1. жүргізуші:
Ауылдың құшағы,
Маған ыстық мәңгілік.
Ауылға кел ауылға,
Ауыл таңын ән қылып.
2. жүргізуші:
Ауылдың шаттығы,
Біздің мерей ойлайық.
Ауылға кел ауылға,
Ауыл тойын тойлайық.
1. жүргізуші:
Ауылдың суындай,
Жаным менің мөп - мөлдір.
Ауылға кел ауылға,
Құшақ жайған көктем гүл.
Ассалаумағалейкум!!! Құрметті де, қадірменді өнер сүйер қауым, бүгінгі дүлдүлдер сайысын тамашалауға қош келдіңіздер!!!
2. жүргізуші:
Сапар шексем алысқа,
Сен жанымнан қалмайсың,
Қиындықта қалыспай,
Қиялымды жалғайсың.
Мол бақыттың жайын да,
Сырласумен айта алдық,
Қарағай мен қайыңдай,
Қатар тұрып жайқалдық.
1. жүргізуші:
Күндіз күлген күнімсің,
Түнде туған айымсың,
Жайнап тұрған гүлімсің,
Ойға шомған қайыңсың.
Домбыраға тағылған,
Егіз шектей жұптастық,
Үміт алда шақырған,
Келешекке нық бастық.
Абай атамыз айтқандай «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй»
дегендей осы дүлдүлдер сайысын бастамас бұрын, бүгінгі екінші тур, дүлдүлдер сайысының әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
2. жүргізуші:
1. Мектептің оқу - ісі меңгерушісі: Акимова Сәуле Қуанышқызы
1. жүргізуші:
2. Кәсіподақ ұйымының төрайымы: Хызай Гүлдариға муғалім
2. жүргізуші:
3. Құқық кенесінің жетекшісі: Сыздықов Маралбек мұғалім
1. жүргізуші:
4. Кіші қамту қызметкері: Баян апай.
Құрметті әділ – қазылар бағалау критерилерімен таныстырып өтсем:
- сахналық киім;
- сахналық қойылым;
- орындалған ән қалай айтылды,
Алдарыңызда бағалау парақтары таратылды, бағалау ең жоғарғы ұпай 5 ұпай, ең төменгі ұпай 3 ұпай. Әр жұп әнін орындап біткеннен кейін сөз кезегі сіздерде. Ал ұпай санын сайыс соңында айтасыздар. Бәрі түсінікті секілді. Бүгінгі 2 - тур тақырыбы «Қазіргі замандағы қазақ эстрада әндері». Бүгін үлкен сайыс, үлкен концерт болады деп сеніп отырмын! Ендеше шапалақпен 2 - ші кезеңді бастайық. Киелі сахнаға бірінші болып
2. жүргізуші:
1 - жұп 5 - сынып жетекшісі: Отарбаева Әсел Мергенбайқызын және
5 - сынып оқушысы: Мақсым Ақмарал Саянқызын «Өмір, өмір» атты әнімен ортаға шақырамыз. Өлеңнің сөзі: Қалқаман Сариндікі; әні:
1. жүргізуші:
Көңілі көлдей шалқыған,
Қазақтай ел қайда.
Даласы жусан аңқыған,
Өзіңдей жер қайда. 2 - жұп «Қазақтай ел қайда» әнін таңдаған екен
әні: Арман Бексұлтандікі,
сөзі: Қалқаман Сариндікі.
7 - сынып жетекшісінің міндетін уақытша атқарушы мектеп психологы Сланбеков Ардақ Қобландыұлы және 7 - сынып оқушысы Камкат Аружан Тайтөлеуқызы. Қарсы алыңыздар!!
2. жүргізуші: 3 - жұп: 8 - сынып жетекшісі:
8 - сынып оқушысы: Дүйсенхан Аймер
1. жүргізуші:
Аңсаған бақытым сияқтанып,
Ай туып келеді қияқтанып
Жол жаққа қараймын,
Сен жоқсын арайлым.
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен
сөзі: Мұхтар Шахановтікі
әні: Шәмші Қалдаяқовтікі «Кешікпей келем деп ең»
орындайтын 4 - жұп 10 - сынып оқушылары Ыдырыс Мерхат Саяхатұлы
Қоқымова Гүлмира Манарбекқызы
Осымен қатысып отырған 4 жұбымыз таңдаған әндерін орындап шықты, келесі кезек әділ - қазыларда.
Айтқан сын - пікірлеріңізге көп рахмет. Ұпай сандарын көрсетіп өтсеңіздер. Құрметті көрермен қауым, ендігі дауыс беру құқығы өздеріңізде. Мына жәшікке өздеріңізге таратылған қағаздарға өздеріңіз қалаған жұпқа дауыс беріңіздер. Дауыс беру аяқталды. Құрметті әділ - қазылар, көрермен берген дауысты санап беріп, қай жұп үшінші кезеңге жолдама алғанын айтып өтсеңіздер. Сонымен үшінші ақтық мәреге мына жұптар жолдама алды:
Ал мына жұппен бүгін қоштасамыз. Қатысқандарыңызға көптен - көп рахмет. Мұңаймаңыздар, алда тағы да жеңіске жетерсіздер. Келесі ақырғы үшінші кезеңге өткен жұптарды құттықтаймыз. Ақырғы үшінші кезең тақырыбы «Шетел әндері». Нағыз дода сол кезеңде болады. Сәттілік тілейміз. Құрметті қатысушылар «Екі жұлдыз» гимнің бәріміз бірге шырқайық.
Әділқазы _______________________________қолы_____________
- сахналық киім;
- сахналық қойылым;
- орындалған ән қалай айтылды
Көрермен дауысы: %
(қай жұп қанша пайыз дауыс жинады)
1. %
2. %
3. %
4. %
Әділқазы ________________________________қолы____________
- сахналық киім;
- сахналық қойылым;
- орындалған ән қалай айтылды
Көрермен дауысы:%
(қай жұп қанша пайыз дауыс жинады )
1. %
2. %
3. %
4. %
Аты - жөніңіз_______________________________________
Қай жұпқа дауыс бересіз: ____________________________
Аты - жөніңіз_________________________________________
Қай жұпқа дауыс бересіз: ____________________________
Аты - жөніңіз_________________________________________
Қай жұпқа дауыс бересіз: ____________________________
«Екі жұлдыз» дүлдүлдер сайысы
- Ареке
- 5 сәуір 2013
- 16514
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Екі жұлдыз, дүлдүлдер сайысы
Ұқсас жаңалықтар:
Толағай отбасылық сайысы әзірлемесі
Армысыздар, ағайын, ата - аналар! Бармысыздар, жанкүйер, әз қауымдар! Бүгінгі күн әуенін бастайық Сайыста көңілменен қол соғайық!...Айгөлек би байқауы
«АЙГӨЛЕК» ән би байқауы Байқаудың мақсаты бастауыш сынып оқушылар арасынан ән - би өнеріне қабілетті оқушыларды анықтау...Екі жұлдыз ән байқауы
«Екі жұлдыз» ән байқауы. Фанфары ойналады (Екі жұлдыз музыкасы ойналып, жүргізушілер ортаға шығады)...Балдәурен
ШҚО, Семей қаласы, Приречное ЖОББМ, бастауыш сынып мұғалімі Шакенова Қарлығаш Қабыкеновна...Саз әлемі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектептің аға тәлімгері Жаппасбаева Гаухар Нурмухамедовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.