Сайтқа кіру Тіркелу

Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу

Білімділік мақсаты: балаларға өз - өздерін танытуға, сезімі - мен қабілетін түсінуге көмектесу, оларды дамытып, жетілдіруге мүмкіндік жасау, өз - өздерін бақылау арқылы өздерін танытатын адамдарға баулу.
Тәрбиелік мақсаты: айналадағы ортамен үйлесімді қарым - қатынас жасауға дағдыландыру,, өзара жағымды қарым - қатынас жасауға дағдыландыру, өзара жағымды қарым - қатынас арттыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, жағымды сезім қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: оқушыларды түрлі зерттеу жасау арқылы шешім қабылдай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: психодиагностикалық сабақ.
Керекті құралдар: қағаз, қалам, жауап парағы, қағаздан қиылған гүлдер, көбелектер.

Сабақ барысы: «көңіл - күй суреті» атты жаттығу.
I. Адамның қарым - қатынасы оның көңіл - күйінен білінеді, көңіл - күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы. Олай болса, көңіл - күйімізді біліп алайық: тақтадағы гүлге назар аударсақ. Сендер әрбір үйдің өсіп келе жатқан гүлісіңдер. Енді осы гүлге көбелек қондыруымыз керек. Мына қағаздан қиылған көбелекке өз көңіл - күйімізді жазып тақтаға гүлге қондырамыз...

Әуен. Гүлдің бетіндегі көңіл - күйлерің өте жақсы екен. Мен сабырлы жылылықты, көңілдеріңнің күндей екенін тұрмын. Көңілді адамдардың бет - әлпеті сұлуланып, нұрлана түседі. Көңіл - күй адамға қанат бітіреді. Көбелекті бейнелеген себебіміз, өз бойларыңыздағы көңіл - күйді достарыңызға сыйлағандық тарыңыз. Достарыңыздың жүзінде күннің шуағы төгіліп тұрғандай, бөлмемізге жарық беріп, жүрегімізді жылытқандай. Осы жақсы көңіл - күймен ары қарай сабағымызды жалғастырайық.
II «Болады, болмайды» жаттығуы.
Барысы: Психолог: сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда аяқпен топылдатады. Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді.- алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр - аяқтарын топылдатады. Кострюлде кесе қайнап жатыр. Мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр. Ит аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін салп отыр.
III Өзін - өзі бағалау ( психодиагностика) Мен қандаймын?
Енді балалар, психология өзін тануға, бағалауға қоғамдағы өзге адамдармен тіс табыса келе, тіршілік етуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда көп білу, өзіңді жақ сезініп жүруің үшін өзіңді тыңдап үйренуің керек.....
Өзіңді біл, өзіңді дамыт дей отырып, « Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап береміз. Алдарыңыздағы қағаздағы 10 жағымды қасиеттерді оқи отырып, өз - өздеріңізді қалай қабылдап бағалағайсыздар?.

Нәтижесін бағалау: «ия»- 1 ұпай, «жоқ»- 0 ұпай, « білмеймін, кейде»- 0, 5 ұпай
10 - ұпай - өте жоғары, 8 - 9 ұпай жоғары, 4 - 7 ұпай - орташа, 2 - 3 ұпай - төмен, 0 - 1 ұпай - өте төмен.
IV. « Төрт апат» ойыны.
Оқушыларға «жер»- төмен қарай, «от»- дегенде жоғары қарай, «су»- дегенде алға қарай, «ауа»- дегенде жанына қарай созуы керектігі түсіндіріледі. Алдымен рет - ретімен орындап, содан - соң шатастырып айтылады.
V. Таным процестері (психодиагностика).
1. Енді балалар, мына суретке мұқият қарап алыңыздар.
Естеріңізге сақтап алдарыңыздағы параққа жазыңыздар. Көріп есте сақтау. Жазып болдыңыздар ма?
2. Жазып болсаңыздар келесі тапсырмаға көшейік. Мен 12 сөз оқимын, тыңдап естеріңізге сақтағандарыңызды жазыңыздар. Көріп есте сақтау. Жазып болсаңыздар. Естіп есте сақтау 1. Кеме, 2 банан, 3 кітап, 4 сурет, 5 балық, 5 балық, 6 шана, 7 таба, 8 ағаш, 9 қалам, 10 шам, 11 журнал, 12 қағаз.
3. Қиялының дамуын зерттеу. Үш сөз беріп ( аю, қалам, балық), осы сөздерден бір сөйлем құрау керек.

VI. Релаксация.
« Мен бақытты баламын». Баяу сазды әуен үнімен үшке дейін санап, гүл бағына саятқа баруды ұсынамын:
- « Қараңдаршы, гүл бағында гүлдер қандай көп!»
- Әсем, әдемі гүлдер қандай көп?
- Әсем, әдемі гүлдер жайқалып өсіп тұр.
- (п)
Гүлдерге қарап қап күн күлімдейді. Гүлдер күлтелерін ашып күнге күлімдейді.
- Қараңдаршы! Бақтағы сайраған құстың дауысы, сылдырап аққан судың дауысы естіледі. Бетімізге самал жел лебі еседі. Аңқыған гүлдердің хош исісі келіп тұр.
- Балалар өздеріңізге ұнаған гүлдерді атайды және өздерінің көңіл - күйлері жөнінде әңгімелейді.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Түстер әлемі

Түстер әлемі

Мақсаты: Балаларды негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру....
Тренинг. Түстер әлемі

Тренинг. Түстер әлемі

Балаларға негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру. Көру арқылы...
«Мен елімнің ертеңімін» тренингі

«Мен елімнің ертеңімін» тренингі

Мақсаты: логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Білімділік: өскелең ұрпақтың психикасының даму заңдылықтары туралы...
«Дінтану негіздері» пәнінде диалогтік оқыту                                 ...

«Дінтану негіздері» пәнінде диалогтік оқыту ...

Мақсаты: 1. Мұғалімдерге Дінтану пәнінде диалогтік оқыту, әңгіменің түрлері мен сұрақтың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру. 2. Сабақ үрдісіндегі...
Өзін - өзі тану адамгершілікке жетелейді

Өзін - өзі тану адамгершілікке жетелейді

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Бисен ауылы, Бисен Жәникешев атындағы ЖББОМ - нің психологі Тлепова Алия Еркаевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×