Сайтқа кіру Тіркелу

Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат

Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат
Мақсаты: Отанын, өз жерін сүйе білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
1 - жүргізуші: Арай Тәуелсіздік...... Осы бір ғана сөздің астарында қаншама қайғы - қасірет, қаншама жүрегі елім, жерім, халқым деп соққан, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты жастарымыз бен ұрпағым деп қасықтай қаны, шырқыраған жаны қалғанша ұлтарақтай жері үшін, атамекен елі үшін жанын пида еткен ата - бабаларымыздың рухы жатыр.
2 - жүргізуші: Алтынай Тәуелсіздік – бұл егеменді еліміздің ең биік тұғыры. Бұл тәуелсіздік жолында қаншама ғасырды бастан кешірдік. Туған жерімізде еркіндік орнату үшін бар жанымызды салып, болашаққа үлкен үмітпен қарадық. Азаматтық туы көкте желбіреп, бостандық қыраны көгімізде еркін самғап қалықтауы үшін өткелі қиын, бұралаң жолдардан өттік. Батырлығымыз бен жігерлігіміздің және рухымыздың жоғарылығының арқасында аңсаған тәуелсіздікке де қол жеткіздік.
1 - жүргізуші: Арай Міне бүгін тәуелсіздігіміздің арайлап атқанына 23 жыл! Осы жылдар ішінде саяси жүйесі тұрақты, экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі зор қуатты мемлекетке айналдық. Еліміздің сайын даласы Сарыарқаның төріне көрікті де қабілетті, сәулетті Бейбітшілік шахары Астана арқылы жаһандық әлемге жаңа Қазақстанды аштық. Мұндағы мақсат – Астан арқылы егеменді еліміздің қарышты даму қарқынын бүкіл әлемге паш ету. Бүгінгі Елордамыз Түркі әлемінің астанасына айналып отыр.
2 - жүргізуші: Алтынай Біз тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы мәдениетіміз бен салт - дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді қайта өркендеттік. Тәуелсіздігіміздің рәмізі саналатын әнұранымызды, туымызды, елтаңбамызды және төл теңгемізді сайладық. Бірлігіміз бен бейбітшілігіміздің негізі Конституциялық заңды бекітіп, айбарлы айбарымызды құрдық. Көптеген елдермен экономикалық қарым қатынас орнату арқылы бүкіл әлемге қайтпас қайсар қазақ деген халықтың бар екендігін жария еттік.
Мұғалім: Биыл тәуелсіздігімізге 23 жыл. Мақсатымыз - бәсекеге барынша қабілетті дамыған елу елдің қатарына ену.
Қазақстанның болашағы жарқын.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Егемен Қазақстан үшін жасаған аса маңызды жұмыстарын атап өтейік.
Ел тәуелсіздікке қол жеткізді.
Егемен Қазақстан жаңа конституциясы жасалды.
Барлық көршілес елдермен мемлекеттік шекаралар заңдастырылады.
Ядролық полигон жабылды.
Ұлттық валюта енгізілді.
Қос палаталы Парламент құрылды.
Қазақстан Республикалық Қарулы күштері жасақталды.
Жаңа астана тұрғызылды.
Ән: «Қазақта ел қайда»
Тәуелсіздік - ырыс, бағы халқымның
1 - оқушы: Қонанова Айсана
Тәуелсіздік - түбегейлі арманы боп қазақтың,
Толық жеңіп алу үшін еркін өмір, азат күн,
Озбыр, қатал кезеңдерде қылышынан қан тамған,
Қайран менің халқым, көрді - ау не түрлісін азаптың!
Ұйтқи соғып дүлей, көз аштырмай шаң басты,
Жанға жайсыз осы жағдай ұзақ жылға жалғасты.
Қайран халқым, қасіретті, зұлмат жайға тап болып,
Көрді небір тауқыметті, күні түнге ұласты.
2 - оқушы: Есмырза Камшат
Жазықсыздан жазаланды небір текті, білікті,
Жазалаушы озбыр жүйе ұлт жағайын ұмытты.
Әділетті жарық дүние, жарқын өмір аңсаған,
Небір ерлер сұм жендеттің назарына ілікті.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік бастауы желтоқсан

Тәуелсіздік бастауы желтоқсан

Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу....
Тәуелсіздік – елдігімнің тұмары, ерлігімнің шынары

Тәуелсіздік – елдігімнің тұмары, ерлігімнің шынары

Өз елін, өзінің кіндік қаны тамған туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін түсінбейтін адам жоқ. Біздің туған еліміз – Қазақстан! Даласы қараса...
Желтоқсан шеруі

Желтоқсан шеруі

Желтоқсан оқиғасын оқушыларға танытып білдіру; Тәуелсіздікке қалай қол жеткенімізді; Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жеткен кезеңдерін...
Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным! атты іс - шара

Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным! атты іс - шара

Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы айту арқылы студенттер бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру...
«Қазақ елім- Отаным»

«Қазақ елім- Отаным»

Таңғажайып атыңда дәл табылды, Табылды да талай жұртқа танылды. Туған елім көкке жетті көк туың, Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×