Сайтқа кіру Тіркелу

Құрақ тігу технологиясы

Құрақ тігу технологиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Мата қиындыларынан құрақтар тігіп үйрену.
Құрақ қиындыларын әзірлеуде мата түстерін таңдай білуге, әзір үлгіні пайдаланып қиюды, дұрыс біріктіріп үйрену. Құрақ түрлерімен таныстыру.
Тәрбиелігі: Әсемдікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Құрақ қиындыларын дұрыс біріктіруге дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс: Геометрия, бейнелеу өнері.
Сабақтың әдісі: Үйрету, баулу, сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, үлгілер.
Құрал - жабдықтар: Қайшы, ине, мата, жіп, қатты қағаз.

І Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау ( өткен тақырыпты пысықтау үшін сұрақ қойылады.
Батикті қалай жасайды?
Батик өнер туралы не білесіңдер?
Батик жасауда алғашында қандай бояу қолданылды?

ІІ Жаңа сабақ
Құрақ - мата қалдықтарынан құрастырылып жасалатын үй бұйымының бірі. Құрақтың ерекшелігі мата қиындыларынан геометриялық фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі. Құрақ құрау кезінде матаның қалыңдығы бір - біріне сәйкес болуы керек.
Құрақты: Көрпе, жастық, аяқ қап, дорба, қалпақ, көрпеше жасауға, қолданады.
Құрақ құрау екі мақсатты көздейді:
Біріншіден, матаның қиындыларын іске жарату.
Екіншіден, үлкен сәнділікке баулу
Құрақ түрлері:
Ботакөз, сегіз жапырақ, гүл құрақ, тұмарша құрақ, қайшы құрақ, әр түрлі геометриялық фигурадан құралған құрақтар, ою - өрнек оюлап құрған құрақтар болады. жұлдысша.

Оқушылар, біздер қазір осы құрақ түрлерінен ою - өрнек оюлап құрған құрақты көрпеге тігеміз.

Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым өнерлі,
Құрақ құрап үйренді,- деп оқушылар ою - өрнек құрақ тігеміз.

ІІІ Сарамандық жұмыс
1. Жұмыс орнын жабдықтау (керек құралдарды дайындау)
2. Қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз.
3. Мата таңдау, түс үйлесімділігін келтіру.
4. Құрақ бұйымды тігуге кірісеміз.

ІҮ Сабақты бекіту:
1. Құрақты қандай бұйымға жасауға қолданады?
2. Құрақ түрлерін ата?
3. Құрақты неден тігеді?

Ү. Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау
ҮІ. Жұмыс орнын жинастыру оқушыларды бағалау

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы,
Социализм жалпы орта білім беретін мектебі
Технология пәні мұғалімі Абильдиева Назгуль Муратовна

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×