Сайтқа кіру Тіркелу

Бөкей Ордасының құрылғанына - 215 жыл

Бөкей Ордасының құрылғанына - 215 жыл
Нарын – Еділ мен Жайықтың арасындағы жалпақ құм. Бұл жерлерді бұрын қалмақтар жайлаған. Олар басқа жаққа көшіп кеткенен кейін елсіз, көп жылдар бос болатын. Міне осы қонысқа 1801 жылы, Жайықтың бергі бетін Нұрлыханов Бөкей сұлтан бастаған бір топ қазақтар келіп орналасты. Бұл Павелдің патшалық құрған кезі. Бөкейге ресми түрде рұқсат беруші де Павел болды.

Ішкі Бөкей ордасына орналасушы рулардың көпшілігі байұлы руынан. Қазақ шежіресі бойынша Байұлы он екі атаға бөлінеді. Соның бір бұтағы Беріш. Жалпы осы Астрахан өлкесінің аумағында Бөкей Ордасының құрылуының қысқаша тарихы мынадай:

ХVIII ғ. с. Қазақ даласында хан тағы үшін сұлтандар арасында талас күшейеді. 1749 жылы кіші жүз ханы болып сайланған Нұралының кіші ұлдарының бірі Бөкей сұлтан, хан тағына ие болу мүмкіндігінң болмауын сезініп, 1799 жылы Астрахан қазақ полкінің командирі Поповтың кеңесімен Ресей үкіметіне өзіне Орал (Жайық) өзені мен Волга(Еділ) өзенінің арасындағы 1771жылы Еділ қалмақтарының (Қытай жеріне ) өздерінің тарихи Отанына кері қайтуына байланысты босап қалған жерге көшіп баруға рұқсат ету туралы Астрахан губернаторы Кноринг арқылы өтініш жасайды. 1801 жылы І Павел: «Қырғыз – қайсақтардың Кіші Ордасының хан кеңесінде төрағалық етуші, Нұралы ханның баласы Бөкей сұлтанды өзіме ықыласпен қабылдаймын, қай жерді қаласа сонда көшуге рұқсат етемін және менің мархабатымның белгісі ретінде оған өзімнің суретім бар алтын медаль сыйлаймын» деген жарлық шығады. 1801 жылы Ресей императоры І Павелден рұқсат алған соң, Еділ бойындағы ен далаға Бөкей сұлтан бастаған 5 мың шаңырақ, шамамен 22775 адам көшіп барады. Кейінірек тағы да 1265 шаңырақ құраған 8333 қазақ қоныс аударып, Азиядан Европаға халықтардың ұлы көшін аяқтаған болатын.

Бөкей сұлтанмен Еділ бойына көшкен қазақтар негізінен 12 ата Байұлы тайпалары мен Жетіру тайпасының 3 руының және 6 ата Әлімұлының 1 руының өкілдері еді. Сонымен қатар Бөкей ордасында шамалы қарақалпақтар болып, олар Талов және Торғын бөлімдерінде, барлығы 80 шаңырақтай, жергілікті қазақтар мен араласып кеткен. Бұлардан басқа Ордада орыстар мен армяндардан бөлек, әртүрлі татар, бұқарлықтар мен Хиуалықтар да тұрған. 1806 жылы 19 мамырда Орданың шекарасы белгіленді.

1806 жылы Бөкейлік қазақтарға Орал(Жайық) өзенінен Боғдаға дейін, одан әрі Чапчачи арқылы қалмақ көштеріне жанаспай теңізге дейін көшіп баруға рұқсат етілді. Ал 1828 жылы Жайықтың арғы бетіне қазақтардың өте көп көшіп баруына байланысты, жердің тарылуы себепті, патша үкіметі қазақтарға одан әрі қоныс аударуға тиым салды.
Егер Бөкей көшпесе,
Жүрер едік біз қайда,
Шекараны өзге жұрт
Басқа жерден сызбай ма?!
Егер Бөкей көшпесе,
Еділ - Жайық бетке алып,
Құмнан аспай қалың жұрт
Қалар ма еді тоқталып?!
Қазақ мәңгі ұмытпас
Махамбеттей ақынды,
Батырлары бар елдің
Хандары да ақылды!
Қалың жаудан кім елін
Қорғай алса сол батыр,
Ел - тәуелсіз, жер - жаңа,
Шекарада Орда тұр!- деп жерлес ақын ағамыз Ғайса – Ғали Сейтақтың жыр шумағы осы оқиғаны меңзейді. Сол Жайықтың арғы бетіне қазақтардың қоныстануына септігін тигізген Бөкей 1812 жылы 1 мамырда Ресей патшасының жарлығымен Бөкей Ордасының ханы болып тағайындалып, 1815 жылғы қайтыс болады. Одан кейін Жәңгір хан 1824жылы 26 маусымда хан сайланып, 1845 жылға дейін билейді.
Жәңгір хан өз заманында Ішкі Бөкей ордасының экономикасының, мәдениетінің сауда қатынасының дамуына зор үлес қосады. 1826 жылы Орынборлық архитектор Тафаев бастаған Ресей құрылысшылары Жасқұс құмының батыс бетінде Жәңгір хан резиденциясы - Орда селосының негізін салады.

