Қазақ ою - өрнегін ою әдістері
Сабақтың тақырыбы: Қазақ ою - өрнегін ою әдістері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұлттық ою - өрнектер элементтерімен таныстыру, ою - өрнек ою шеберлігін дамыту, эстетикалық ұқыптылыққа үйрету.
Білімділік: Халқымыздың ұлттық ою - өрнек түрлеріне сипаттама беру.
Дамытушылық: Ойлауды, танымдық шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Жеке жұмыс жасай білуге дағдыландыру, көркемдік талғам мен икемділікті қалыптастыру және ою - өрнек жасау арқылы халқымыздың өнерін құрметтеуге тәрбиелеу. Керекті құралдар: түрлі – түсті қағаздар, қаламдар, өшіргіш, желім, қайшы. Сабақтың көрнекілігі: Ою - өрнек үлгілерінің түрлері мен сызба нұсқалары, Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу өнері. Сабақтың негізгі бөлімдері: - теориялық; - сарамандық; - қорытындылау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасып сабаққа қатысуларын тексеру; - сабаққа арналған материал мен құрал – жабдықтарды тексеру, техника қауіпсіздігін айтып өту. II. Теориялық бөлім:
Ою - өрнек туралы қысқаша мағлұмат. Қазақ халқының қолөнерінің сала – саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі – ою - өрнек өнері. Қазақтың қолтума сәндік өнерінің барлық түрлерінде де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының эстетикалық, әрі тұтынушылық мәнін аша түседі. Ою - өрнек өнерінің даму барысында әр дәуірдің өз таңбасы бар. Сонымен бірге халқымыздың географиялық орналасуына, әдет - ғұрып, салт - дәстүрлеріне байланысты, ою - өрнек үлгілері әртүрлі жағдайда түрлене дамып отырды.
Сонымен ОЮ - ӨРНЕК дегеніміз – геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып, үйлесімді құрылуы. ОЮ сөзін латынның ornamentum (орнамент), ал өрнек сөзін орыстың узор сөзінің баламасы ретінде қолдануға болады.
Ою - өрнектер композициялық құрылымына қарай өсімдік типтес ою - өрнек, зоомфорттық ою - өрнек және космогониялық ою - өрнек деп үш топқа бөлінсе, қазақ шеберлері көп қолданатын ою - өрнектердің мынадай атаулары бар: 1. Аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер: ай, күн, жұлдыз, айшық, құс жолы, т. б. 2. Заттардың атауына байланысты өрнектер: балға, балта, тарақ, балдақ, қармақ, т. б. 3. Эпиграфиялық өрнектер – яғни жазуды өрнек тәріздендіріп белгілі бір заттың бейнесіне келтіре әдемілеп, астарлап жазу. 4. Ру таңбалары мен ел таңбалары және малға салынатын ен - таңбаларға байланысты ою - өрнек клементтері: тұмар, айшық, шөміш, шылбыр, көсеу, ашамай, т, б.
Ою - өрнек - тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек. Заттың бетін әшекейлеу үшін ісмерлер әртүрлі тәсілдерді қолданылады. Олар: оймыштау, бедерлеу, шеку, қашау, тістеу, құрау тәрізді әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
ІІІ. Сарамандық бөлім:
Оюы көптің өрнегі көп, Өрнегі көптің ермегі көп. (халық нақылы)
Өз бетімен ою оюды үйрену үшін алдымен бір парақ шаршы қағазды аламыз да 1 - сурет, 2 - суреттегідей екіге бүктейміз. Содан кейін 3 - суретте көрсетілгендей төрт қабаттап бүктеп үшбұрыш шығарамыз. 3 - суретте көрсетілгендей, сол үшбұрыштың бетіне болашақ өрнектің суретін салып, ақ бөлігі мен қара бөлігінің арасын қуалап қайшымен ойып аламыз.
4 - суретте көрсетілген ретпен қағаздың бүктеуін жазып, 5 - суреттегідей ою үлгісін аламыз.
5 - суреттегі оюдың қара бояумен боялған бөлігін өрнегі деп аталады, ал 6 - суреттегі көрсетілгендей қара бояумен боялған бөлігін өрісі (фон) дейді. Оюдың өрнегі мен өрісі түрлі түсті бояуға үйлестіре боялады. Кейде екі түсті аша түсу үшін өрнек пен өрістің арасына жіңішке етіп үшінші түспен бөледі. Оны са жүргізу деп атайды.
Келесі кезекте қиып алынған оюдың өрнегін көбейтіп, суретте көрсетілгендей тәртіппен орналастыру арқылы күрделі композиция құрастыруға болады. Міне, осы әдіспен әртүрлі жазықтық алып, /шаршы, ромб, үшбұрыш, шеңбер, т. б.) солардың ішіне әртүрлі өрнектермен композиция құруға болады.
ІҮ. Оқушылармен жұмыс: үлгіні пайдалана отырып, қағаздан ою - өрнек қиып, желіммен жапсырмалар.
V. Сабақты бекіту сұрақтары. 1. Ою - өрнек сөзі қандай ұғымды білдіреді?
2. Ою - өрнек неше топқа бөлінеді?
3. Ою - өрнекті ою әдісі?
ҮІ.. Сабақты қорыту
Оқушылардың жұмыстарын талдау және бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма. Оюлар түрін ойып үйрену.
Қазақ ою - өрнегін ою әдістері
- nazgul74
- 23 қаңтар 2015
- 12253
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ою-өрнек өнерінің даму барысы, Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарын жасау
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақтың ұлттық ою - өрнегі. Ою - өрнекті қиып, жапсыру
Сабақтың мақсаты: Білімділік: ою - өрнек өнері бойынша білімдерін тереңдету, қазақтың ұлттық ою - өрнек өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру. ...Өрнектер. Арифметикалық өрнектерді жазу ережелері
Оқушыларға өрнек ұғымымен таныстыру. Оқушыларға арифметикалық өрнектердің жазу ережелерін үйрету...Қазақ ою - өрнегінің ұлттық киімде орналасуы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Амангелді атындағы орта мектебінің технология пән мұғалімі Аюбаев Жұмабай Қуанышбаевич...Ою-өрнек түрлері
Сабақтың мақсаты: - ою - өрнектің шығу тарихы жайында жалпы түсінік беру - ою - өрнек түрлерімен таныстыру - халқымыздың салт дәстүріне, қолөнеріне...Аққу оюын дайындау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектеп еңбек пәнінің мұғалімі Агибай Жанагуль Абдихалымқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.