Бабадан қалған асыл сөз
Елім менің аңсаған, тас бұғаудан босаған!
Ахмет Байтұрсынов (1872 - 1937 ж. ж.)
Тұтас буынның төлбасы, ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым - тілші, әдебиет зерттеуші, түркітанушы, дарынды ақын - аудармашы. Қазіргі Қостанай облысы Торғай атырабындағы Сартүбек деген жерде дүниеге келген. Қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғұлама ғалым, ұлы ойшыл.
Ахмет Байтұрсыновтың барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа деген үміт - арманы – түгел дерлік ұлы міндетті орындауға, яғни қазақ халқына жан - тәнімен қалтқысыз қызмет етуге арналған.
* * *
Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын!
* * *
Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
* * *
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.
* * *
Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
* * *
Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноға жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқып, өз тілінде жазу - сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғандығын кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз.
* * *
Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.
* * *
Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек қана ана тілінде ғана оқуы керек.
* * *
Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.
* * *
Халықтардың басынан өткізген анайылық шағы – біздің балалық шағымыз мысалды.
* * *
Ел бағатындар – ел бағуларын жақсы білулері керек.
* * *
Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі.
* * *
Оқусыз халық қанша бай болса да – біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшеді.
* * *
Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы са ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.
* * *
Халықтың ісі – бұрап қалса басқа жөнге келетін машинаның тетігі емес.
* * *
Жұртқа керегін білетіндер – көп, істейтіндер – аз.
* * *
Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей берсе – ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы.
* * *
Талап жоқ, үміт мол бір халықпыз.
* * *
Қарышта өз жұртыңа барын болса,
Өзге елдің өзінде көп бізден басқа.
* * *
Жұрт ұқпаса – ұқпасын, жабықпаймын,
Ел бүтіншіл, менікі ертеңгі үшін.
* * *
Ұл туып, ұлы жолда қызмет етсе,
Онан зор ұлтқа бар ма ырыс деген?!
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Ахмет Байтұрсыновтың өнегелі сөздері
- ramuk_b
- 12 наурыз 2025
- 14
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ахмет Байтұрсынов, ұлағатты сөздер, өнегелі сөздер, қанатты сөздер жинағы
Ұқсас жаңалықтар:

Әлихан Бөкейхановтың өнегелі сөздері
ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Қазіргі Қарағанды облысы ақтоғай...
Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы
Шараның мақсаты: Қазақ ақыны, мемлекет қайраткері, ұстаз, ағартушы, публицист, қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, ұлттық мәдениет...
Тіл - ұлттың тірегі
Тілдің құдіретін сезіну, тазалығын сақтау, құрметін еселеу елдегі әрбір адамның алдында тұрған парызы. Саяси тұрақтылықтың да негізгі кілті дәл осы...
Ұлт туралы ұлағатты сөздер
Ұлтқа пайдалы адам келсе, бәрiнен бұрын орыс өкiметiнiң атамекенiмiздегi жер саясатын мұқият зерттеп үйренуге тырысыңыз. Сiзге не iстеу керектiгiн...
Ахмет Байтұрсынұлы өмірі және шығармашылығы
Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.