Сайтқа кіру Тіркелу

Аппликация техникасы

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: оқушыларды еңбекке, аппликация туралы түсінік беру, бұйымдарды жасауға түсінік беру.
Дамытушылық мақсат: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өнерге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекіліктері:
Мата, мақта, қайшы, жіп, ине.
Пәнаралық байланыс: сызу, тарих, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Аппликация – киімдерді немесе үй жиһаздарын сәндеп безендіру үшін бүтін матаға мата, қағаз қиықтарынан өрнек жапсыру немесе желімдеу. Құрайтын мата не қағаз қалдықтары бір немесе бірнеше түсті болуы мүмкін. Құрақ тігетін не желімдейтін материалдарды алдымен крахмалдап (мал сүйегінен жасалған, иісі жоқ желіммен) үтіктеген жөн. Матаға немесе қағазға сурет, өрнекті түсіріп, сонан соң бөлшектеп, кесіп алып құрайды. Шеттерін жөргемдеп немесе әдіптейді. Кейде, суреттері мен өрнектер көмпиіп тұруы үшін мата қиығының астына жұқалап мақта салады. Құрақ үй жиһаздарының алуан түріне қолданылады. Әдетте, құрақ құрағанда белгілі бір сюжетке, халық ою - өрнектері мен аңыз – ертегілеріне негіздейді. Құрақты тігін машинасымен құрауға да болады.
Құрақ құрау үшін белгілі үлгімен (ою немесе сурет) түсті матаны қиып шығады да, оны бір - біріне қиыстырып құрайды. Серет - өрнектердегі бейнелерді № 60 - 80 жіппен бастырады да, жиегін №10 жіппен жөргемдейді. Құрақты құрап болған соң, сыртынан үтіктеп, жиектерін шығып тұрған артық жерлерін қиып тастайды. Осыдан кейін құрақты матаға жапсырып тігеді.
Қортындылау:
- Оқушылар, сендер бүгінгі құрақ үй жиһаздарының бірі екенін түсіндіңдер. Сонымен, аппликация деген не?
Серет - өрнектердегі бейнелерді нешінші жіппен бастырады?
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×