Сайтқа кіру Тіркелу

Аққу оюын дайындау

Сабақ тақырыбы: Аққу оюын дайындау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Аққу оюын» дайындау тәсілдерін
үйренеді.
Білімділік: Ою - өрнек туралы білімдерін тереңдету. Ою – өрнектің түрлерімен танысып, оның қию әдістерін үйренеді.

Дамытушылық: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, қолөнер
туындысын көру арқылы оқушылардың өнерге деген құштарлығын, шығармашылық қабілетін, қол шеберліктері дамиды.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өз орнының тазалығын сақтауға, өз бетінше еңбек етуге, алған білімдерін дұрыс пайдалана білуге тәрбиеленеді.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: СТО
Көрнекілігі :Үлгілер, сөздік жұмыс, семантикалық карта.
Құрал-жабдықтар: ине, жіп, қайшы, мата (порша), қатырма қағаз т.б

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1) Сәлемдесу, түгелдеу
2) Құрал жабдықтарын дайындау
3) Топқа бөлу

ІІ. Қызығушылығын ояту
Сұрақтар
1. Ою-өрнек дегеніміз латынның қай сөзіне келеді?
2. Композиция дегеніміз не?
3. Симметрия дегеніміз не?
4. Колорит дегеніміз не?
5. Ритм дегеніміз не?
6. Оюдың пайдасы бар ма?
Жауаптар
1. Латынның орнамент деген сөзінен алынған. Орнамен - әшекейлеу, әсемдеу деген мағынасына келеді.
2. Ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру.
3. Ою-өрнектің екі жағының бірдей болуы – симметрия заңы.
4. Ою - өрнектердегі бояу түрлерінің бір-бірімен үндесіп, жарасым табуы
5. Ою-өрнекте бір элементтің қайталанып отыруы.
6. Жүйке қызметін жақсартып, ойды бір жүйеге келтіреді. Математикалық білімді жетілдіреді, түстерді таңдауға үйретеді.

ІІІ. Мағынаны тану.
І топ: Іскерлер тобы. Түсіндіру.
Оюлармен ерте кезден-ақ жазу, сызу болмаған кезде дамыған. Адамдар алғаш рет ағашқа, тасқа, сүйекке сала бастаған. Заман ағымына қарай ою-өрнектер де дами түсті.
Ою-өрнек латынша «орнамент» әшекейлеу, әсемдеу деген мағынаны білдіреді. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек ою-өрнектерді 3 топқа бөлген.

Өсімдік типтес ою-өрнектер – (жануар, аң-құс, балық) гүлі, жапырақтың сабағы, дәні.
Зоеморфтық ою-өрнектер (жануар, аң-құс, балық).
Космангониялық өрнектер дөңгелек, ирек, шимай, торкөз.
Ою-өрнек әр түрлі үлгіде дамыған. Оның негізгі элементі мүйіз тектес оюлар.Оларды үй жиһаздарына, зергерлік бұйымдарға, ыдыс аяқтарға, киім – кешектерге безендіріп салынған.
Қазақтың ою-өрнектері аталуына байланысты бірнеше топқа бөлінген.

Ай, күн, жұлдыздар, көк......... байланысты.
Молдың дене мүшесіне байланысты.
Аңға байланысты ою-өрнек.
Жәндіктерге байланысты өрнектер
Құстарға байланысты.
Жер, су,өсімдіктерге байланысты.
Қару құралдарға байланысты.
Геометриялық фигура тектес.
ІІ топ. «Өнерлілер» тобы. Мақал – мәтелдерді толықтыр.
Оюды оя алмаған ............
Ойсыздан .........шықпайды
Үлгісі көптің ........... көп
Өрнегі көптің ........... көп

ІІІ топ. Ісмерлер тобы.
Жасау технологиясы.
Аққу оюымен танысайық. Жұмысты бастау үшін қатырма қағаз, мата (порша), көк мата, қатты қағаз, ине, жіп, қайшы қажет болады.
Жасау тәсілі:
Қатты қағазға ою үлгісін басу, қию.
Үлгіні поршаға, қатырма қағазға басу, қию.
Екеуін қосып көктеу.
Артық жерін қию.
Қолмен жиегін кестелеп тігу.
Көктеген тігісті алу, тегістеу.
Көк матаға тігу.

VI. ТҚЕ сақтау
Қайшыны сап жағын ұсыну.
Құралдар оң жақта тұрады.
Инені көз жағымен беру.
Инені арнайы жастықшаға қадау.
Құрал-жабдықтар арнайы қорапшаға жинау.
Жұмыс орнын таза ұстау.
Жұмыс соңында құрал-жабдықтарды жинау.

ІҮ.Қорытынды.

V. Бағалау: Оқушыларды жұлдызшалармен бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: Аққу оюын матаға тігіп келу.
Ою туралы мақал – мәтелдер.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақтың ұлттық ою - өрнегі. Ою - өрнекті қиып, жапсыру

Қазақтың ұлттық ою - өрнегі. Ою - өрнекті қиып, жапсыру

Сабақтың мақсаты: Білімділік: ою - өрнек өнері бойынша білімдерін тереңдету, қазақтың ұлттық ою - өрнек өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру. ...
Ою – өрнек түрлері және дайындау реттілігі

Ою – өрнек түрлері және дайындау реттілігі

Мақсаты: 1. Ою – өрнектің түрлерімен таныстырып, оның бүктеу және қию әдістерін үйрету; 2. Оқушыларды халқымыздың салт – дәстүріне, қолөнеріне терең...
Қазақ ою - өрнегін ою әдістері

Қазақ ою - өрнегін ою әдістері

Әлжанов Боранбай Сағиұлы Білімі: Жоғары, К. Жұбанов ат. Ақтөбе МУ 1998 ж Мамандығы: Еңбек және сызу пәні мұғалімі Жұмыс орны: №77 орта мектеп...
Оюы көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп

Оюы көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп

ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы Крупская атындағы орта мектеп-балабақшасының технология пәнінің мұғалімі Саябаева Гүлғайша Жакеновна Сабақтың...
Ұлттық ою - өрнектермен жұмыс жасау

Ұлттық ою - өрнектермен жұмыс жасау

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектеп еңбек пәнінің мұғалімі Агибай Жанагуль Абдихалымқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×