Тақырыбы: Әдептен озбайық!
Мақсаты: оқушыларды қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, ізеттілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сылауға, кішіге үлгі бола білуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Түрі: әңгіме
Көрнекілігі: күннің, бұлттардың макеті, суреттер, нақыл сөздер
Барысы:
І. Кіріспе
Бүгінгі сынып сағатымыз «Әдептен озбайық» деген тақырыпта болғандықтан әңгімеміз әдептілік, мәдениеттілік, ізгілік жайында болмақ.
Әдептілік, ар, ұят
Адамдықтың белгісі.
Әдепсіз өскен адамнан,
Тәртіппен өскен тал жақсы,-
дегендей, әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең. Олай дейтініміз, адамның әрбір іс - қимылы, жүріс - тұрысы, сөйлеу мәнері, өзін - өзі ұстай білуі оның әдептілігінен, мәдениеттілігінен хабар беріп тұрады. Енді қазір мен сендердің осы әдептілік жайлы ойларыңды тыңдағым келіп тұр.
1. Әдептілік деген сөздің баламаларын табыңдаршы.
2. Әдепті адам, әдепті бала, әдепті қыз. Оларды қалай тануға болады?
3. Әдептілікті бізге кім үйретеді?
ІІ. «Ой жалғастыру» ойыны.
Бастапқы сөздері жазылған ойды өздерің ойланып аяқтаңдар.
1) Әдепсіз болмаймын десе, не істеуге болмайды?
2) Әдепті бала деген атқа сай болу үшін, не істеу керек?
ІІІ. Тіршілік оянудан басталады. Таңертең оянған әдепті адам қуанады, жақындарымен амандасады.
Әдептілік сәлемнен басталады. Сәлемдесу – ізеттілік қағидасы. Ал ізеттіліктен әдептілік туындайды. Ол адамдардың мейірбандық белгісі.
1. Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер?
Дауыстап сәлем беру, қол алысып амандасу, иіліп сәлем беру, алыстан қол көтеріп амандасу, қас - қабақпен, қимыл, іс - әрекеттермен, ыммен сәлем, ізет көрсету.
2. Амандасу үшін айтылатын сөз: сәлеметсіз бе, ассалаумағалейкум, қайырлы таң, қайырлы күн, кеш жарық.
3. Кім бірінші амандасады? (амандасу тәртібі)
Үлкендермен жастар бірінші болып амандасады.
4. «Сәлем» деп кімдерге айтқан жөн?
Тең қатар құрбыларға, жолдастарға.
5. Қол беріп амандасу кімге тән?
Ер адамдарға, үлкен кісілерге.
6. Алыста кетіп бара жатқан адамдармен қалай амандасу керек?
«Сәлеметсіз бе» деп айқайлаудың қажеті жоқ, ол сені көрсе, басыңды иіп амандас.
Түйін: «Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені» дегендей, халқымыз адамгершіліктің басты қағидасы ретінде амандасу ережелерін қояды. Достығына, жаттығына қарамастан сәлем береді, амандасу – адамдық парыз, борыш деп саналады.
ІҮ. 3 топқа ойталқы беру. Тақырыптар тақтаға жазылған, тақырыбын өздері таңдайды.
1. Қоғамдық көліктегі әдептілік
2. Үстел басындағы әдептілік
3. Кітапханадағы әдептілік
(оқушылар өз ойларын білдіреді, әркім әртүрлі жауап айтады)
- Енді, балалар, осы айтқандардан қорытынды шығарып, ереже жазыңдар.
І. 1) Көлікке итермей кіру керек
2) Жол ақысын төлеу
3) Үлкендерге орын беру
4) Кәрі кісілердің мініп - түсуіне көмектесу
5) Көлік ішінде дауыс көтеріп сөйлеспеу
ІІ. 1) Үстел басында өзіңді дұрыс ұста
2) Қолыңды жуып, сырт киімді шешіп келу
3) Ауызыңды тамаққа толтырып, қасыңдағы адамдармен сөйлеспе
4) Амандасу үшін тағам тұрған үстелдің үстінен қол созу дұрыс емес
5) Пышақты оң қолға, шанышқыны сол қолға ұстау керек.
ІІІ. 1) Кітапханамен дос бол, оған жиі баруды әдетке айналдыр
2) Тыныштық сақтау
3) Алған кітаптарыңды ұқыпты пайдалан
4) Кітап бетін жыртуға, сызуға болмайды
5) Кітапты уақытында өткіз
Ү. Мен қандай болуым керек?
1) Мейірімді – күншіл
2) Кішіпейіл - өркөкірек
3) Еңбекқор – жалқау
4) Кеңпейіл – қызғаншақ
5) Өзгені сыйлай алатын – менмен
6) Сөзінде тұратын – жауапсыз
7) Адал - өтірікші
- Балалар, мынаған қараңдаршы, өте жақсы адам болу үшін өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді дамытып, жаман қасиеттерді жоюымыз керек. Мына жерде тұрған бұлттар жақсы қасиеттерімізді көлеңкелейді, осылардың бірін алып тастайық, яғни тек осының жақсысын ғана қатыстырып қысқаша эссе жазайық.
ҮІ. Тренинг
Оқушылар орындарынан тұрып, бірге шеңбер жасап, қол ұстасып тұрады. 1 - оқушы
2 - ші оқушыға қарап: «Мен сені жақсы көремін» деп күлімсірейді. Ол басын изей күлімсірей сол сөзді қайталайды. Ол оқушы келесі оқушыға дәл сол сөзді қайталайды.
Мұғалім: Не ұқтыңдар?
Түйін: Көрдіңдер ме? Өз ниетің түзу болса, біреуге жақсылық жасасаң, жылы сөз айтсаң, өзіңе қайтып келеді екен. Әрқашан бір - бірімізге жылы сөз айтып, өзімізде соны естіп жүре берейік.
Қорытынды:
Ақыл, сана, біліммен,
Өнеріме сенемін.
Арым таза, ақ көңіл,
Адалдыққа сенемін.
Абыройлы ақ ниет
Адамдыққа сенемін! –
дей келе, адам әрқашан да бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен де әдемі. Сендердің де әдепті оқушы болып өсетіндеріңе сенемін.
Үйге «Әдепті бала – көпке үлгі» тақырыбында шығарма жазу тапсырылады.
Қызылорда қаласы, №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта
мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Гүлдана
Әдептен озбайық!
- Гү
- 4 қазан 2019
- 37757
- 0
- 100
Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, әдептен озбайық
Ұқсас жаңалықтар:
Әдеп туралы мақал-мәтелдер
Әдепсіз бала Ауыздықсыз атпен тең Ақылды кәрия Жазып қойған хатпен тең....Әдептен озбайық!
Мақсаты: оқушыларды қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, ізеттілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сылауға, кішіге үлгі бола білуге, жаман әдеттерден...Әдептілік - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Жақсыбаева Шолпан...Адам әдептілігімен әдемі
Сабақтың мақсаты: Әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуі, ізеттілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге...Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
Тақырыбы: Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.