Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының
Ғ.Молдашев атындағы ОЖББ мектебінің
тарих және география пәндерінің мұғалімі
Стамғазиев Нурбек Алибекович
Сабақтың тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған 1837 - 1847 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе тілегі елдің» - демекші туған елдің тарихын, Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісі жайлы жан - жақты мағлұмат беру және көтерілістің мақсатын, барысын, нәтижесі, тарихи маңызы жөнінде білім беру.
Тәрбиелік: «Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз»- дегендей, өз отанының тарихына деген сүйіспеншілікке, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Бұл көтерілістің аса маңыздылығы қазақтың үш жүзін және бүкіл қазақ даласын қамтыған ірі көтерілістердің бірі болғандығын және қазақ халқының тәуелсіздікке бағытталған көтерілістерінің бірі екендігін ұғындыра отырып осындай қиындықтармен келген «Тәуелсіздікті»баянды етуге осы ұрпақтың әрқайсысы міндетті екенін ұғындыру.
Сабақтың түрі: Түсіндірмелі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, оқушының өзіндік жұмыс парағы, карта.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, тест.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
2. Өткенді қайталау (тақтаға 10 сұрақ ашылады оқушылар жауап бергеннен кейін, төмендегі бағалау нормаларына қарап өзін - өзі бағалайды.)
Қазақстанда отаршылдық езгінің күшеюі(тақырыбы)
1. Жаңаелек шебі қашан құрылды?
2. Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс қашан болды?
3. Жаңаелек шебін жасауда қазақтар қанша жерлерінен айырылды?
4. Патша үкіметі Ғұбайдулланы қайда, қандай қызметке тағайындады?
5. Қандай ережеге сай қазақтар тағыда 4млн десятина жерінен айырылды?
6. 1825ж жазалаушы экспедиция қай өзендердің бойындағы қазақтарды аяусыз қырып жойды?
7. Жаңаелек шебі құрылғанға дейін Елек өзені бойында қандай рулар көшіп - қонып жүрді?
8. Елек өзені бойында негізі қаланған бекініс - қорғандарды ата.
9. Саржан Қасымұлының жасағы қашан патша үкіметінің әскеріне ашық шабуылға шықты?
10. Жаңаелек шекара шебінің құрылысы қашан аяқталды?
Дұрыс жауаптар:
1. 1810ж
2. 1822 - 1825жж
3. 600 мың десятина
4. Көкшетау округі, аға сұлтан
5. 1835ж 8 - наурыз «Орынбор губерниясының қырғыз (қазақ) даласы мен шекарасында жаңа шекара шебін құру туралы»
6. Бұлдырты. Шиелі, Тамды
7. тама, табын
8. Изобильная, Боранды, Жаңаелек, Линев, Көмірлі, Вятлянская, Бердянская
9. 1826ж 31 - қаңтар
10. 1822ж
Бағалау
10, 9 - «5»
8, 7, 6 -«4»
5, 4 - «3»
2, 1 - «2»
3. Жаңа материалдарды меңгеру
Тақырып басталар алдында оқушыларға сұрақ қойылады:
1. Миға шабуыл. (Еске түсірейік!)
Патша үкіметіне қарсы қандай көтерілістермен таныстық?
Міне сондай көтерілістердің бірі!
Сабақтың тақырыбы:
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс
Жоспар:
Біз бұл сабақта мынадай мәселелерді қарастырамыз:
1. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері.
2. Кенесары Қасымұлы - аса көрнекті мемлекет қайраткері.
3. Көтерілістің басталуы.
4. Қазақ хандығының қалпына келтірілуі.
5. Ханның алым - салық және сауда саттық саясаты.
6. Қарулы күштердің құрылуы.
7. Патша үкіметінің жазалау әрекеттері.
8. Долгов және Герн бастаған елшіліктердің Кенесары ордасына келуі.
9. Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі.
10. Кенесары әскерлерінің Ұлы жүз аумағына қарай шегінуі.
11. Көтерілісшілердің Қырғызстан аумағындағы қимылдары.
12. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен салдары. Көтерілістің тарихи маңызы.
1. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері.
Хандық биліктің жойылуы
Қазақтардан әскери бекіністер салу үшін
Көтерілістің себебі: жерлерін тартып алуы.
Салықтың көбеюі, өз жерін өзі жалға алуы.
Казактардың қазақ ауылдарына жиі шабуыл жасауы
Презентациясын жүктеу
Толық нұсқасын жүктеу
Кенесары Қасымұлы көтерілісі
- stamgaziev85
- 22 қараша 2015
- 4105
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Кенесары Қасымұлы көтерілісі, көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері
Ұқсас жаңалықтар:
1836 - 1838 жылдардағы Ішкі (Бөкей) Ордасындағы шаруалар көтерілісі.
"Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе тілегі елдің"- демекші, туған жердің тарихын, соның ішінде Махамбет Өтемісұлының өмірі,...1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс
Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының...1837-1847 жылдардағы К. Қасымұлының көтерілісі
Мақсаты: 1. К. Қасымұлы көтерілісін саралап, ол отарлық езгіге қарсы ең ірі көтеріліс екенін айқындап, тарихи маңызына сипаттама бере отырып, оның...ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі Абжаппарқызы Мира...1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Сейітәлі Гүлнәр Тәжнеқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.