Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп – гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі: А. Н. Шақманова
І. Сабақтың тақырыбы: Сын - қимыл (бейне) үстеу
Мөлшер үстеу
ІІ. Мақсаты: 1. Білімділік
Жаңа білімді жете меңгерту, жан - жақты сапалы білім беру.
2. Дамытушылық
Оқушылардың білімін, ойлау, еркін сөйлеу қабілетін,
шығармашылық қабілетін дамыту, қиялына қанат бітіру.
3. Тәрбиелік:
Білімді, сауатты, теорияны іс - тәжірибе жүзінде қолдана білетін
жеке тұлғаны қалыптастыру.
ІІІ. Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, сурет, халық педагогикасы
ІV. Көрнекілігі: Интерактивті тақта арқылы тіл жанашыры - Ахмет Байтұрсынов, сөз өнерінің саңлақтары: Би - шешендер, Абай Құнанбаев,
Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев, Әбу Сәрсенбаевтардың тіл туралы сөздері мен портреттерін көрсету, үстеудің мағыналық түрлеріне арналған кесте, тақырыпты жүргізіп қою, тіл туралы мәтін, сатылай кешенді талдау үлгісі,(морфология, синтаксис) деңгейлік тапсырмалар, сауалнама, үй тапсырмасын арнайы белгіге жазып қою, бағалау парағын пайдалану.(Интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдалану.)
V. Түрі: Жаңа білімді меңгерту
VІ. Әдісі: зерттеушілік, жаңа сабақты мысал арқылы оқушылармен сұрақ – жауап алмаса отырып, кесте бойынша түсіндіру, оқулықпен жұмыс, сатылай кешенді талдау (морфология, синтаксис) деңгейлік тапсырма: сөздерді ретімен орналастырып сөйлем құрау, мақал - мәтелдердегі
сын - қимыл, мөлшер үстеулерін табу, Сын - қимыл (бейне) үстеуін. Мөлшер үстеулерін ажыратып, екі бағанға бөліп жазу, мәтін құрау, тақырыптық сауалнама жүргізу. (Actevoid арқылы)
VІІ. Барысы: 1. Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалау, көрнекіліктерді
орналастыру.
2. Үй тапсырмасы: Оқушылар Ахмет Байтұрсынов сөздерінен, өздері ізденіп, танысып жүрген ақын - жазушылар еңбектерінен мезгіл, мекен үстеулерін табу.
3. Жаңа сабақ
Оқушылар алдарыңызда берілген сөйлем ішіне қойылатын керекті сөздерді қойып, қай сөз табы екенін айтайық.
1... Ескі ақынша отырмын бос мақалдап.. Ескі.... бише мал үшін тұрман зарлап...
(Абай)
2. Осындай бір қалыпты күйде....... уақыт өткен соң, көшенің төменгі жағынан шығып, базарға қарай беттеп келе жатқан бір шаналы көрінеді.
(М. Әуезов)
Сонымен бұл сөздер үстеу болды, енді мына кестеге назар аударайық.
Р/с Мысалы Сұрағы Ереже
І 1. Ақырын жүрді
2. Емін - еркін сөйледі
3. Балаша мәз болды
Қалай?
Кімше? Қалайша?
Қайтіп?
Қимылдың, іс - әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тә - сілін білдіреді. Етістікпен тіркесіп жұмсалады.
ІІ
1. Онша жараспайды
2. Әжептәуір оқиды
3Анағұрлым көбейді
Қалай? Қалайша?
Қанша? Қаншама?
Қаншалық? Қаншалап?
Қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама шарқын білдіреді.
1. Етістікпен тіркеседі
2. Сын есіммен тіркеседі
4. Бекіту:
Оқулықпен жұмыс
281 - жаттығу: Сөйлемнен сын - қимыл үстеулерді тауып астын сызу
Морфологиялық талдау(2 топ)
283 - жаттығу: Мәтіндегі сөйлем ішінен мөлшер үстеулерді тауып, сұрақ қою,
Сатылай кешенді синтаксистік талдау жасау (2 топ)
Деңейлік тапсырма
І деңгей (Жас тілшілер)
1. Сөздерді ретімен орналастырып, сөйлемді құрастырыңыз.
Үстеуді тауып, қай түрі екенін айтыңыз?