Хан ставкасының негізі 1827 жылы қаланған, бұл уақыт Жәңгір ханның Нарын құмында тұңғыш рет ағаштан салынған үй тұрғызған мезгіліне тұстас келеді. Сондай – ақ 1888 жылы мұсылмандық мешіт сонымен қатар аурухана, мектептер, казактар командасының казармасы, түрме және әртүрлі мекемелер болды. 1841 жылы Ордада Жәңгір ханның бастамасымен балалар грамматика, математика және басқа пәндер бойынша білім алатын жоғары мектеп ашылды. Ол архив құжаттарында училище деп жазылғанмен, халық аузында «Жәңгір мектебі» болып аталып кетті. Осы мектептің қабілеті жоғары зерделі түлектері Ресейде білімін жалғастыруға мүмкіндігі болды. Сол Жәңгір мектебінің түлектері қоғам қайраткері, ағартушы Сейітқали Меңдешов, Салық Бабажанов, Бақтыгерей Құлманов, Мақаш Әкімдер Бөкей ордасында ел үшін қызмет атқарады. Жалпы Жәңгір ханның көшіп қонып жүрген қазақтарды отырықшылыққа айналдыру және белгілі бір кәсіпшілікпен айналысу мақсатында ел үшін ең маңызды болғаны жәрмеңкелер ұйымдастыруы. Бұл Ордадағы жәрмеңкелер көптеген поселкелер мен елді мекендердің ашылуына септігін тигізді. Сондай ақ Бөкей Ордасының материалдық және рухани мәдениеті де қатар дамып өркендейді. Сауда қатынасы кезінде хан өзі Ұзақ, Құрманғазы және Дәулеткерей куйлерін тыңдап тамашалаған. Жәңгір ханның саясаты елдің ел болып етек жеңін түзейтін мезгілінің келгенін баяндайды. Осынау бір өлкеміздегі Ішкі Бөкей ордасының тарихы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына тұспа - тұс келіп отырған 215 жылдығы. Қазіргі таңда жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруды, өз Отаның патриоты болуға тәрбиелеуде ел азаматтары осы көненің көзіне айналған Бөкей ордасының тарихын күні бүгінде кейінгі ұрпаққа мұра ретінде қалдыруға ат салысып жатыр. Яғни тарихымызды саралай отырып өз туған жеріміздің ұлттық құндылығын кейінгі ұрпаққа ұлықтап, баяндап, оны қадірлеуге тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз.

Батыс Қазақстан обылысы, Орал қаласы,
Тарих пәнің мұғалімі Китанов Берік Қуанышұлы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Салқам Жәңгір

Салқам Жәңгір

Салқам Жәңгір – 1645 жылы туып, 1652 жылы қайтыс болған Есім ханның ұлы. Салқам Жәңгір хан тағына Есім хан өлген соң отырады. Жәңгір хан бойы аласа,...
Абылай хан

Абылай хан

Қазақ Ордасының ханы, Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. 1743 жылға дейін Орта жүздің сұлтаны болған. Әбілмәмбет хан...
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі

Туған жердің тарихын, соның ішінде Махамбет пен Исатай бастаған көтерілістің себеп - салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, Тастөбе түбіндегі шайқас оның...
1836 - 1838 жылдардағы Ішкі (Бөкей) Ордасындағы шаруалар көтерілісі.

1836 - 1838 жылдардағы Ішкі (Бөкей) Ордасындағы шаруалар көтерілісі.

"Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе тілегі елдің"- демекші, туған жердің тарихын, соның ішінде Махамбет Өтемісұлының өмірі,...
ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес

ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі Абжаппарқызы Мира...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×