Сайтқа кіру Тіркелу

Еркіндік туралы ұлағатты сөздер

Ана тілің – біліп қой, -
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің – біліп қой, -
Мақтанышың, елдігің.
Қадыр Мырза Әли

Тұзаққа түскен бұлбұлдан еркін жүрген торғай артық.
Төле би Әлібекұлы

Қандай істі болса да, аяғына дейін жеткізіңіз. Сонда ғана еркіндікті сезінесіз.
Стивен Кинг

Бiз ендi ешкiмнiң қолтығының астында жүрмеймiз. Бiздiң ел ендi ешкiмге кiшi iнi болып, тiзiмге қосылмайды. Бiз еркiн ел болдық.
Нұрсұлтан Назарбаев

Еркіндік, бұл – жалған сөйлемеу құқығы.
Альбер Камю

Еркіндік - жалаңаш.
Олжас Сүлейменов

Тарих дегеніміз – бір халықтың тек қана еркіндікке қарай ұмтылысының тарихы ғана емес, сол халықтың тәрбиесінің де тарихы.
Жозеф Ренан

Тәрбиенің еркіндігі - еркіндікпен тәрбиелеу.
Асқар Сүлейменов

Еркін адам дегеніміз — өз қалауымен, өз заңдарымен өмір сүретін адам.
Анахарсис

Еркіндік ол өзіңді, жаман ойлардан босатып, жүрегіңді тазалау.
Бағлан Нұғманов

Нағыз еркіндік — еш байлығың болмағандағы еркіндік. Мен қалтамда бір цент болмаған кезде қазіргіден әлдеқайда еркін болатынмын.
Майк Тайсон

Тәртіп еркіндікпен пара - пар.
Джоко Виллинк

Ықтияр еркіндігімнің бірінші қадамы — ықтияр еркіндікке сену.
Уильям Джеймс
Кері қайту
Loading...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, математика, математикадан сабақ жоспары, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету