Секция: дүниетану
Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Бұл жұмыс бастауыш сыныптарда тарихи кезеңге дейін өмір сүрген жануарларды талдау мен жинақтау, түрлерін анықтаумен ерекшеленеді. Динозаврлар атауларының мәнін бастауыш сынып оқушыларына түсінікті етіп жеткізу.
Зерттеудің мақсаты. «Тарихи кезеңге дейінгі жануарлар» зерттеу жұмысының негізгі мақсаты тарихи кезеңге дейінгі жануарлардың ерекшеліктеріне, динозаврлардың түрлеріне қысқаша сипаттама беру болып табылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің негізгі гипотезасы. Аталмыш жұмыста динозаврлардың ойдан, қиялдан тумағандығын дәлелдеу.
Зерттеудің кезеңдері. Ғылыми зерттеу жұмысы үш кезеңді қамтыды. Олар динозаврлар туралы жазылған ғылыми еңбектермен танысу, қарастыру кезеңі; екінші кезеңі «Динозаврлар әлемін» талдау, картотека теру кезеңі және соңғы кезеңі – зерттеудің алғашқы екі кезеңі негізінде жұмысты жинақтау, қорытындылау болды.
Зерттеу әдістері. Жұмыста ой қорыту, саралау, салыстыру, талдау әдістері қолданылды. Сонымен қатар этнотарихи талдау әдісі де пайдаланылған.
Зерттеудің жаңашылдығы. Динозаврлардың ойдан, қиялдан тумағандығы дәлелденді.
Зерттеудің практикалық маңызы. Бастауыш сыныптарда тарихи кезеңге дейін болған жануарларды сапалы талдап тануға жол ашу.
Зерттеудің қорытындысы. «Тарихи кезеңге дейінгі жануарлар» жобасы арқылы динозаврлардың болғанына көз жеткізу. Олардың шығу, даму тарихын сипаттау.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Динозаврлар жер шарында 150 жылдай өмір сүрген. Қазір бұл жануарларға ұқсас жануарлар кездеспейді. Олардың көлемдері әр түрлі болған. Бірі өлекселермен қоректенсе, екіншілері шөп, тастар жеген. Ғалымдар динозаврлар өмір сүрген кезең мезозой дәуірі деп есептейді. Ол шамамен 245 млн. жыл бұрын басталып, 65 млн. жыл бұрын аяқталған. Динозаврлар біздің жерді мекендеген ең қызықты жануарлар. XIX ғасырдың басына дейін адамдарға таныс болмаған. Олардың өмір сүрген әлемі де болмағандай. Осыдан шамамен 2500 жыл бұрын алғашқы рет Орталық азияда Гоби шөлінде динозаврлардың қалдықтары табылған деп есептеледі. Ал одан кейін шамамен 1700 жыл бұрын қытай ақылгөйлері жер астынан ірі сүйектер табылғанын айтқан. Олардың болжауынша бұл сүйектер айдаћардікі болған. Мұны әбден динозаврлардың сүйектері деп есептеуге болады. Қазіргі таңда 10000 аса динозаврлардың сүйектері табылған: жеке сүйектер, бас сүйектері және тістері, жұмыртқалары және іздері. Қазбаларды зерттеу арқасында динозаврлар туралы ғалымдар мәлімет жинап, халыққа жария етеді.
Палеонтологтардың 150-жыл бойы зерттеген 500-ден аса динозаврлар түрлері ашылған. Ең үлкен динозаврлардың қырықтан аса түрі бар. Жыртқыш динозаврлар ең үлкен 150-ден аса топты құрайды. Мұражайлардағы динозаврлардың қаңқасы көптеген ғалымдардың зерттеулері мен жұмыстарының қорытындысы. Енді олар мұражайлық экспонатқа айналды. Динозаврлар мен басқа өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын зерттейтін ғалымдарды палеонтологтар дейді. Палеонтологтар осындай жануарлардың қалдықтарын табу мақсатында түрлі қазбалар жүргізеді. Көбінесе жер астынан динозаврлардың тістері мен сүйектері табылады. Палеонтологтардың көпшілігі қазір динозаврлар құстардан тараған деп есептейді. Ғалымдардың айтуынша, барлық дерлік динозаврлар жұмыртқа басып шығарған. Динозаврдың ұрғашысы 12-ден астам жұмыртқа ұясына салатын.
Барлық жануарлар секілді бұларды да ғалымдар бірнеше топқа бөледі. Мен өз зерттеу жұмысымда динозаврларды 5 топқа бөлдім. Алыптар – алып динозаврлар ірі жануарлармен қоректенген. Шөппен қоректенетін ірі динозаврлар – олар биік ағаштардың жапырақтарымен қоректенген. Игуанодон және үйректұмсықты динозаврлар – ғалымдардың ең бірінші тапқан динозаврларының бір түрі. Олар өсімдіктермен қоректенген. Жүйрік жыртқыштар – ең жүйрік динозаврларға ұсақ динозаврлар жатқан. Шөппен қоректенетін мүйізді динозаврлар – мүйіздері үлкен, тұмсықты болған. Жұмыста ең қорқынышты, ең ұзын, ең ауыр, артқы аяқпен жүретін, ең көне, құстарға ұқсас динозаврлар туралы мәліметтер бар. Сонымен, 65 миллион жыл бұрын барлық динозаврлар жер бетінен жойылып кеткен екен. Палеонтологтардың 150 - жыл бойы зерттеген 500 - ден аса динозаврлар түрлері ашылған. Ең үлкен динозаврлардың қырықтан аса түрі бар. Жыртқыш динозаврлар 150 - ден аса топты құрайды. Бір уақытта Жер бетінен барлық ірі жануарлар жойылып кетуін түсіндіру өте қиын. Қазіргі таңда мамандар динозаврлардың жойылуын Жер бетіндегі екі оқиғамен байланыстырады. Алғашқысы – Жер бетінің суытуы және вулканның әсерінен пайда болса, келесі Жер бетіне ең үлкен метеорит түсуімен байланысты. Сондықтан жер бетіне күннің көзі түспегендіктен барлық өсімдіктер жойылып, сонымен қатар жануарлар да қаза тапты.
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы
№12 жалпы орта білім беру мектебі
3 сынып оқушысы Ахметова Асия
Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.