Сайтқа кіру Тіркелу

Ғылыми іргесіз инновациялар болмайды

Өткен ғасырдың 90 - жылдарында финн елінің басты экономикалық әріптесі – Кеңестер Одағы тарағанда, Финляндия экономикасы ауыр кезеңді бастан кешіріп, тоқырауға ұшырады. Сол уақыттарда финн үкіметі экономиканы дамытудың индустриалды - инновациялық түрін таңдады. Және бұл тәсіл оң нәтиже де берді. Айналдырған он шақты жылдың ішінде Финляндия әлемде экономикасы дамыған 10 елдің қатарына қосылғандығы осы сөзіміздің айғағы. Бүгінде халқының орташа табысы жағынан әлем бойынша алдыңғы орында, инновация мен жаңа технологияларды игеру мен қолдану жөнінен Еуропаның үздік мемлекеті боп тұр десем, артық айтқандық емес. Осылайша түтіні түзу ұшып отырған финн еліне барған Елбасымыз

Нұрсұлтан Әбішұлы сапардан келісімен Үкімет басшысына ел экономикасын инновациялық бағытқа бұру туралы тапсырма берді. Бұл қадам қуат көзін көп жұмсайтын, шикізаттық экономикамызды қазіргі дағдарыстан аман алып шығуға сеп болатын сыңайлы. Индустриалды - инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз. Инновациялық дамуымыздың қозғаушы күші ретінде елімізде құрылған технопарктер таңдап алынды. Бүгінде аймақтық технопарктерге, ең алдымен, Қазақстанның бар өңірін инновациялық-индустриалды жағынан бірдей дамытуы үшін озық деген әдістер жүзеге асырылуда.

“Жастық шақ – бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс…”, – деген екен ұлы ойшыл Бернард Шоу. Сондықтанда біздің реформалардың алдыңғы шебінде жастар болуы тиіс. Сенім артып отырған осы жастардың күш-жігері мен бастамашылдығы, олардың болашаққа ұмтылысы – көп ретте біздің бастамалар табыстылығының кепіліне айналады.
Жас ұрпақ жаңа идеяларды ашық, жаһандық тұрғыда пайымдап, болашақтың категорияларымен ойлайды. Пайымдай келгенде, болашақта елді дамытудың басты жолы интеллектуалдық ұлт қалыптастыру екендігіне сенімдіміз. Интеллектуалдық ұлтты қалыптастыруда үш базалық аспекті бойынша нақты әрі жүйелі түрде алға жылжу бар.

Білім, ғылым және инновация салаларын дамытудың жаңа жолдары әзірленді. Олардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау механизмі жасалып, заң жүзінде бекітілді.
Бұл адам капиталын дамытуға жағдай жасайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік береді.
Бүгінде Қазақстан адами капиталды дамытудың жаңа жүйесіне көшті.
Бұл ұзақ процесс. Қазір оның базалық негіздері қалыптасты, бұл істі ары қарай дамытуға барлық жағдай бар. Мемлекет басшысы елдің барлық ресурсын (білім, ғылым, бизнес) жұмылдырып, Қазақстанның серпінді дамуына жол ашып отыр.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекетімізді қалыптастырып, маңызды экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды өмірге әкелді. Қазақстан Болон процесіне ресми түрде қосылды. Бұл халықаралық интеграцияның мүлдем жаңа кезеңіне жол ашты.
Ең бастысы – Білім берудің мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада білім беру сапасын арттыруға үлкен міндеттер жүктелген. Сонымен қатар, үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың басым бағыттары бойынша алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік өнеркәсіп кәсіпорындарымен жоғары оқу орындарын жан-жақты біріктіру мақсатында жыл сайын шетелде 100 адамға дейін профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру ұйымдастырылатындығы атап көрсетілген.
2015 жылға қарай бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
Техникалық және кәсіптік білім құрылымы мен мазмұнын экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарын ескере отырып жаңарту;

Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту;
Техникалық және кәсіптік білім беруде оқыту беделін арттыру;
Өмір бойы білім алу, баршаға арналған білім үшін жағдай жасау керек.
Елбасының биылғы Жолдауында халықты жұмыспен қамтуда мамандарды даярлау мен қайта даярлықтан өткізуде кәсіптік білімді тегін алуға, өмір бойы сапалы білім алуға жағдай жасау және барлық мүмкіндікті туғызу, шетелдік жүмысшыларды қазақстандық мамандардың күшімен алмастыру - Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының ең негізгі бағыты болатындығы атап көрсетілген.

Дегенмен, экономикамыз қарқынды дами бастағалы елімізде білікті маманға деген сұраныс күн санап артып келеді. Өйткені, мемлекет экономикасының базалық салалары тау-кен және мұнай-газ өнеркәсібі, өңдеуші өнеркәсіп саналатын машина жасау, құрылыс материалдары өндірісі, сондай-ақ, қызмет көрсету секторындағы туризм, әлеуметтік қамсыздандыру, қызмет көрсету бағыттарында кадр тапшылығы айқын сезілуде. Дүниежүзілік банк өткізген «Қазақстандағы кәсібилік, жұмыс күшіне деген сұраныс» атты зерттеуге сүйенсек, жұмыс берушілердің 63 пайызы жұмысшылардың білім мен біліктілігі жеткіліксіз болғандықтан бизнестің дамуына кедергі болып отыр деп санайды. Сондықтан шет елден жақсы мамандар іздеу үрдіске айналды. Бұл ащы да болса, шындық. Әрине, әлемдік сапада өнім өндіреміз деп жаңа технологияларды сатып алғанымызбен оны меңгеретін мамандардың жоқтығы толғақты мәселеге айналып отыр. Осы тұрғыдан келгенде теориялық білім мен практикалық шеберлікке бірдей шыңдалған жастар қоғамға ауадай қажет-ақ.

Қазір бүкіл әлем елдері кәсіптік - техникалық білімнің қажеттілігін бірінші орынға қоя бастады. Өйткені, бүгінгі дәуір технологияның дамуын қажет етіп отырғандықтан жұмысшы кадрлар тапшылығы сезіле түсуде. Әсіресе, құрылыс, ауыл шаруашылығы, машина және жабдықтар технологиясы, қызмет көрсету саласында білікті мамандар кемшін. Сондықтан, кейінгі жылдары шет елдер кәсіптік білім беру мен оқытуды тегін атқарып келеді. Германия, Франция, Финляндия елдеріндегі кәсіптік-техникалық оқу орындары өзге елдерде филиалдарын ашып, кадр дайындау жұмысымен айналысуға көшкенінен хабардармыз. Өйткені, техникалық-кәсіптік білім беру - академиялық білім емес, шеберлігі жетілген іскер мамандарды даярлау. Сондықтан оған жұмсалатын шығын басқа білім беру деңгейлерімен салыстырғанда әлеуметтік және экономикалық тұрғыда ақталады. Сонымен қатар, Қазақстанға индустриямен тығыз байланысты, қуатты білім беру, зерттеу және ғылыми-өндірістік кешендер болып табылатын элиталық университеттер қажет.

Астанада халықаралық деңгейдегі жаңа университет құру туралы шешім осы тәжірибені ескергеннің жемісі. Уақыт өте келе олардың қатары көбеймекші. Елдің осындай деңгейге көтерілуге қабілетті университеттердің әлеуетін зерттеу керек. Біздің университеттердің құрылымында химия, физика, химиялық технология, экономика саласындағы жоғарғы білікті мамандар болуы тиіс. Мамандардың осындай байланысы Массачусетс, Калифорния және Токио институттарының әлемдегі үздік институттарға айналуына мүмкіндік берді.
Технологиялық тұрғыда дамыған елдерде ғылыми талдамалар жүйесінде маманды оқытумен ғана емес, сонымен бірге техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізумен айналысатын ғылыми кешендер болып табылатын университеттер ерекше рөл атқарады. Негізінен ғылымдарды екі санатқа бөлетіндігі белгілі, олар:
• Жаратылыс құбылыстарын (биологиялық өмірді қоса) зерттейтін жаратылыстану ғылымдары ;
• Адамзат өмірі мен қоғамдарын зерттейтін гуманитарлық ғылымдар.

