағы парыз. Сондықтан білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту бүгінгі күні білім беретін әдіскерлердің жаңа бағытта еңбектенуі мен іскерлігін талап етеді. Әсіресе, қазақ тілін оқыту барысында шығармашылық іс - әрекет пен пәрменді ойлауды дамытып, саналы деңгейге көтеру – күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін - өзі тануы, өзін - өзі тәрбиелеуі, ақыл - ойын дамытуы, яғни жан - жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс - әрекетке жетелей. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да білім беру жүйесінің негізгі міндеті – баланың даралығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интеллекттісін байыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігін ерекшелеген еді. Осы орайда мектеп қабырғасынан басталатын жеке тұлға қалыптастыру бәсекеге қабілетті болудың қайнар көзі. «Тұлға» – адамның келешек өмірінің қалыптасу жобасының келбеті.
Адам тәрбие негізінде жетіліп қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны педагогикалық – психологиялық тұрғыдан келгенде «қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек» деген мәселе күн тәртібінен түспейтіні ақиқат. Адам өмірінде тәрбие мәңгілік категория болса, оны ұйымдастыру, жүзеге асыру еш уақытта ескерілмейтін, қайта күн озған сайын жаңарып, әрбір кезеңнің өз талабына сай жетіліп отыратын үздіксіз үрдіс деп түсінеміз. Демек, бұл үрдісте жеке тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктеріне жете көңіл бөлу қажет екендігін ғалымдар дәлелдеп отыр. Ал қазіргі мектеп тәжірибесінде оқушыны тапсырманы айнытпай орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Ол оқушының өз бетімен ойлауына, өзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал етіп, білім алуға деген қызығушылығын төмендетеді.
Атырау қаласы
Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектеп
Досмагамбетова Жаңылсын Қабдоллақызы
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.