Сайтқа кіру Тіркелу

Сын тұрғысынан оқыту дегеніміз не?

Ізденсе, талаптанса қолдан жасалмайтын шарт жоқ. Құнттамаған ізденбеген, соңына түспеген адамның жұмысы еш уақытта берекелі болмайды.
Ж. Аймауытов

Алғы сөз
Орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш сыныптарда қаланады. Бұл – үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы маңызды сатысы.
Бастауыш білім беруде соңғы жылдары оқушы тұлғасын дамыту, бастауыш сынып оқушыларының оқу білігін қалыптастырып, олардың білім, білік, дағдысын жоғары деңгейге жеткізу мақсаттары қойылып отыр.
Озық ойлы, тапқыр да, нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт - бағдар беру, ой - өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті.
Біздің міндетіміз – дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Өйткені ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Әрине, дамудың негізі – білімде.

Әр бала жас кезінен еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергілерге қарсы тұруға бейімделгені жөн.
Сондықтан да әр сабаққа оқушылардың әр мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу – әр ұстаздың міндеті.
Мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оқытудың жаңа әдіс - тәсілін қолдану сияқты мәселелерді басты міндетке қоя отырып, қазіргі заман талабына сай 2006 жылы «Сорос - Қазақстан» қайырымдылық қорының ұйымдастырған «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» бағдарламасының курсына қатыстым. Осы курсқа қатысып, алған білімімді өз сыныбымда қолдануға тырыстым.

Сабақ процесінде ең басты тұлға ОҚУШЫ екенін түсіндім. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерге әбден қалыптасып қалған мұғалімге өзінің көзқарасын, философиясын өзгерту оңай емес. Осы бағдарлама бойынша жұмыс істегеніме екінші жыл. Сын тұрғысынан ойлау әдісін топпен жұмыс істеуді қолдана отырып, оқушылардың ойын, еркін сөйлеуін, тілін дамытып, бір - бірін тыңдай білуге, өзінің де басқаның да жауабын сын тұрғысынан баға бере отырып, құрмет көрсетуге бағыт беремін. Мен осы бағдарламаның стратегияларын меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолдану барысында көптеген жетістіктерге жеттім.
Осы бағдарлама бойынша атқарып жатқан тәжірибемді ортаға саламын.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқыту

Алға қойған мақсатым:
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға жұмыстар жасай отырып баланың танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға мүмкіншілік беру. Екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету.

Сын тұрғысынан оқыту дегеніміз не?

Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.

Сын тұрғысынан оқыту технология емес, ол бағдарлама. Бұл бағдарлама әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. «іздің елімізде Джорд Соростың ашық қоғам институты, «Сорос - Қазақстан» қоры арқылы келген бұл бағдарлама мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау.

Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады.
Сабақтың құрылымы:
1. Қызығушылықты ояту:
Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі арттырады, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа т арту.
Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?» т. б. деген сұрақтарды алмастырып, керісінше сабаққа жағымды ахуал туғызады.
Бұл қызығушылықты ояту кезеңі -«жаңа білімге көпір салу». Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады.
2. Мағынаны ашу:

Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.
Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өзара оқыту т. б. Осы әдіс - тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс - әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.

3. Ой толғаныс:
Оқуды қорытындылау.
Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жол өлең», т. б. стратегияларды қолданып тәсілдерін қолданып қорытындылайды.

Сын тұрғысынан оқыту бағдарламасы стратегиялардан тұрады. Бұл бағдарламада қолдануға болатын стратегиялар өте бар. Мен оның 25 пайдаланудамын.
Сабақта пайдаланатын стратегиялар түрі:

1. Негізгі ойды суреттеу
2. Топтастыру
3. Бес жол өлең
4. Эссе жазу
5. Болжам кестесі
6. Галереяға саяхат
7. РАФТ
8. Блум жүйесі
9. ЖИГСО - 1
10. ЖИГСО - 2
11. Қазымыр оқушы
12. Автор орындығы
13. Инсерт
14. Венн диаграмма

15. Кубизм
16. Бағытталған оқу
17. Кідіріспен оқу
18. Әдебиет үйірмесі
19. Жол қалдырып жазу
20. Қос жазба күнделік
21. Авторға сұрақ қою
22. Үш қарамды сұхбат
23. Әлемді шарлау
24. Ой қозғау
25. Оқиға желісі

Аталған стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір - бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады.
Бұрын шығарма, мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін.
Қазір күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой - толғанысын жасап өз ойын жазбаша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазады.

