Сайтқа кіру Тіркелу

Ақбілек романы-ұлт тағдыры

«Ақбілек романы - ұлт тағдыры»
Мақсаты: Оқушыларды өзіндік ізденіске бағыттау барысында жазушы туралы білімдерін арттыру, шығармаларымен таныстырып, оқушыларды өз пікірін ортаға сала білуге үйрету, сөйлеу тілдерін дамыту, көркем әдебиетке құштарлығын арттыру, жазушы шығармаларын талдау арқылы адамгершілікке, достыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайттар, көрініс, қосымша материалдар.
Әдістер: пікірталас, ролдік ойын.
Барысы: Ұйымдастыру
түрі: пікірталас.
Іс - шараның жоспары:
1. Баяндама
2. Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы тұсаукесер.
3. «Ақбілек» романы - ұлт тағдыры»
атты оқушылар арасындағы пікірталас.
4. Қорытынды
Тоғжан: Қайырлы күн, құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден!
Сәлеметсіздер ме? Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі Жүсіпбек Аймауытов 125 жылдығына байланысты ««Ақбілек» романыны бойынша «Ақбілек» романы - ұлт тағдыры» атты пікірталас іс - шарасына қош келдіңіздер!
Баяндама: «Оқушыларды көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру» мектебіміздің кітапханашысы Жукенова Салтанат Рахимбековнаға беріледі.
Лаура: Бүгінгі «Ақбілек» романы - ұлт тағдыры» атты пікірталас іс - шарамызда кіріспе сөзді мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Абишева Сауле Ибрагимовнаға береміз.
Құрметті қонақтар және оқушылар, Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы – ұлт мәдениетінің бас кітабы, қазақ әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі. Бұл іс – шараның мақсаты - оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, Жүсіпбек Аймауытов туралы білімдерін толықтыру және «Ақбілек» романы туралы пікірлерін анықтау. Барлығыңыз осы романды оқып шықтыңыздар, осы шығарма туралы ой - пікірлеріңізді ортаға саласыздар деп сенемін. Сонымен сөз кезегі өздеріңізде.
Тоғжан:. Жүсіпбек Аймауытов (1889 — 1931)- қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.
Ерасыл: Жүсіпбек жастайынан араб¬ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша - қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп - қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
Қымбат: 1911 — 1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.
1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.
Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.
Аяулым: Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.
Мадияр: Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.
Ақбота: 1929 ж. басталған кеңестік қуғын - сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған.
Тоғжан: «Ақбілек»- қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы реалистік проза. Үлгісі ретінде жазылған реалистік роман. Қазақ әдебиет тілінде реалистік роман ұстанымдарын алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі – Жүсіпбек.
Лаура: «Ақбілек» романы Аймауытов
шығармашылығының шыққан биігі деуге болады. Жазылғанына 60 жылдан асқан осы роман бүгін ғана жазылып, әлі сиясы да кеуіп үлгермегендей әсер қалдыратындығына қайран қаласың Сыңғырлаған күмістей тап - таза шебер тіл бірден үйіріп әкетіп, еріксіз тәнті етеді. Ол стиль, композиция тәрізді көркемдік құралдарға ерекше көңіл бөлді. Еуропа, орыс әдебиетіндегі бейне жасау, мінездемелерді даралау дәстүрлерін еркін пайдаланады. Жазушының бар таланты биік қырынан көрінеді.