Бұл санаттар эмпирикалық ғылымдар болып табылады, яғни ондағы білім табиғатта көруге және зерттеушілердің әлдебір шарттарда тәжірибе арқылы тексеруге болатын құбылыстарға негізделген. Кәсіби инженерлік – техникалық мамандар даярлауда осы жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың рөлі айрықша. Инженерлік-техникалық мамандарға жалпы білім берудің сапасын одан әрі жақсарту және олардың кәсіби даярлығын жетілдіру ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлаудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында былай делінген: “Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт”.
Жоғары техникалық оқу орындарының алдына қойған міндеттердің бірі “іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек рыногы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау”.
Болашақ инженерлердің кәсіби даярлығын жалпы және арнаулы-техникалық білімдерін пәнаралық интеграциялау негізінде түбірлі жетілдіруге болады. ЖТОО-ның студенттері жалпы және техникалық білімдердің жүйелері бойынша даярлықтан өтеді. Қазіргі уақытта бұл жүйелер өзара жеткіліксіз байланысқан және параллель әрекет етуде. Жоғары техникалық оқу орындарында маман даярлауды жетілдіру проблемасын оңды шешу үшін білім берудің алдыңғы аталған екі жүйесін пәнаралық интеграциялау жолдарын одан әрі іздеу керек.

Берілген проблеманың көкейкестілігі әлеуметтік тұрғыдан еңбек рыногында бәсекелестік қабілеті жоғары, іргелі ғылымдарда ашылған жаңалықтарды өндіріске енгізуге қабілетті және инновациялық-индустриальдық мәселелерді шешуге даяр маманға білім берудің қажеттігін туғызған ғылым мен өндіріс саласындағы өзгерістерден туындайды. Қазіргі ғылым мен өндіріс бір мезгілде мамандану мен интеграциялану бағытында дамиды. Кәсібімен байланысты іс-әрекет түрінде әр түрлі ғылым салаларынан алған білімдерін жұмылдыра пайдалана алуға қабілетті кең салалы мамандарға қажетсіну артады. Мұндай мамандарды даярлауда жүйелі ойлауды, объектіні көпжақты байланыстар мен қатынастардың бірлігінде көре білу іскерлігін дамыту бірінші дәрежелі мәнге ие болады. Интеграцияланған танымның нәтижелерінің – жалпы ғылыми идеялардың, әдістемелік принциптердің, жүйелік талдау әдісінің мәнділігінің қазіргі қоғамда артқандығы сондай ЖТОО-ның студенттеріне ғылыми интеграция өнімдерін үйрету оның негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Осы тұрғыдан алғанда ЖТОО-да пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру көкейкесті проблема болып табылады. Өйткені ол оқу үрдісінің барлық
құрылымдық элементтерін – білім берудің мазмұнын, формаларын, технологиясын біртұтастыққа біріктіре отырып оның тиімділігінің артуына ықпал етеді. Пәнаралық интеграция білімнің игерілуін, іскерліктер мен дағдылардың белгілі бір жүйеде қалыптасуын қамтамасыз етеді, ойлау іс-әрекетінің белсенді болуына, теориялық білімдердің студенттердің оқу-өндірістік іс-әрекеттеріне тасымалдануының жүзеге асуына ықпал етеді. Пәнаралық интеграцияның жүзеге асуы білікті инженерлердің кәсіби даярлығын кеңейтуді және олардың өзара байланысты кәсіптердің тобына даярлауға мүмкіндік береді.

