Қазақстан Республикасы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену жолында. ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Оқушылардың білім сапасын көтеру – қазіргі өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан да осы салада батыл қадамдар жасалып, өзгерістер енгізілуде. Осындай игі істердің бірі - Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) зерделеу.
Бұл бағдарламада оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, оқуға қабілетін жақсартады. Білім беру негізін түсіну, ойлануға жүйелі білім беру, өзінің шығармашылық жұмысын жетілдіріп отыру, кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы, ақпараттық – коммуникациялық технологияны дұрыс меңгеру қажет. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мен мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мән – мәтінмен өзара байланыста қарастырылады.
Егемен, Тәуелсіз еліміздің болашағы жастардың қолында. Әйтсе де оған дұрыс бағыт бағдар берушінің бірі ата – ана болса, тағы бірі ол – біз, яғни мұғалім. Осы өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім. Мектеп жұмыс пен оқушы жетістіктерін өрістеуіндегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болу үшін әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан - жақты білікті болуды талап етеді.
Бағдарламаның жетекші мақсаты әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтарының негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден – жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпал тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтиды. Аталған бағдарлама идеясы сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған.
1 - модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдері оқу бағдарламасының басты мақсаты деп білемін. Сыныпты топқа бөліп оқыту, ережеге, уақытқа бағыну, постер қорғату. Біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік – сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой – пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.
2 - модуль. Сыни тұрғыдан ойлау модулі. Бұл жаңаша әдіс - тәсіл арқылы оқушының өз ойын суреттеу арқылы ойлау қабілеті, сөйлеу мәдениеті дамиды. «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының басты қағидаларының бірі шәкірттердің әр сабақта ой - өрісін, ойлау қабілетін дамытатындығы.
3 - модуль. Оқыту үшін және оқытуды бағалау. Бұл әр сабақтың соңындағы оқушылардың білімдерін тиянақтау жиынтығы.
4 - модуль. Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5 - модуль. Талантты және дарынды балаларды анықтау. Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды.
6 - модуль. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
7 - модуль. Оқытуды басқару және көшбасшылық. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім.
Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашанда өмірде өз жолын таба алады.
Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден – бір тиімді бағдарлама деп есептеймін. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.
Зерттеу нәтижесінде Бағдарламаның оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерінің тиімділігі:
1. Бір - бірінің пікірін тыңдайды, ынтымақты қарым - қатынастың негізі қаланады.
2. Өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға, бір - біріне құрметпен қарауға ұмтылады.
3. Өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға, бірін - бірі бағалауға, мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастырады.
4. Достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектеседі.
5. Белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады.
Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Осы жаңа әдіс - тәсілдерді пайдалану арқылы оқушыларды шынайылыққа, өзіне деген сенімділікке тәрбиелейміз. Біздің болашақ – жастарымыз, сондықтан олардың жақсы оқып білім алуына бар күш - жігерімізді жұмсауымыз керек. Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды.
Назарбаев зияткерлік мектебінің білім сатысы оқуы
- Айнурай
- 24 қазан 2013
- 14475
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Назарбаев зияткерлік мектебінің білім сатысы оқуы
Ұқсас жаңалықтар:
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер...Орта мерзімді жоспарлау туралы жазба
Шепенова Лаззат №30 орта мектеп...Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі жас ұрпақ. Бүгінгі таңда егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке...Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгені туралы
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгені туралы Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу - білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі...Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
Астана қаласы, № 63 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Асемгул Казымбековна Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.