Сайтқа кіру Тіркелу

Қыз өссе елдің көркі

Тақырыбы: « Қыз өссе елдің көркі»
Мақсаты:
Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Әр ұлттың шай құю ерекшеліктерін көрсете білу, алған білімдерін пайдаға асыру. Оқушылардың бойына қыздарға тән тәлім - тәрбие қалыптастыру. Әдемілікке, өнерге, ұқыптылыққа шеберлікке тәрбиелеу. Тақырыпты дәлелді оймен аша білу, нақты сөйлеуге баулу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Сызу, Тарих.
Сабақтың көрнекілігі: «Әр ұлттың тұрмыстық бұйымдары», интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу,
Жүргізуші. Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар.
Жас шеберлер. «Қыз өссе елдің көркі» атты сайысқа қош келдіңіздер.
Бүгінгі сайыста 5а – сынып қыздары өз өнерлерін ортаға салады.
Бұл сайыста қыздарды екі топқа бөлдік.,,,,,,,
Екі топты ортаға шақырайық 5 бөлімнен тұрады.
1. Сәлемдесу
2. Сұрақ - жауап (Технология сабағынан)
3. Тігін машинаны іске дайындау
4. Екі түрлі қағаздан гүл жасау (гофор және түрлі түсті қағаздан)
5. Тез және ұқыпты (Ілгекті матаға бекіту)
6. Шаш үлгісі (шашты өру)
Көрініс: Шәй демдеу рәсімі

Жүргізуші:
Көрсетіп өздерінің өнерлерін
Табындырып өнерге көрерменін
Таныстырып енді көпшілікке
Сайысқа қатысушы өнерлерін
1. Сәлемдесу: Әр топ өз - өздерін таныстыру
2. Сұрақ жауап: Карточкамен жұмыс.
1. Алжапқыштың өлшемін қалай алу керек
2. Қауіпсіздік ережелері
3. Тігін машинасының түрлері
4. Қазақтың ұлттық тағамдары
5. Борщ сорпасының құрамы
6. Адамның күніне неше рет тамақтану керек
3. Тігін машинаны іске дайындау: Тігін машинасының қосылу ережесін көрсету.

4 Екі түрлі қағаздан гүл жасау (гофор және түрлі түсті қағаздан)
5 Тез және ұқыпты (Ілгекті матаға бекіту)
6 Шаш үлгісі (шашты өру)

Көрініс: « Шай құю рәсімі» (Екі - үш оқушы көрініс көрсетеді.)

Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болы, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншісін бар» деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған.
Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т. б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый - сиапат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған.
Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме – дүкен құрып, қонақпен бірге отырады.

Қытай халқының - шәй рәсімі кезінде аяқты малдас құрып отыру оғаш көрінеді, ал аяқты көршісіне қарай созу - тіпті нағыз бұзақылық саналады. Сондықтан мәдениетті қытай өз аяқтарын бүгіп, үстіне отырады. Қытайда дәстүрлі шай ішу рәсімі – «Гонгфу Ча» деп аталады. « Гонгфу» сөзі -«асқан шеберлік» деген мағынаны берсе, «Ча» – қытай тілінен шай деп аударылады. Ежелден қытайлар шайдың хош иісі мен бамбук сыбызғысының дыбысына бөленіп отырып, тыныш және бейбіт жағдайда отырып сіміргеннен артық еш дүние жанға ләззат бермес деп білген.
2. Шай ішу барысында ыдыс - аяқ, құрал - сайман сақадай сай болуы тиіс. Шайдың рахатын толық сезіну үшін, ыдыс - аяқ ішілетін сусынмен шайылып, дәмі әбден сіңу керек. Бұл ежелден қалыптасқан «Гонгфу Чаның» басты дағдысы. Тарихы тым тереңге тартады. Қытайдағы дәстүрлі шәй ішу рәсімі – Гунфу - Ча деп аталады. Мұндағы соңғы буын «шәй» деп аударылса, алғашқы екеуі «асқан шеберлік» немесе «асқан өнер» деген мағынаны білдіреді. Рәсім қадамдары:
3. Үстелге отырмас бұрын қонақтарға үйдің иесі сый құрмет көрсетеді.
4. 1. Рәсімге қажетті аспаптарды дайындау және «чабаньды» (шәй үстелі) безендіру.
5. 2. Суды үлкен көпіршіктер шығып, бұрқылдағанша қайнату.
6. 4. Демдеуге арналған шәмбені (шәй қорапшасы) чахэге себеді. Содан кейін шәй иісін рахаттана жұтады.
7. 5. Шәйнектің ішін құрғақ шәмбемен толтырады.
8. 6. Қақпағын жапқан соң, сулықпен орап алып, ары - бері шайқап араластырады.
9. 7. Шәйнекке су құйылады. Бірінші тұнбаны ішуге болмайды. Бұл - жапырақтарды жуу үшін.
10. 3. Ыдысты жылыту кесені бірінші шаймен жуып алады
11. 9. Вэнсянбэйді сағат тілімен айналдырып отырып, хош иісті рахаттанып жұтуға болады. Содан кейін барып алғашқы жұтымды жасауға рұқсат.
12. 10. Шәйді тауысқан соң, рәсім қайталанады. Шәйді үш - жеті рет, яғни оның дәмі мен иісі кеткенше демдеуге болады.

Орыс халқының - салт - дәстүрі көбіне көп мереке кезде ұстанады. Үйдің иесі үйде отырып қонақтарды нан мен тұзбен қарсы алады. Олардың дастархандарында құймақ, тәтті нандар тоқаштар тұрады. Шайды арнайы самаурынға қайнатып, кішкентай арнайы құманға шайды қайнатып қызыл - күрең түсін келтіріп, хош иісін шығарып қонақтарға кеселеріне құйып береді. Шәйдің дәмін сезіну үшін кеседегі шайды шәй табаққа құйып суытып ішеді.
Осымен бүгінгі «Қыз өссе елдің көркі» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.
Оқушылар бағаланады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×