Біз поезд күткен біраз мезгілінен кешігіп, түн ортасы ауа келді.
(С. М)
2. Мөлшер үстеуін қатыстырып сөйлем құраңыз.
ІІ деңгей
1. Берілген сөйлемде үстеудің бар, жоғын анықтаңыз.
Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну
мүмкін емес.
(Ж. Аймауытов)
2. Құрамында үстеуі бар мақал - мәтелдер, жұмбақ айтыңыз.
ІІІ. Деңгей (Жас ғалымдар)
1. Берілген үстеулерді мағынасына қарай екі бағанға бөліп
жазыңыз.
Қыруар, емін - еркін, біршама, ақырын, талай, бірталай, лезде, бірте - бірте.
2. Сын - қимыл, мөлшер үстеулерін қатыстыра отырып
«Білім, ғылым» тақырыбына мәтін құраңыз.
6. Қорытынды:
Сауалнама
1. Берілген сөз ішінен сын - қимыл үстеуін табыңыз?
А) әрең
Ә) сонша
Б) осылай
В) біршама
2. Мөлшер үстеуінің сұрағын көрсетіңіз?
А) қашаннан?
Ә) қаншама?
Б) қайдан?
В) қалай
3. Дефис арқылы жазылатын үстеуді көрсетіңіз?
А) қыстыгүні
Ә) құр босқа
Б) емін еркін
В) осынша
4. Сын есіммен тіркесетін үстеу түрін табыңыз?
А) мекен
Ә) мөлшер
Б) мезгіл
В) сын - қимыл
5. Мөлшер үстеуін табыңыз?
А) кеше
Ә) тым
Б) әжептәуір
В) ілгері
6. Үстеу дегеніміз не?
А) Іс - әрекет, қимылды білдіреді.
Ә) Қимылға, іс - әрекетке еліктеуді білдіреді.
Б) Заттың сапасын, көлемін білдіреді.
В) Қимылдың мезгілін, белгісін, себебін, мақсатын білдіреді.
7. Үстеудің неше мағыналық түрі бар?
А) 5
Ә) 8
Б) 4
В) 7
8. Туынды үстеуді көрсетіңіз?
А) Әдейі бардым.
Ә) Ертең келеді.
Б) Жылдамырақ жүр.
В) Әрең жүрді.
9. Дұрыс жазылған үстеуді табыңыз?
А) Жолжөнекей.
Ә) Ала - жаздай.
Б) Быйыл.
В) Ендігәрі.
10. Сын - қимыл үстеуі қай сөз табымен тіркеседі.
А) Сын есім
Ә) Етістік
Б) Сан есім
В) Шылау
Жауап
1) А
2) Ә
3) Б
4) Ә
5) Б
6) В
7) В
8) Б
9) В
10) Ә
«Тіл» туралы көркем сөз оқу
5. Үй тапсырмасы: 282; 283 - жаттығу. Мәтіннен үстеулерді табу, морфологиялық
талдау жасау.
«Білімді ұрпақ - жарқын келешек»тақырыбына үстеуді қатыстыра отырып шағын шығарма жазу.
Бағалау:
Сын-қимыл (бейне) үстеуі. Мөлшер үстеуі
- Айнұр
- 13 ақпан 2013
- 69746
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілі, сын-қимыл, бейне үстеуі, мөлшер үстеуі
Ұқсас жаңалықтар:
Үстеуден өткенді қайталау
Жалпы мақсаты: Жалпы үстеу туралы түсінік беру, оның түрлерін ажырата білу, білімдерін пысықтап бекіту...Себеп-салдар үстеулері 6-сынып
Атырау қаласы, №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ұлықпанова Қамқа...Көктем
Мақсаттары: Білімділік: Оқушыларға үстеу туралы түсінік беру, құрамдық және мағыналық түрлерін ажырата білуге үйрету. Дамытушылық: көру, есту, ойлау...Мақсат және себеп-салдар үстеулері
Сабақтың тақырыбы: Мақсат және себеп - салдар үстеулері. Сабақтың мақсаты: білімділік – үстеулердің мағыналық түрлері туралы мағлұмат беру,, Орхон -...Сын - қимыл үстеулері (4 класс)
Ақтөбе қаласы, №8 орта мектеп Бакова Анджела Оспановна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.