Сабақтың тақырыбы: Ақша мәні, шығу тарихы мен қызметтері
Сабақтың мақсаты: Ақшаның пайда болу тарихы, негізгі қызметтері мен қасиеттері туралы тиянақты білім беру және жалпы түсініктер қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Білім алушыларға ақшаның мәні, шығу тарихы, негізгі қасиеттері мен қызметтері және оның ел экономикасында алатын орны туралы кең көлемде білім беру.
Дамытушылық: Оқыту кезінде студенттердің танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, сөйлеу мәнерін, ғылыми тілде сөйлеу дағдысын, жадын, ынтасын, қиялы мен қабылдауын т. б. танымдық қабілеттерін, жіктеу, өзара байланыс, қорытынды шығару, топтық, ұжымдық жұмыстарда қарым - қатынас дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: Тәуелсіз еліміздің жан - жақты дамуына үлестерін қосу жолында әрекет етуге насихаттау, ұлтжандылық, экономикалық тәрбие, ғылыми дүниетанымын, тұлғаның ұлттық, жалпы адамгершілік құндылықтарды қолдануда жауапкершілікпен шешім қабылдауға тәрбиелеу, өзіндік пікірін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру, оқуға деген саналы - белсенді, жауапкершілікті қатынасты қалыптастыру, беру.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту сабағы.
Сабақтың түрі: Интеллектуалды ойын сабағы.
Технология: Ойын технологиясы элементтерін қолдану
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, баяндау, иллюстративті әдіс, қосымша материалмен, оқулықпен жұмыс, ғылыми материалдармен, дидактикалық материалдармен жұмыс, сұрақ - жауап, түсіндіру, пікір алмасу, ауызша, жазбаша әдіс
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, Қазақстан тарихы, Саясаттану және әлеуметтану негіздері, Қоғамтану, Математика, Философия негіздері
Сабақтың көрнекілігі: ҚР - ның Конституциясы, интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме және баспасөз материалдары.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Ұйымдастыру кезеңі. Білім алушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару.
2. Мақсат қою және оқу іс - әрекетіне қызығушылықты ояту, мотивациялау.
3. Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу.
ІІ. ЖБНИ - 30мин.
ІІІ. Бекіту кезеңі. «Қазыналы арал» интеллектуалды ойыны. Қазыналы аралға барар жол картасы:
а) «Белес»
ә) «Асу»
б) «Шөл басу»
в) «Өткелден өту»
г) «Алтын сандық»
ІҮ. Қорытындылау кезеңі
Ү. Бағалау кезеңі
ҮІ. Үйге тапсырмасы «Ақша мәні және оның пайда болу тарихы», «Ақша түрлері мен қызметтері» тақырыбында материалдар жинақтап келу.
ҮІІ. Рефлексия
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1) Сәлемдесу, білім алушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
2) Мақсат қою және оқу іс - әрекетіне қызығушылықты ояту, мотивациялау: сабақтың мақсатын хабарлап, білім алушылардың назарын сабаққа аудару, эксперт тобы құрылады. (Сабақ барысында қолданылатын «Қазына аралына барар жол» ойынының элементтерімен таныстыру)
3) Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу
Сабақтың эпиграфы:
«Ақша – бұл бізге қалған бесеуінің рақатын көруге
мүмкіндік беретін алтыншы түйсік»
Оноре де Бальзак
ІІ. ЖБНИ кезеңі
Дәріс жоспары:
1. Ақша – тауар өндірісінің категориясы: пайда болуы және мәні. Ақша теориясы
2. Ақша қызметтері
3. Ақша айналысының жүйесі, мазмұны мен белгіленуі. Ақша айналысы мен ақшаның эволюциясы
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден - бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің қоғамдық қатынастарын тудыра отырып тауар нысанын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез - келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық нысанға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құны – тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өздігінен өмір сүретін тауар, ол - ақша».
Кез келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол - Нумизматика деп аталады. Онда тиындар, құйма ақша кесектері, т. б. ескерткіштер (тиын мөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым ретінде 18 - ғасырдың 2 - жартысында пайда болды, оның негізін салушы – Вена нумизматигі И. Х. Эккель.
Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Ақша мәні, шығу тарихы мен қызметтері
- ramuk_b
- 16 ақпан 2019
- 2513
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ақша мәні, шығу тарихы мен қызметтері, экономика негіздері
Ұқсас жаңалықтар:
Ақша туралы мақал-мәтелдер
Адам болам десең, арыңды ақшаға сатпа. Ақшаның жайын жарлыдан сұра, Адамның жайын арлыдан сұра....Білім және арманға қадам
Білім өмір бұлағы боп ағады, Байлық пенен ақша бұзған сананы Сол сананы түзеті енді қиынғой Жою керек ақша деген арамды...Ақша тиыннан құралады
Арал индустриалды - техникалық колледжінің Нарықтық экономика негіздері пәнінің оқытушысы Аймурзаева Лаура...ХҮІІІ ғасырдағы сауданың дамуы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы Жаңабұлақ ОЖББМ - ің І - санатты тарих пәнінің мұғалімі Молдашев Сансызбай Пауетденұлы...«АҚША ЕЛІ» Ертегілер әлеміне саяхат
ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы Крупская атындағы орта мектеп-балабақшасының технология пәнінің мұғалімі Саябаева Гүлғайша Жакеновна «АҚША ЕЛІ»...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.