Сайтқа кіру Тіркелу

«Бұлақ көрсең, көзін аш»

Жезқазған қаласындағы жалпы білім беретін
№10 орта мектебінің бейнелеу өнері және
технология пәнінің мұғалімі
Шалмағамбетова Гаухар Мейрамовна

«Бұлақ көрсең, көзін аш»
Дарынды оқушылар апталығының аясында өткізілген шеберлік сағаты.

Шеберлік сағатының мақсаты: Дарынды оқушылардың бойында сәндік қолданбалы шығарма бұйымдарына деген сезімталдықты, қызығушылықты ояту. Әр түрлі материалдарды, маталарды ұқыпты пайдалануға, қолөнер әдет дағдыларын үйрету. Оқушыларға ою-өрнектердің элементтерінен, оригами бүктеу жолдарынан, қағазды бүктеу арқылы бұйым жасауды және қылқаламмен сурет салу туралы қысқаша мәлімен беру үстінде оқушылардың шеберлігін дамыту.

Шеберлік сағатының тәрбиелік мәні: Жұмыс жасау барысында қыздарды әсемділікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа, үнемшілдікке, тазалыққа, сұлулыққа баулу.

Шеберлік сағатының білімділігі: Қыз балалардың ойлау қабілетін дамыту, оқушының қол икемін, қимылын, қию шеберлігін, қажетті құрал жабдықтарын дұрыс пайдалануы, қауіпсіздік ережелерін сақтау жолдарын айта отырып сабақты жалғастыру.

Шеберлік сағатының әдісі: Суретпен мысал келтіре отырып (әңгімелеу, көрсетіп айту), индуктивтік (жай нәрседен күрделіге ауысу), репродуктивтік (өз бетінше жұмыс істеу), зерттеулік ( неғұрлым үйлесімділікті ішінара іздестіре таңдау) әдістерімен түсіндіру.
Шеберлік сағатының барысы:
Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

«Ою-өрнек шеберлері»
«Оригами шеберлері»
«Қылқалам шеберлері»
«Қағаз пластикасы шеберлері»

(Оқушылар алдын ала дайындалған орындарында өз жұмыстарын көрсетеді)

1.«Ою-өрнек шеберлері»
(Ою-өрнек шеберлері оюдың шығу тарихына тоқталып кетеді).

Ою-өрнектің мағынасына қарай бөліну жіктеу, әр топты эпидиасоп, лейтиден көрсетіп отыру.
Ою-өрнек басты белгілеріне байланысты ою-өрнекті лента, гүлді өрнек (шеңбер түбіндегі өрнектер) және торлы ою-өрнектер (заттың үстінгі бетіне тұтас салынады) болып үш түрге бөлінеді.Бейнелеу белгілеріне қарай ою-өрнек көгеріс ою-өрнек, геометриялық өрнек, ұласымды өрнек, қиял-ғажайып өрнек деп те аталады. Ою-өрнектің үй түрмысымызда, тоқу өнерінде пайдаланылатын түрлеріне тоқталу.

Қазақтың үй-жиһаздарында көбіне ашық түсті жамылмалы (текеметтерде), қызыл мен қара түске қурылған көгеріс (түскигізде), алқызыл құлпырмалы (түкті кілемдерде), геометриялық ұласымды (алаша, басқұр, тықыр және арабы кілемдерде), ойма нақышты, аралас (кебеже, сангдық, жүкаяқтарда) ою-өрнектер қолданылады.Кестелеу, зерлеу, шабу, тоқыма әдістері арқылы жасалатын тұтыну заттары мен киім-кешек өрнектері басқа ою-өрнектерге қарағанда нәзік, ұтымды, әрі көркемжасалынуымен ерекшеленеді.

2. «Қылқалам шеберлері»

(Қылқалам шеберлері өздерінің саласында қысқаша өнерге тоқталады.)

«Өнерпаз қара жерге салар қайық,
Жаһаннан олар тағлым, қанат жайып.
Әр жердің тамашасын сөзбен көріп
Жастықта сайран етер болып ғайып» - деп ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев айтқандай қандай өнер болмасын, әр өнердің өзіндік ерекшеліктерін жоғарыдан байқаймыз.

Бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ой-санамыз бен түйсік-сезімімізге тікелей әсер етеді. Сол себепті біз бейнелеу өнері туындыларын әр деңгейде қабылдаймыз. Олардың мазмұнына мән беріп қараймыз. Бейнелеу өнерінің адам үшін берері мол. Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып, оны көз алдымызға елестете аламыз. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі – суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде. Суретші образдардың, өмір шындығының типтік жағын таңдап ала отырып, заманның тыныс-тіршілігін жинақтап, жан-жақты бейнелейді. Адамзат өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте үлкен, оның қоғам өміріндегі рөлі де аса зор. Суретшінің сұлулықты дұрыс түсіне білуінің маңызы зор. Біреулер кемелдікке суреттің композициялық құрылысы арқылы, енді біреулері живописьтік құрылысы арқылы ие болады. Бәрін бірдей үйлестіріп келтіру барлық адамның қолынан келе бермейді. Әр суретшінің шығармасы оның өзіндік ерекше белгілерімен, қолтаңбасымен айқындалады.

«Қылқалам шеберлері» өздерінің шеберліктерін көрсете отырын қолма қол, берілген тақырыпта суреттерін салып береді.

3. «Оригами шеберлері»
Оригами жұмыстарын оқушылар қағазды бүктеу арқылы бұйымдар жасау технологиясы туралы мәлімет береді.

Қағазды бүктеу арқылы түрлі пішіндер құрастыру өнері «оригами» деп аталады. Мәліметтер бойынша, оригами өнері алғаш рет қағазды ойлап тапқан аспан асты елінде пайда болған көрінеді. Алғашқы уақытта діни рәсімдерде пайдаланылған бұл өнер, тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана Еуропа және Азия елдеріне тарапты. Қағаздан белгілі бұйым жасаудың шартты таңбаларын ХХ ғасырдың ортасында Акира Есидзава есімді жапон ғалымы тәжірибеге енгізген. Бастапқы кезеңдерде кез келген пішінді жасау үшін тек қағаздың өзі пайдаланылған болса, қазір картон, үлбір, қайшы мен желім де қолданылады. Қазір оригами туындыларын түрлі мейрам, тойларда сыйға тарту сәнге айналған. Біздің елімізде де оригами өнеріне баулитын үйірмелер бар.

«Оригами шеберлері» шеберлік сағатына жиналған қонақтар мен оқушыларға өздерінің өнерін көрсетеді.

«Қағаз пластикасы шеберлері»
Бұл топтың шеберлері де өз өнерлерін қағазды кию, желімдеу арқылы жасалынатын шырша мерекесін әшекейлеуге арналған қаршаны құрастырады.
«Өнерлі елден өнерлі ұл мен қыз шығады» - демекші біздің де оқушыларымыз өнерлі екен.

Бойларыңда от бар екен байқадық, жүректеріңде шоқ бар екен байқадық, әрқашанда осы өнерді өшірмей, шырқата беріңдер.
Кері қайту
Ілмек сөздер: технология, бүктеу, өнері
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ ою - өрнегін ою әдістері

Қазақ ою - өрнегін ою әдістері

Әлжанов Боранбай Сағиұлы Білімі: Жоғары, К. Жұбанов ат. Ақтөбе МУ 1998 ж Мамандығы: Еңбек және сызу пәні мұғалімі Жұмыс орны: №77 орта мектеп...
Ою-өрнек түрлері

Ою-өрнек түрлері

Сабақтың мақсаты: - ою - өрнектің шығу тарихы жайында жалпы түсінік беру - ою - өрнек түрлерімен таныстыру - халқымыздың салт дәстүріне, қолөнеріне...
Киіз үйдің ішкі көрінісі, өрнектердің түстері мен бояулары

Киіз үйдің ішкі көрінісі, өрнектердің түстері мен бояулары

Қостанй облысы, Рудный қаласы, "№7 орта мектеі"ММ бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Өміржанов Сарсенбек Қаукенұлы...
Натюрморт жанры

Натюрморт жанры

Жезқазған қаласындағы №10 орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі Шалмағамбетова Гаухар Мейрамовна...
Ұлттық ою - өрнектермен жұмыс жасау

Ұлттық ою - өрнектермен жұмыс жасау

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектеп еңбек пәнінің мұғалімі Агибай Жанагуль Абдихалымқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×