Лаура: «Ақбілек» романның желісі бойынша оқушылардың дайындаған көрінісін тамашалайық.
Автор: Ақбілектің ауылы жайлауға көшіп келеді. Киіз үй құрылып жатыр. Ақбілек құрбысымен таза ауа жұтып жүр.
Ақбілек: Көзім тартып тұрғаны несі?
Құрбысы: Жай тартып тұрғаны да... Қуанарсың қай көзің?
Ақбілек: Қуанар ем... Сол көзім...
Автор: Күн батып келеді. Киіз үйде Мамырбай отбасысымен шай ішіп отыр. Кенеттен төрт салт атты шыға келеді.(орыстар)
Орыс: Ах Сволыш!!! Тап атты!!!
(Қолына бір - екі көрпе, қамшыны алады)
Адам1: Төре... Тақсыр!!! Аясаңшы бейуаз едік қой...
Автор: Шай ішіп отырған Мамырбайға бір малай жүгіріп келеді.
Адам2: Келіп қалды!
Мамырбай: Кім - кім??
Адам2: Көкпеңкөк...
Мамырбай: О кім?!
Адам2: Өңшең орыстар!!!
Мамырбай: Жинал! Ұмтыл! Тығыл! Қаш!
Автор: Бәйбіше жүгіріп Ақбілекті үңгірге тығып қояды
Бәйбіше: Тырп етпей жат!!!
Ақбілек: Апатай қорқам!
Автор: Қайтып келе жатқанда кемпірді орыс көріп қалады.
Орыс: Қайдан келесің?
Бәйбіше: Мына - мына....
Автор: Орыс қамшымен салып жібереді. бәйбіше жерге құлайды.
Орыс: Қызың қайда? Тап қызды!!!
Бәйбіше: Кімнің қызын, жасаған?
Орыс: Сенікі қыз сенікі!!!
Бәйбіше: Қызым жоқ ойбай!!!
Орыс: Қыз бар!!! ТАБАСЫҢ!!!
Бәйбіше: жоқ қателеспе тақсыр!!! Қызым жоқ!!!
Орыс: Өзім табам!
Автор: Айнала қарап қызды таба алмаған соң кемпірді қамшымен 25 рет сабайды.
Орыс: кешке дейін күтеміз! Қыз келер, не болмаса мына кемпір қызына барар.
Кеш батты Ақбілек үңгірде ақырын жылап отыр. Біркезде бір адамның қадамдары естілді.
Ақбілек: Ағатай - ай!
Адам: Ақбілекпісің?(сыбырлап)
Ақбілек: Мен едім құтқар ағатай!
Адам: Құтқарам. Бұқ! жата тұр.
Автор: Адам орыстарға барып Ақбілектің қайда тығылып жатқанын айтып қояды орыстар келіп қызды үңгірден суырып алады.
Орыс: Ах вот қайдасын!
Ақбілек: Апатааай!!!
Автор: Орыстар Ақбілекті көтеріп алады.
Сол кезде апасы жүгіріп келеді. Екі орысты қатты итеріп жібереді де Ақбілекті құшақтап алады. Ақбілек қорқып жылап тұрады.
Бәйбіше: Қаш! Қызым қаш.
Орыс: Никуда не уйдешь! Қыз біздікі
Автор: Кемпір тағы да орыстармен арпалысады. Бір орыс Ақбілекті ұстап тұрады. Екіншісі мылтықпен көздеп тұрып кемпірді атып тастайды. Ақбілек талып қалады. Оны орыстар көтеріп алып кетеді.
Лаура: Міне осы көрніс бізге қазақ қызы Ақбілектің өміріндегі қиын кезеңдерінің басталғаны еді. Жазушы осы романның арқасында қазақ қыздарының қоғаммен байланысты тағдырын көрсеткісі келді.
Тоғжан: Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» кітабын сынып болып оқып
шықтық. Осыдан түйген ой - пікірілерімен оқушылар бөліседі.
Лаура: Оқырмандардың ой - пікірлеріне кезек береміз...
Сауле Ибрагимовна: Ал оқушылар сіздердің кітапханаға келіп «Ақбілек» романын қызыға оқығандарыңыз мені қуантады. Дегенімен де, романның желісі бойынша сұрақ жауаптар арқылы пікір алмасамыз.
1. Романдағы оқиға қай кезеңде бейнеленген?
2. Ақбілектің көзінің тартуы нені аңғартады?
3. Шұбап келе жатқан 4 атты кімдер болып шықты?
4. Келген салт аттылар бірден Мамырбайдың үйіне келуінен нені аңғардыңдар?
5. Ақбілек тығылып жатып қандай сезімде болды?
