Пәні: Өзін - өзі тану
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Мәдени мұра – халық игілігі
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларға ата – бабамыздан қалған мәдени мұраларымызды сақтап, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы туралы түсінік беру.
2) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, Отанын сүюге, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды, мәдени мұраларымыздың тарихын білуге деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, мәтінмен жұмыс, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, карта, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, география
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау.
Мұғалім сөзі:
2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулығы қол қойды. Бағдарламаның орындалу барысында ғылыми ізденістер ауқымды нәтижеге жетіп, еліміздің барлық тұрғындары қатыстырылып, «халықтық» деген атауға ие болды.
Аумағы жағынан әлемдегі алғашқы ондыққа кіретін қазақ жері ежелден - ақ сан түрлі мәдениеттердің тоғысқан орны болды. Мұнда көшпенділік пен отырықшылық өзара араласып жатты. Көшпенді өмір салтын бастан кешкен қазақ халқы ежелден – ақ табиғатпен етене араласып жатты. Табиғат аясындағы таным – тәжірибесі тек қана күнкөріс тіршілігіне негіз болып қоймай, сонымен бірге уақытты мәнді, көңілді өткізудің жолы ретінде де кеңінен пайдаланылған. Солардың бір көрінісі аңшылық – саятшылыққа байланысты. Құсбегілік әсем табиғат аясындағы көңілді, әсерлі қызығы мол демалыс болып табылады. Тарихи деректерге қарағанда құсбегілік өнер бұдан үш мың жыл бұрын пайда болған. Түзден ұстаған құсын үйрететін адамды құсбегі деп атайды. Құсбегі құсты балапан кезінен бастап баулиды.
Мәтінмен жұмыс
Саятшы Ораз
(С. Мұханов)
(3 минут мәтінді оқу)
Р/с сұрақ иә жоқ
1 Ораз құсбегілікпен, саятшылықпен айналысты
2 Өмірін аңшылықпен өткізген Ораз, әзілқой, жайдары адам болды.
3 Ораз қыста аңға көбінесе атпен шығады.
4 Ораздың дос болатын тобы – балалар болды.
5 Ораз сараң еді.
Дәптермен жұмыс
Қазыбек бидің аталы сөзін оқып, қазақ халқының бойындағы жақсы қасиеттерді дәптерге жазу.
1. Намысшыл.
2. Адал.
3. Өсиетті сақтау.
4. Өнерді тарату.
Шығармашылық жұмыс
Интерактивті тақтадан көрсетілген суретті пайдалана отырып, өзінің туған ауылы туралы шағын әңгіме құрастыру.
«Мәдени мұра» сөзжұмбағын шешу.
Қорытынды:
Әр ұлттың өзіне тән салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы бар.
Дәстүр – ұрпақтан – ұрпаққа берілетін әдет - ғұрып, жылпыға бірдей тәртіп, әдеп – инабат көзі. Қазақ халқының дәстүрлері ұрпақ тәрбиесінің басты құралы болып табылады. Қазақ халқының салт - дәстүрлері халықтың мінез - құлқын, қасиеттерін танытады. Қазақ халқының салт – дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным сеніміне өмірге деген көзқарасына байланысты, ұрпақтан – ұрпаққа өзгеріп беріліп отырады.
Үйге тапсырма:
1. Жұмбақтар шешу.
2. «Ауылым алтын бесігім» тақырыбында эссе жазу.
3. Отан, ел, туған жерге байланысты мақал – мәтел жаттау.
Жүректен – жүрекке
Қазақтың дастарханы әнін орындау.
Мәдени мұра – халық игілігі
- Ботакөз1979
- 1 қазан 2013
- 31259
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мәдени мұра, халық игілігі, өзін өзі тану сабағынан сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Бесік - өмірге келген сәбидің ақ отауы
Орындаушы: №21 орта мектебінің 2“А” сынып оқушысы Алшынбай Абылайхан Әділханұлы Ғылыми жетекшісі: № 21 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі...Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі Оқытушы: Солтанбек М. Б....Қазақ халқының ұлттық киімдері.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №14 ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Нугманова Алмагуль Нуртазиевна...Ауылдағы тәрбие көзі.
Сабақтың тақырыбы: Ауылдағы тәрбие көзі...Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
Астана қаласы №63 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Серикбаева Индира Аманкелдиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.