7 - сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы Күні:
Сабақтың тақырыбы: §21. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Монғол империясының тарихымен таныстыру;
Шыңғысханның қазақ жеріне шапқыншылығы мен оның ауыр зардаптарын көрсету; басқыншыларға қарсы халықтар күресі мен ұлыстардың құрылуы туралы түсінік беру.
Жалпыдан негізгі мәселені ажырата алу үшін танымдық қабілеттерін дамыту, отанымыздың тарихынан сабақ алып, дұрыс қорытынды шығаруға, үйрету;
Оқушыларды Отанын қорғауға батылдыққа, ерлікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру, СТО, АКТ.
Көрнекілігі: суреттер, карта: 1. «ХІІІ ғасырдағы Қазақстанға Монғол - татар шапқыншылығы» картасы.
2. «XIII - XIV ғасырлардағы Монғол - татар шапқыншылығы» картасы. Қазақстанның саяси картасы.
3. Интерактивті тақта. Слайдтар.
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
ІҮ. Сабақтың бекіту
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылармен сәлемдесу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Әбу Наср әл - Фараби қай жерлерде білім алған?
2. 2. Әбу Райхан әл - Бирунидің аспан денелеріне қатысты қандай жаңалық ашқан?
3. Махмуд Қашғаридің еңбегі туралы орыс ғалымдары қандай пікір білдірді?
4. «Құт негізі - білік» кітабы несімен ерекшеленді?
5. Қожа Ахмет Иасауидің әулиелігі неде?
6. «Сопылық» дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Монғол империясының құрылуы.
2. Монғол империясының қоғамдық құрылысы.
3. Монғолдардың қазақстанды жаулап алуы.
4. Жаулап алудың зардаптары.
5. Ұлыстардың құрылыстары.
1. Монғол мемлекетінің құрылуы (хронологиялық бағыттағы талдау)
1155 ж.(1162 ж.) Темучиннің дүниеге келуі
1171 ж. әкесі Есугейдің қаза табуы
1184 ж. Темучиннің монғол тайпаларының билеушісі болуы
1189 - 1206 ж. Көрші тайпаларды бағындыру жорықтары
1206 ж. Монғол мемлекетінің құрылуы. Темучиннің Шыңғысхан атануы
1207 - 1208 жж. Енисей қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын басып алды.
1207 - 1209 жж. Таңғұттарды, Тұрфан кінәздіктерін, ұйғырларды бағындырады.
1211 - 1215 жж. Қытайға жорықтары.
2. Монғол империясының қоғамдық құрылысы
1. Шыңғысханның Қазақстанға жорықтары (хронологиялық талдау жазу)
Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы
1217 ж. Күшлікке қарсы Жебе ноянды аттандырады.
1218 ж. Жетісу жеріне еніп, Отырарға сауда керуенін аттандырады.
1219 ж. 150 мың әскер Ертіс, Сырдарияға аттанады. Отырарды қоршау.
1220 ж. Отырардың жау қолына көшуі
1219 - 1220 жж. Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға бағынуы
1219 - 1224 жж. Қазақстан мен Орта Азияны монғолдар толық жаулап алды.
1227 ж. Шыңғысхан мен оның ұлы Жошының қаза табуы
Интерактивті тақтадан видео көрсетілімі. ( Отырар қорғанысы)
4. Қазақстан жері кімдердің ұлысына енді?
Тапсырмалар:
1 - топқа. Тарихи сынақ хат.
Шарты: Сөйлемнің ішінде бос тұрған орындарды қажетті сөздермен толықтыру.
1. ХІІІ ғасырдың басында.............. хандықтарының шекарасына іргелес жатқан монғол тайпалары бірде тату, бірде араз өмір сүрген.
2. «Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы................ болды.
3. 1217 жылы Шыңғыс хан Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға............. аттандырады.
4. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласқан............... қаласы үш ай бойы,............. қаласы он бес күндей берілмеген.
5. Шапқыншылық әсерінен........... қаласы жойылып кетті.
6. Жетісу аймағындағы халықтың монғол шапқыншылығына онша қарсылық көрсетпегенінің өзінде........... қаңырап бос қалды.
7. Шыңғыс ханның кіші баласы............... Бұхара қаласына бет алады.
2 - топқа. РАФТ әдісі
Роль – 7 - сынып оқушылары
Аудитория – Отырар халқына
Форма – Хат
Тақырыбы – «Отырар қорғанысы»
3 - топқа. «Жылдар сөйлейді»
1. 1206 жылы –
2. 1207 - 1208 жылдары –
3. 1211 - 1215 жылдары –
4. 1218 жылы –
5. 1219 жылы –
6. 1219 - 20 жылдары –
7. 1219 - 1224 жылдары –
4 - топқа. Шыңғысханнан қалған өсиет сөзді құрастыр.
А Л Ұ Қ А С
С Ғ А Д М А
Ы Ы М А Ы Л
Н Б А Л Л Ұ
Қ А С Ұ О Қ
Ұ Й Ы Қ Қ М
Р Р Н М М Е
А А Ғ Ы І Н
Ғ А Н Е Л Е
Қ Ұ Л А Ш Д
«Ой қорыту стратегиясы»
Не білемін? Не үйрендім? Не білгім келеді?
Бағалау. Топ жетекшілерінің өз топтарының жұмысына беретін бағасы және өзге топтарға беретін бағасы. Қорытынды бағаны оқушылардың сабаққа қатысына байланысты мұғалімнің қояды.
Үйге тапсырма: §22. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
- moni_n_92
- 7 қаңтар 2016
- 5816
- 0
- 0
Ілмек сөздер: монғол шапқыншылығы, тарих пәнінен сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Монғол мемлекетінің құрылуы, оның қоғамдық құрылысы, Шыңғыс ханның жаугершілік соғыстары, оның себеп – салдары және қазақ халқының этникалық құрамы...Алтын Орда
Целиноград ауданы, Р. Қошқарбаев ауылы №43 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Рүстемова Жадыра...Ақ Орда
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның Тарих және құқық пәндерінің мұғалімі: Бакеева Гульшат Кайржанқызы...Алтын Орда (ХІІІ-ХІҮ ғ.ғ.)
Атырау қаласы, Атырау селосы, Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Жаленова Ақмарал Қайыпқалиқызы...Батыйдың орыс жеріне жорығы
Атырау қаласы, Атырау ауылы Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Жаленова Акмарал Қайыпқалиқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.