Оқушылар жазған шығарма үлгілері:
Біз бақытты баламыз.
1941 жылы соғыс басталды. Сұм соғыс 4 жылға созылып, көп адамдардың өмірлерін әкетті. Менің ойымша соғыста болған адамдардың мақсаты: «соғысты жеңіп, үйлеріне аман қайту». Соғыс кезінде аштық болды. 1945 жылы соғыс аяқталды.
Содан бері біз бейбітшілік өмір сүрудеміз. Менің де алға қойған мақсатым бар. Ол мектепті жақсы бітіріп, бір маман иесі болып айналама пайда әкелу.
Біздің Елбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мектептер, дүкендер, музыкалық мектептер ашты. Біз елімізбен, жерімізбен баймыз. Менің туыстарым бар. Достарым болғанына қуаныштымын. Барлығы тату - тәтті өмір сүріп жатыр.
Мен өз - өзімді бақытты деп санаймын.
Нығметова Нұрсұлу.

Ана – өмірдің шуағы.
Мен – өз шығармамды мына сөздерден бастағым келеді.
Анам менің ардақты.
Әкем менің салмақты.
Бұл екеуі өмірде,
Бәріңнен де қымбатты.
Әр адам өз анасын сүйеді. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Аналар туралы көптеген өлеңдер, тақпақтар. Әндер бар. Мен өз анама гүл сыйладым. Анам оны жақсы көреді. Оқушылармен қойған концертте мен мынадай тақпақ айттым:
Анамызды сыйлайық.
Жақсы оқушы болайық.
Жақсы оқып сабақты.
Кілең бестік алайық.
Мен анама өтірік айтпаймын. Менің анам сұлу, мейірімді, еңбекқор. Анасыз өмір жоқ. Дүниенің ьарлығы анадан жаратылған. Әр адам анасын реңжітпеуге тырысу керек. Анасы бар адам бақытты.
Сағындық Гүлжан

Ой толғанысында оқушылар өтілген мәтіннен не әсер еткенін, қандай ой түйгенін жазуға үйренді. Әрине, алғашқыда оқушылар мәтіннің мазмұнын жазып жүрді.
Оларға: - Осы мәтінді оқығанда не әсер етті? Осы әңгімеден не үйрендің? – деген сұрақтар қоя отырып бағыт бердім.
Сонда оқушылар осылай жаза бастады:
Мысалы: Мұхтар Шахановтың «Достық өлкесінің заңы» өлеңін оқығаннан кейін.
- Менің ойымша бұл өлеңдегі баланың жағдай қиын. Ол біріншіден, әжесінің көңіліне қарады, екіншіден, досын сатқысы келмеді. Әрине досты сатуға болмайды, бірақ өтірік айтуға тағы да болмайды. Досын сатқан адам өз Отаның сатып жіберуі мүмкін. Менің ойымша оған әжесіне шындықты жайып тастау керек еді. Әжесі түсініп оны кешірер еді.
Бопашев Алмаз

Ыбырай Алтынсаринның «Баланың айласы» әңгімесін оқығаннан кейін:
- Жамандыққа жақсылық бар ма? – деген сұраққа Амантай Камилла мынандай жауап берді:
- Жамандыққа жақсылық әрине бар. Жамандыққа жамандық жасамай, керісінше оған жақсылық жасауға тырысу керек. Жамандық жасаған адамды әрқашанда тәрбиелеу керек. Меніңше жақсылық жамандықты әрдайым жеңе алады.

