Сабақтың тақырыбы: Торсық жасау технологиясы
Сабақтың мақсаты: Ұлттық қолөнер түрі торсықтың ерекшелігін, жасау технологиясын үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Торсық тігу, әрлеу, әсемдеу, бояу технологиясын терең меңгере отырып шеберлігін дамыту, өнерге деген ынта - қабілетін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты. Ұлттық қолөнерді қол өнерді қастерлеуге, ұқыптылыққа, өнердегі сұлулықты түсіне білуге тәрбиелеу. Техникалық қауіпсіздік ережесін түсіндіру, үнемі есте ұстауға үйрету.
Керекті құралдар: Тұздалмаған мал терілері (жылқы немесе ешкі), біз, жібек жіп, дымқыл құм.
Сабақтың көрнекілігі: дайын жасалған торсық, суреттер, сызба нұсқалар, лекала.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, тарих, әдебиет.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, сарамандық жұмыс.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. Теріні суға салып, жүннен арылтып, қырып, өңдеп, тазалап келу.
ІІІ. Мақсатын түсіндіру кезеңі.
ІҮ. Сабақтың негізгі бөлімдері
1. Теориялық
2. Сарамандық
3. Қорытындылау
1. Теориялық бөлім бойынша оқушыларға торсық туралы мағлұмат беру.
Торсық бұл ежелден келе жатқан қолөнер туындысы. Ата – бабамыз мал баққан көшпелі қоныс аударып жүретін халық болған, сондықтан торсықты ыдыс ретінде пайдаланып қымыз, айран, шұбат сусындарын құйып пайдаланған. Торсықтың сол кезде тиімділігі ішіндегі сусын ашымаған және сынбайтын ыдыс болған.
2. Сарамандық жұмыс мазмұны
Торсық жасаудың негізгі шикізаты - ешкі немесе жылқы терілері. Тері тұздалмаған жақсы өңделген болуы керек. Теріні екі бүктеп немесе бір – біріне қабаттап, қағаз бетіне торсықтың суретін тең бүйірлі етіп, дайын лекаланы тері бетіне қойып, бастырып сызып, суретін түсіреміз. Суреттегі түсірілген сызық бойымен торсық аузынан бастап айналдыра келесі шеткі аузына дейін үзіліссіз біздің көмегімен жібек жіппен тігеміз. Тігіс толық аяқталған соң өткір пышақтың көмегімен жіпке тигізіп алмай 2 - 3 мм қашықтықта артық теріні кесіп алып тастаймыз.
Терінің дымқылдығын пайдаланып, аздап дымқылдау құмды торсық аузынан құйып, оқтау тәрізді ағашпен торсық бүйірі толық шыққанша нығыздаймыз. Аузына 4 - 5 см қалғанша толтырып алдын ала дайындалған тығынмен бітеп қоямыз. Құммен толтырылған дайын торсықты бүйір бетерін қарапайым, әрі әдемі көрінетіндей, торсық формасына сай келетін ұлттық оюдың сызба нұсқа суретін қарындашпен симметриялы түрде түсіріп аламыз. Суретте сызылған қарандаш үстін теріні кесіп кетпейтіндей мұқалған аздап үшкірлеу, қырлау біз тәріздес аспап көмегімен, теріні қатты бастыра отырып, оюдың рельефін түсіреміз, ең соңынан торсық аузына әшекейлі тығынды жасап сонымен бірге іліп қоюға арналған бау жасап, жұмысты аяқтаймыз.
3. Қорытындылау.
Бір жетіден кейін торсық және ішіне толтырылған құм да кебеді. Құмды төгіп, ішін сумен шайқап, тазалап қоямыз. Жұмыс аяқталған соң, сұрақ – жауап арқылы оқушылардың білімін бекітіп, қорытындылап, алдағы сабақта торсықты бояу технологиясын үйренетінімізді ескертемін.
Үйге тапсырма: бояуға қажетті өсімдік, қарағай, тал қабықтарын жинастыру, әкелу.
Торсық жасау технологиясы
- Жумабай
- 3 қаңтар 2015
- 12012
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Торсық жасау технологиясы, технология сабағында торсық жасау
Ұқсас жаңалықтар:
Киіз үйдің ішкі көрінісі
Халықтың мәдени – тұрмыстық салтының бай қазынасымен білімді тереңдету; халық мұрасын қадірлеуге тәрбиелеу; үйдің ішкі көрінісімен танысу; кілем...Қазақ ою - өрнегін ою әдістері
Әлжанов Боранбай Сағиұлы Білімі: Жоғары, К. Жұбанов ат. Ақтөбе МУ 1998 ж Мамандығы: Еңбек және сызу пәні мұғалімі Жұмыс орны: №77 орта мектеп...Сәукеле тігу
Көкпекті ЖББОМ Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі Хасенова А. Қ....Торсықты әшекелеу
Мақсаты: Балаларды Қазақтың ұлттық ою өрнектерімен таныстыра отырып ұлттық өнерді сүюге. еңбекке тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін...Тері өңдеу
Қостанай облысы, Рудный қаласы "№7 орта мектебі" ММ технология пәнінің мұғалімі Өміржанов Сарсенбек Қаукенұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.