Сабылып келді міне, сәуір айы,
Сәуір айы – қазақтың тәуір айы.
Жылайды да тұрады жылаңқы бұлт,
Бара жатыр не болып ауа райы? – деп М. Мақатаев жырлағандай, көктемнің екінші айын халық «қараөзек» шақ деп атайды. Өйткені сәуірде күн жылына бастайды, су тасиды, мал төлдейді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Матжанова Рая Кияловна 1966 жылы 1 сәуірде осындай көктемнің жайма шуақ күнінде дүниеге келген.
Күздің алғашқы қыркүйек айында Түркменстан Республикасы, Красноводск қаласында № 3 қазақ орта мектебінде 1973 жылы оқуға қабылданып, аталған білім ордасын 1983 жылы тәмамдады.
Ол тиянақтылығы, қарымының қомақтылығы, зерделігінің арқасында 1989 жылы Алматы қаласы, Қазақ политехникалық институтын бітіріп шығады.
Матжанова Рая Кияловна өзінің тынымсыз еңбегінің арқасында 20 жылдан бері ұстаздық қызметін ойдағыдай атқарып келеді. Ал, Ақтау қаласы Маңғыстау энергетикалық колледжінде 17 жылдан бері қызмет атқаруда.
Ұстаздың қимылы шапшаң. Көкірегі ашық. Зерек. Өте ұқыпты, тиянақты. Қолына алған істі тындырмай қоймайды. Пейілі – даладай, көңілі – көлдей. Көпшілік көлденең тартқан түрлі сынақтардан сүрінбей өтіп, ізденімпаздығымен жаңашылдығының нәтижесінде осы колледжімізде талай тыңғылықты жұмыстарды атқара білді, нәтижесін көрсете білді.
«Өмір ұзақтылығымен өлшенбейді, мазмұнымен өлшенеді» деген ғұлама Сенеке айтқандай, Рая Кияловна студенттердің тәрбиесіне көңіл бөліп, әр түрлі тақырыпта диспут, конкурстар өткізіп, семинарлар, ашық сабақтар т. б. іс - шараларды жүргізіп отырды.
Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, жаңа бағытта өткізуі. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Жаңа формация мұғалімі - рефлекцияға қабілетті, өзін - өзі жүзеге асыруға талпынған әдістемелік, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани - адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Ұстаздың шәкірттерін кең - байтақ еліміздің барлық ауылдары мен қалаларынан кездестіруге болады. Ұстаздың жемісі де осы емес пе....
Уақыт шіркін жүйрік қой. Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі Рая Кияловнаның тер төгіп, еткен еңбегі елеусіз қалмады. Жергілікті мекемелерден бастап, қала, облыс, республика дәрежесіндегі басшы органдардың атынан талай мәрте марапатталды.
Ол Маңғыстау облысының білім басқармасы «Алғыс хат», Маңғыстау энергетикалық колледжі «Құрмет грамотасы», Маңғыстау облысының білім басқармасы «Құрмет грамотасы»,«Білім беру саласындағы 100 жаңа есім» республикалық үздік педагогтар энциклопедиясы, Құрмет грамотасы, «Білім беру саласындағы 100 жаңа есім» арнайы төсбелгісімен марапатталынған.
«Уақыт өтеді, керуен көшеді» десек те ұстазға деген ілтипат, ізет өзгелерден бөлек қой.
Айрықша құрмет осы бір жаны жаздай асыл жанның еңбегін бағалаудан туса керек. Ғасырлар қойнауынан сыр тартқан ұстаздық қызмет қашанда жоғары бағаға лайық. Өмір деген бұралаңы мен бұлтағы, кедергі мен бұдыры мол, асар асуы мен бел - белесі сан қилы үлкен жолдың үстінде қоғамдық іске белсене араласып, жас ұрпаққа саналы тәрбие беру жолында қажымас еңбек етіп келеді.
Жаны жайсаң әріптесімізді қызметтес әріптестері, жолдастары қатты сыйлайды, бағалайды. Еңбек жолының ыстығын да, суығын да терең көрген білікті маманды сәуірдің бірінші жұлдызында болған туған күнімен құттықтап денсаулық тілейміз.
«Өмірдің үш өлшемі бар», - дейді. – «Кеңдік», «Тереңдік», «Биіктік».
Кеңдік – біздің заманымыздың, халқымыздың кеңдігі, Тереңдік – бүгінгі дәрежедегі жетістік. Ал, Биіктік – дегенде әркімнің шыққан тауы, шыңы, жері биік дейді ғой. Рая Кияловнаға
Жана берсін жалындап еңбегіңіз,
Мол Сіздің студенттерге бергеніңіз.
Зор денсаулық тілейміз өзіңізге
Құтты болсын 54 - ке келгеніңіз, - дегіміз келеді.
Сіздің ана бақыты мен ұстаздық ұлы жолдағы еңбегіңіз еш кеткен жоқ. Алдағы қызмет жолыңызға да шығармашылық шабыт тілеп, шәкірттерінің тек биіктен көрінер ұстаз мәртебесін тілейміз.
Пікір жазған Маңғыстау энергетикалық колледжінің жоғары санатты арнайы пән мұғалімі Алибекова Гулсим Қозыбағарқызы
Қызметтік мінездеме
- Gulsim
- 7 сәуір 2020
- 1355
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Матжанова Рая Кияловна, Қызметтік мінездеме, құттықтау мақала
Ұқсас жаңалықтар:
Алғашқы ұстазға
Білімнің жинай білсек бүгін нәрін, Ұстаздың еңбегі деп ұғынғаным. Алғашқы ұстаз, бір сіздің арқаңызда, Бұл күнде шарлай алсақ білім бағын....Ұстаздық-ұлы белес
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар...Мектеп білім тірегі, ұстаз оның жүрегі
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ұстаз — екінші ана екендігін түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау. Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздарын...Мұғалімдер арасында "Екі жұлдыз" мұғалімдер күніне орай
Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!...«Ұстаздық ұлы қызмет» мерекелік ардагер – ұстаздармен кездесу.
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, Ж. Қалдығараев орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Наренбаева Акнұр Жауғаштықызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.