Әлемнің барлық университеттері жалпы білімдік бағдарламалар мен оқу жоспарларын жетілдіруде. Оқытудың алғашқы жылында-ақ студенттерге ұсынып отырған оқу материалдарының олардың болашақ инженерлік іс-әрекетімен, қоғамның техникалық, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік дамуымен байланысты көрсетіледі. Жаңа мазмұн, сондай-ақ проблемалық-бағдарлаушылық әдістер және инженерлік білім берудегі оқытудың жобалық-ұйымдастырушылық технологиясы мыналарды дамитын біліктіліктер кешеніне негізделген жаңа мазмұнды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді: іргелі және техникалық білімдер, проблеманы пәнаралық интеграциялық келісті пайдаланып талдау және шешу іскерлігі, жобалық менеджмент әдістерін игеру.

Ақпараттық қоғамда компьютерлер немесе байланыс сызықтары емес, станоктар да емес, қайта білім мен творчестволық ойлау әлеуеті шешуші мәнге ие болады. Қазір айтып жүргеніндей, креативтілік шешуші мән.
Президент Джон Кеннеди айтқанындай: “Бізге ешқашан болмаған нәрсе туралы армандауға қабілетті адамдар керек”.
Әр 10 жыл сайын адам білімінің көлемі еселене түседі. Соның нәтижесінде білім барынша құнды және әрдайым талап етілетін ресурсқа айналады.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіру міндеті, егер оны ғылымды көп қажет ететін технологиялық білімі, басқару дағдылары бар, нарықтық экономикада бағдарлана алатын жоғары білікті мамандар іс жүзіне асыратын болса ғана, шешілетін болады.
Мәселен, осы заманғы инженердің жұмысын қарастыратын болсақ, ол техникалық білімдердің ғана емес, сонымен бірге менеджерлік қабілеттердің кең ауқымына ие болуы тиіс екендігі бірден түсінікті болады. Өйткені ол техникалық идеяның туындауынан, оны талдап-жасау, жобалау, экономикалық негіздеу, экологиялық салдарын бағалаудан – дайын өнімді шығарғанға дейін өзіне қандай жолдан өтуге тура келетінін білуі тиіс.

Техникалық саладағы жақсы кәсіби әзірлік өндіріс экономикасы мен оны басқару саласындағы сенімді білімге негізделуі керек.
Бұдан басқа шет ел тілдерін, макроэкономиканы және өзге елдердің құқықтарын білу талап етіледі.
Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан да күні ертең ғалымдар және қазақстандық компаниялардың менеджерлері болатындар бүгінде біздер білім беріп, тәрбиелеп отырған жас ұрпақ. Олар мұны қаншалықты терең зерделеп, зор білім алуға ұмтылуға жауапты болса, біздер педагогтар, сол жастарға қай жағынан алып қарағанда да озық білім беруге жауаптымыз. Кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын басқаға, әлдеқайда бәсекеге қабілетті маманға беруіне тура келеді.

Жетекші халықаралық консалтингтік “МакКинси” компаниясының кеңесшілері айтатындай: “Алға қарай жүр, немесе жол бер”. Қазіргі бәсекелі дүниеде нақ осы қағида басшылық етеді. Және бұл қағидат көп ретте қазіргі жас буынның өмірлік ұстанымдарын айқындайды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сабақта интернет ресурстарын пайдалану

Сабақта интернет ресурстарын пайдалану

Елімізде білім беру саласында жаңа IT технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа...
Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты - білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу....
Сала экономикасы бойынша лекциялар жинағы

Сала экономикасы бойынша лекциялар жинағы

Сала бойынша өнеркәсіптік өндіріс экономикасы...
Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері

Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады....
Жұмыстық оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуде оқу орындары мен ме ...

Жұмыстық оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуде оқу орындары мен ме ...

Түрлі мамандықтар бойынша білімді, білікті мамандар даярлау үшін алдымен оқытушы, өндірістік оқу шебері педагогикалық-психологиялық білімі толысқан...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×