Сайтқа кіру Тіркелу

Пәлсапа пернелері: Мэн - Цзы

Пәлсапа пернелері: Мэн - Цзы (Мэн Кэ)
(шамамен б. д. д. 372 ж. Цзоу иелігінде (қазіргі Шаньдун пров. Цюйфу қ.) – 289 ж.)
Атақты қытай ойшылы, Конфуцийдің (Конфуциандықтың) жолын қуушы.
Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн - цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь - цзы мектебі. Мэн - цзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана емес, сондай - ақ жаңа ойлармен толықтырып отырған.

Философиялық көзқарастары:
Оның пікірінше, таным процесінің негізі сезімдік қабылдауда емес, оның ақыл - ойында, парасатында. Мэн - цзы мораль және этика адамның туа біткен табиғатынан шығады. Этикалық - моральдық ұстанымдар адамның табиғатынан әрі жоғарғы күш иесі «Көк - Аспаннан» дегенді алға тартады. Ол бір жағынан адамның тұқым қуалаушылық жолымен келетін қасиеттерді де жоққа шығармайды.

Әлеуметтік - саяси көзқарастары:
Мэн - цзы өзінің әлеуметтік - саяси көзқарастарында жеке бір адамзатты алға жетеелйтін тың ойлар да айтып кетті, ол көбіне билік басында отырған адамға да байланысты екенін баса айтады. Ал оған (мемлекет билеушісіне) бағыт - бағдар беріп отыратын қалың көпшілік, сондықтан билік басындағылар халықтың мұң - мұқтажымен санасулары керек немесе кез - келген мемлекеттік мүдде жалғыз адамның емес бүкіл қалың көпшіліктің мақсат - тілегі болуы керек. Өйтпеген жағдайда, халық мемлекет билеушісін биліктен аластатуға құқы бар. Мэн - цзы шашырап жатқан елді бір жерге біріктіруге шақырды.

Философиялық афоризмдері:
Адамның оқуға деген қабілеті оның өз табиғатынан ізгі екендігімен түсіндіріледі.
* * *
Адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Пәлсапа пернелері: Мо - Цзы (Мо Ди)

Пәлсапа пернелері: Мо - Цзы (Мо Ди)

Мо - цзы Конфуций дүниеден өткеннен кейін тура екі жылдан соң дүниеге келді. Чжаньго әулеті билік еткен тұста өмір кешкен ол елдегі ғасырлар бойы...
Пәлсапа пернелері: Кун - Фу Цзы

Пәлсапа пернелері: Кун - Фу Цзы

Ежелгі қыай ойшылы. Кедейленген ақсүйек әскербасы отбасында дүниеге келген. Ата - анасынан ерте айырылған ол тек он бес жасында ғана білімге...
Пәлсапа пернелері: Ежелгі қытайдың философиясы

Пәлсапа пернелері: Ежелгі қытайдың философиясы

Ежелгі Қытай философиясы б. д. д. VI - V ғасырларда пайда болды....
Пәлсапа пернелері

Пәлсапа пернелері

Джайнизм және джайндік философияның негізін қалаушы. Будда Гаутаманың замандасы, личчхавтар тайпасының көсемі, Сиддхартраның баласы. Ақсүйектер...
Ежелгі шығыстың философиясы

Ежелгі шығыстың философиясы

Ежелгі Шығыс философиясы б. д. д. Х ғасырынан басталады. Бұл қола дәуірінен темір дәуіріге көшу, рулық - тайпалық құрылымның ыдырауы, тауар - ақша...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×