6. Ананың балаға деген махаббаты қандай оқиғамен байланысты көрінді?
7. Ақбілектің шұңқырда екенін кім білді?
8. Қара мұрт қандай адам?
9. Бекболаттың сүйген қызынан бас тартуы туралы не ойлайсың?
10. Әкесінің қызын үйінен қуып жібергені дұрыс па?
11. Жеңгесі қандай адам (жеңгесінің жасаған жақсылығы)
12. Болған оқиғаға Ақбілек кінәлі ме? Ақбілек қандай қыз?
13. Роман сізге ұнады ма? Романның қай жері ұнады?
14. Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Ақбілек романы – ұлт тағдыры» неліктен Ақбілек романы – ұлт тағдырына балайды?
№1 гимназия мектебінің кітапханашысы Ақбілек романы қазақ қыздарының тағдыры сол кездегі қоғаммен байланысты болғанын айтып өтті.
15 орта мектебінің кітапханашысы Ақбілек романындағы Мамырбайдың Ақбілекті үйінен қуып жіберуі туралы түсіндіріп айтып өтті
Лаура: Жүсіпбек Аймауытов бұл шығармасында кейіпкерлердің азаматтық табиғи болмысын, адамгершілік позициясын, рухани тазалығын шынайы характерін психологиялық тұрғыда жақсы ашқан. Әрі типтік бейнелерді шынайы қалыпта, бояуын қанықтыра жақсы сомдаған.
Тоғжан: Шығармадан мейрім есіп тұрады, қысқасын айтқанда, шығарманың тілі жатық, жеңіл, жүрдек оқылады. Ойға салмақ салмайды. Шығарманың жүгі қанша ауыр болса да, оқуға жеңіл етіп жазылған.
Лаура: Жалпы, Жүсіпбек Аймауытов – кейіпкер табиғатынан тазалық іздеген жазушы. Оның шығармаларының өн бойындағы нәзік лиризм тазалықты аңсаудан туған жылы ағыстай көрінеді. Біз бүгінгі талқылауымызда сол жылы ағыстың тінін таба алдық па, таба алмадық па, оны білмеймін. Бірақ «Ақбілекке» деген аңсар көңілдің бар екенін жеткізіп айта алдық қой деп ойлаймын.
Тоғжан: «Ақбілек романы – ұлт тағдыры» атты пікірталасымыз өз мәресіне жетті.
Лаура: Оқырмандар өз ойларымен бөлісті. Шығармадан алған әсерлерін жақсы жеткізген үшін көп рахмет айтамыз.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.
Лаура, Тоғжан: Қош сау болыңыздар!
Ұсыныс: Мектеп оқушыларына көркем әдебиетті көбірек насихаттау, оларды кітап оқуға тарту, түрлі іс - шаралар өткізу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ғабиден Мұстафин. «Қарағанды» романы

Ғабиден Мұстафин. «Қарағанды» романы

Мақсаты: Ғабиден Мұстафин шығармашылығы туралы түсініктерін кеңейту...
С. Сейфуллиннің «Далада», «Келіншектің бесік жыры», «Орман», «Сағындым» (Қа ...

С. Сейфуллиннің «Далада», «Келіншектің бесік жыры», «Орман», «Сағындым» (Қа ...

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығымен, өлеңдерімен таныстыру, тақырыптық, идеялық мазмұнын ашу. Көркемдік...
Тіршілік туралы ұлағатты сөздер

Тіршілік туралы ұлағатты сөздер

Тіршілікте адам баласы нелер күйге түспек: бейнет шекпек, рахат таппақ, өкінбек, үміт етпек, адаспақ, түзелмек, талай ажалға басын да байламақ, талай...
Ғ.Мүсірепов

Ғ.Мүсірепов "Ұлпан" романы

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығы мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі...
Жүсіпбек Аймауытов

Жүсіпбек Аймауытов

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931жж.) Сегіз қырлы бір сырлы дарын. Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы бір сырлы дарын, романшы, драматург, ақын, аудармашы,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×