ЖИГСО әдісінде мәтінді топқа бөліп оқу оқушылардың жауапкершілігін арттырады. Оқығаның айтып беру үшін әлсіз оқушылар да әрбір сөйлемге мән беріп оқитын болды. Басқа жолдастарындай сезінуге, өз ойын ашық жеткізе білуге үйретті.
Оқушылар «Топтастыру», «Бес жол өлең», «Венн диаграммасы», «Кубик» әдістеріне қызыға кірісті. Бес жол өлең құраудың пайдасы қазақ тілі сабағында өте зор.

Мысалы:
Тоқылдақ,
Пайдалы, нәзік.
Емдейді, ұшады, тоқылдатады.
Ағаштарды емдейтін құс.
Темірболат Милат

Тігінші.
Өнерлі, еңбекқор.
Ояды, тігеді, әшекейлейді.
Әдемі көйлектерді тігетін өнерпаз.
Жаркен Қайрат (дүниетану сабағында)

Венн диаграммасы бойынша оқушылар кейіпкерлерді, жануарларды салыстырады.
Бұл стратегияларды сабақта қолданып, белгілі бір нәтижеге жету үшін мұғалім сабақ жоспарын құру барысында қай жерде қай стратегияны қолдану жолдарын, тапсырманы дұрыс ұйымдастыру жолдарын қарастыруы тиіс. Тапсырманы оқушылардың жас ерекшелігіне қарай нақты беруге тырысу керек. Әр стратегияға уақыт өлшеніп берілуі тиіс. Жүйелі, толық жауап алу үшін оқушыларға нақты уақыт беріп, қысқа әрі нұсқа сөйлеуге немесе жазуға, өз ойларын ашық, еркін беруді талап ету керек. Оқушылардың арасында бас кезде сәл қиналып, ойларын жинақтай алмай, біраз әбігерге түсетіндері бар. Жаттыға келе кейін үйреніп, бұл стратегияларды тез меңгеріп алады.
Топтастыру стратегиясы.
Топтастыру – оқушыларды еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағытталған оқыту стратегиясы. Бұл - жаңа идеяларды жинақтап бір - бірімен сабақтастыру үшін қажетті құралым. Топтастыру қызықтыруды ояту үшін, ой тудыруды күшейту үшін қолданылады.

Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Топта жұмыс жасауда алғашқыда оқушылар бір - бірін тыңдамай, сыныпта шу болатын. Барлығы да жазғандарын сабақтан соң топ мүшелері өз ойларын, жазған жұмыстарын талдау барысында жақсы жазылған жұмысты таңдай алатын болды. Бір - бірінің пікірін мұқият тыңдауға үйренді.
Оқушыларды топқа бөлу барысында мынандай жетістіктерге жетуге болады:
1. Оқушылар бір - бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
3. Топтарының сұрақтарына жауап береді.
4. Барлық оқушылар жұмыс істей бастайды.
5. Қорытынды шығарады.
Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.
Оқушылар жұмыс жасау барысында бір - біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш - қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан - жақты дамытатынын байқадым.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сын тұрғысынан ойлауды сабақта пайдалану жолдары

Сын тұрғысынан ойлауды сабақта пайдалану жолдары

Сабақ басталмас бұрын екі кішкентай баланың сөйлесе алмаса да бір - бірімен селбесе отырып есікті ашқан видеосы көрсетіледі, соған талдау жасай...
Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау. Кембридж тәсілімен оқыту бойынша рефлексивті ...

Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау. Кембридж тәсілімен оқыту бойынша рефлексивті ...

Жарма ауданы, Әуезов кенті, «Бақыршық орта мектебі» КММ - нің бастауыш сынып оқытушысы Баймурзина Сандугаш Сабиевна...
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері

География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу - тәрбие үрдісіндегі...
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын Қазақстан тарихы пәнінде қолдана отырып, ...

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын Қазақстан тарихы пәнінде қолдана отырып, ...

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі: Байдосова Айнұр...
Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау

Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау

Астана қаласы, № 63 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Асемгул Казымбековна Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×