Сайтқа кіру Тіркелу

Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы

Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
*Тәуекел ханның кезіндегі қазақ хандығының нығаюы туралы оқушыларға жан жақты түсінік беру.
*Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын тудыру, өз ойларын айтуға жетелеу, ойлау қабілеттерін дамыту;
*Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы көреген саясатына оқушылардың назарын аударып, адамгершілікке, елінің, туған жерінің тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тарихи маңызды суреттер, қосымша дереккөздерінен алынған сөйлемдер, тарихи - әдеби кітаптардың шағын көрмесі, кестелер т. б.
Сабақ түрі: Аралас.
Әдіс - тәсілдері: Ауызша баяндау, сұрақ - жауап, тестілік тексеру, сөзжұмбақ шешу, картамен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, география.
Сабақ жоспары:
1. Үй тапсырмасын тексеру: «Миға шабул»*Хақназар ханның әкесі кім?
*Хақназар ханның билік құрған жылдары.
*Қазақ хандығының батысындағы хандық
*Абд ар - Рашид қай елдің ханы
*Батыс Моңғолияны мекендеген тайпа.

2 Жаңа сабақты оқыту жоспары: Оқушыларды топқа бөлу.
Постер қорғау.
1-топ Тәуекел хан болу қарсаңындағы қазақ хандығының жағдайы.
2-топ Тәуекел ханның сыртқы саясаты.
3-топ Қазақ - өзбек қатынастары
4- топ Тәуекел ханның Орыс мемлекетімен байланыс орнату.

Жаңа сабақ бойынша мұғалім Тәуекелдің жас кезіне әскери істе де саяси істе де жетік, шын мәніндегі саясаткер болғанын, оның хандықты тек нығайтып қана қоймай, қазақ жерін кеңейтіп, қазақ хандығының беделін халықаралық деңгейге дейін көтергенін атап көрсетеді. Хан бұл жетістіктерге өзінің сәтті жасаған жорықтары мен жемісті дипломатиялық жұмыстарының нәтижесінде жеткен. Сондай жорықтардың бірінде Тәуекелдің алдына қойған басты мақсаты өзбек хандығына кеткен қалаларды қайтару болды.
Оқушыларға Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ. Біз бірде - бір елдің жерін жаулап алып, даламызға қосып алған емеспіз» деген сөзін негізге алып, Тәуекел хан мен өзбек хандығының арасындағы соғыстар туралы шағын эссе жазу тапсырылады

Тәуекел хан тұсындағы Қазақ ордасын құрған ұлттар мен ұлыстар.

▪ Қазақ ордасының туын көтерген ұлыс - тайпалар: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз, Қырғыз, Қатаған, Құрама Қарақалпақ.

▪ Бұл кезде ойраттардың біраз бөлігі Тәуекел ханға тәуелді болды. Тәуекел хан Мәскеуге жазған грамоталарында өзін «Қазақ - қалмақ ордаларының падишахы» деп таныстырады.

Қазақ - өзбек соғысы туралы қосымша дереккөздері не дейді екен?

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Қандыағаш қалалық № 5 орта мектептің
тарих пәні мұғалімі Алданова Венера Алтайқызы



Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×