Сайтқа кіру Тіркелу

Ас мәзірінің түрлері

Сабақтың тақырыбы: Ас мәзірлерінің түрлері
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік Студенттерге ас мәзірлерінің түрлері туралы ой - өрістерін кеңейтіп түсіндіру
ә) тәрбиелік Өз бетімен ізденуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
б) дамытушылық Ас мәзірінің түрлерін ретімен қолдана білуге, ойлау танымдылық қасиеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Өзіндік жұмыс, сұрақ - жауап
Пән аралық байланыс: ТД технологиясы, ТК жабдықтары, орыс тілі
Сабақтың көрнекілігі: Бүктемелер, ас түрлері, интерактивті тақта, оқулық, ғаламтордан алынған материалдар.
Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру бөлімі Студенттермен амандасып, түгендеп журнал толтыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1. Асхана жапқыштарының қандай түрлері болады?
2. Майлықтар, дастархан түрлері?
3. Асхана құралдарын қалай орналастырады?
4. Ұлттық ыдыс - аяқтың түрлерін ата?
5. Ас мәзірін орналастыру ретінің жолдары?

III. Жаңа сабақты түсіндіру
Студенттерге слайдтан «Ас мәзірінің түрлері» туралы мәліметтер беремін.
Маусымдылық
Біздің ас мәзірін таңдауымызда жыл мезгілі үлкен роль атқарады. Жазда біз тағамға – жеңіл, ал қыста аса маңызды тамақтарды қолдануға тиіспіз. Тағамдарды әзірлеу кезінде жазда жас піскен көкөністерді пайдаланамыз. Мұздатылған немесе консервіленген көкөністер сияқты тамаша қоспаны жылдың кез - келген мезгілінде пайдалана береміз, оның маусымдылығы болмайды.
Ас мәзірінің алуан түрлілігі
Біздің ас мәзіріміз алуан түрлілігімен ерекшеленуі тиіс. Тағамдардың және гарнирлердің қайталануын болдырмау керек. Егер біз бір тағамға күріш берсек, онда екінші тағамға, мысалы, картоп немесе ботқа беру керек.
Лайықты порция
Лайықты порция дайындауда қонақтың мүмкіндіктерін назарға алу керек. Оның төрт сағаттық кешкі ас кезінде бес жұғымды тағамды жей алмайтыны анық. Сондықтан дайындалатын ас мәзірі бойынша не тағамдардың аз санын, не нәрлілігі аз тағамдарды және аз порцияларды беруге шешім қабылдауға ұсынамыз.
Түрі
Келушіге қызмет көрсеткенде оның сұранысы бойынша ас мәзірін анықтап, біз сондай - ақ тағамдардың үстелдің үстіне қандай түрде берілетінін назарға алуға тиіспіз. Таңдалған тағамдардың өзінің түсі бойынша алуан түрлі болуына ойлануымыз керек. Мұндай құрамның назар аудартатыны анық және қонақтар тағамдардың әрқайсысының дәмін татып көруден де бас тарта алмайды.

Тағамдарға соңғы көзқарас
Біз таңдалған ас мәзірін қарама - қарсылық көзқарасынан қосымша бағалауға тиіспіз. Жақсы таңдалған ас мәзірінде ыстық және суық тағамдар, жеңіл және аса жұғымды, қуырылған және пісірілген тағамдар болуы тиіс. Егер біз жоғарыда аталған принциптерді басшылыққа алып, өз ас мәзірімізді таңдап алсақ, біздің аспаздық табысымызға кепілдік бере аламыз..

Ас мәзірімен қатар тамақтану мәдениетінің 10 ережесін біле жүруіміз керек, олар:
1. Әрбір адам тағамнан 1 тәулікте жұмсайтын энергиясына сай қуат алуға тиіс.
2. Әрбір адам үшін күніне 4 не 5 рет тамақтану тиімді.
3. Тамақты күн сайын бір мезгілде қабылдау керек.
4. Ыстық тағам температурасы 50 - 60С, салқын тағам 10С — тан төмен болмау керек.
5. Ақырғы тамақтану ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болу керек.
6. Тамақтың түрін (рационын) өзгертіп тұру керек
7. Қайнатылған, буға, парға піскен тағам пайдалы.
8. Тамақты асықпай шайнап жеу керек
9. Сұйық тағамдарды көкөніс, жемісті көп қолдану керек
10. Сүт, суттен жасалған қышқылтым тағамды жеу керек

IV. Жаңа сабақты қорытындылау Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында 3 нұсқада тест сұрақтарын беремін.

Тест №1 нұсқа
1. Тамақтану орындарында қолданатын тоқты ата
А) оң
В) тәртіпсіз
С) теріс
Д) айнымалы, тұрақты *
Е) тұрақсыз
2. Жану кезінде жылу шығаратын күрделі органикалық қосылысты ата
А) жылу тасушы
В) канал
С) магнетрон
Д) отын *
Е) жылу алмасу
3. Тағам сапасының көрсеткіштерін табыңыз
А) түс, мөлшері
В) түс, дәм
С) дәм, өлшем
Д) иіс
Е) дәм, хош иіс, консистенция *
4. Жұмысқа.... өткен адамдар жіберіледі
А) соңғы нұсқамадан
В) кіріспе нұсқамадан *
С) ағынды нұсқамадан
Д) барлық нұсқамалардан
Е) жоспардан тыс нұсқамадан
5. Ыстық тағамдар қандай температурада болу керек
А) 10 - 15С
В) 20 - 25С
С) 30 - 35С
Д) 40 - 45С
Е) 50 - 60С *
Тест №2 нұсқа

1. Ет құрамында көп:
А) минералды заттар
В) қышқылдар
С) көмірсутектер
Д) дәрумендер
Е) белоктар *
2. Салқын тағамдарға арналған тұздықты ата
А) томат тұздығы
В) қаймақ тұздығы
С) пияз тұздығы
Д) қызыл тұздық
Е) майонез
3. Сары майда дайындалады
А) қаймақ тұздығы
В) кептірілген нан ұнтағы қосылған тұздық *
С) қаймақ тұздығы
Д) қаймақ тұздығы
Е) сүт тұздығы
4. Тазартылған картопты сақтайды
А) пакетте
В) тоңазытқыштың камерасында
С) тұзды ерітіндіде
Д) ауада
Е) суда

5. Қамырды қайта илеу.... жақсартады
А) иісін
В) кеуектілігін, созылымдылығын *
С) хош иісін
Д) сыртқы түрін
Е) дәмін

V. Жаңа сабақты бекіту

Маусымдық ас мәзіріне не жатады?
Ыстық және салқын тағамдар қандай температурада болу керек?

VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма Ас мәзірінің түрлері
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×