Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға жалпы ақша туралы жан - жақты мағлұмат бере отырып, оның шығу жолдары мен тарихына шолу жасау;
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Әр түрлі деңгейлік тұрғыда оқушылардың ой - өрісін қалыптастыру, сұрақтарға жауап беру арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, бірінің жауабын бірі тыңдай білуге және де өзара сыйласуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабағы
Сабақтың көрнекілігі: ақша макеті, кесте, сұрақтар, ақша нышандары, топ атаулары, нақыл сөздер, бүктемелер «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы», «Шет ел валюталары».
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Нарықтық экономика негіздері пәні бойынша апталығының барысында бүгін «Ақша тиыннан құралады» атты топаралық сабақтан тыс интеллектуалдық ойын сабағын бастаймыз. Күнделікті қолымызға ұстап, қолданып жүрген ақшаның тарихына зер салып қарасақ, оның дамуы бірнеше сатыдан өткеніне көз жеткіземіз. Металл тиындар шыққанға дейін ақшаның міндетін түрлі тауарлар – мал, сәндік заттар, металл қарулар атқарған. Сондай - ақ айырбас заттары ретінде балық, жеміс, мал мен жануар терілері, ұлу қабықтары, піл сүйегі және тағы басқалар пайдаланылған.
Ең бірінші ақша қай елде пайда болды десек, ол Қытайда пайда болған екен. Мәселен, Қытай Юаньхэ династиясы билігі кезінде (806 - 821жж) ауыл салмақтағы металл мәнеттердің орнына мемлекеттік қағаз ақшалар қолданылған. Ол «ұшатын мәнеттер» деп аталған. Юань династиясының билігі кезінде (1280 - 1368 жж) айналымда қағаз ақша басты рөл атқарды.
Енді ақша туралы не біледі екенбіз, соған көз жеткізу үшін ойынымызды бастаймыз.
Ойын мына жүйеде құрылады:
І - кезең
Әр топтың эмблемасы, ұраны, сәлемі
ІІ - кезең
«Кім жылдам?»
ІІІ - кезең
Мақал - мәтел сайысы
ІV - кезең
Кесте толтыру
V - кезең
Ашық сұрақ
VІ - кезең
«Кім білгір?»
VІІ - кезең
Ақша макетін құрастыру
«Ақша тиыннан құралады» интеллектуалдық ойынына І - ІІ курс оқушылары қатысады.
І - топ «Миллионер»
ІІ - топ «Кәсіпкер»
Әділ - қазылар мүшесі:
ІІ - кезең
«Кім жылдам?» кезеңі бойынша ең алғашқы шыққан теңгеде қай тұлғалардың суреттері бейнеленген?
І - топ ІІ - топ
1 теңге - 3 теңге -
10 теңге - 5 теңге –
50 теңге - 100 теңге
ІІІ - кезең
Мақал - мәтел сайысы бойынша І - топ «базар - сауда», ІІ - топ «ақша - байлық» туралы он мақал - мәтел айтуы керек.
І топ ІІ топ
Базар, сауда туралы мақал – мәтелдер. Ақша, байлық туралы мақал – мәтелдер.
1. Базарға барып бағыңды сына. 1. Алтын көрсе, періште жолдан таяды.
2. Үйдегі ойды базардағы нарық 2. Алтын тапсаң санап ал.
бұзар.
3. Базары жақын байымас. 3. Мың ділдә - бардың қалтасында,
4. Базар ақшалыға базар, Жоқтың аузында.
Ақшасыздың өзі де азар. 4. Ақшасыздың қолы келте,
5. Базарда бәрі бар, Жалқаулардың тоны келте.
Ақшаң болса әрі бар. 5. Ақшасы көптің түкірігі жерге тимес.
6. Базардан қалған бір күн қалар, 6. Байлықтың атасы – еңбек, анасы - жер.
Егістен қалған бір жыл қалар. 7. Байлық қашады, еңбек қуады.
7. Делдалды базарда көр, 8. Байлық басыңнан кетсе,
Молданы базарда көр. Достарың қасыңнан кетеді
8. Сауда сақал сипағанша 9. Байлықтың кілті – ғылым.
9. Саудада достық жоқ, 10. Байлық - мұзға жазылған сөз,
Есепсіз заттың парқы жоқ Білім – тасқа жазылған сөз.
10. Алушы мал таныса,
Сатушыға не тұрыс.
ІV - кезең
Кесте толтыру. Екі топ оқушыларына таратылған кестедегі валюталарды рет - ретімен орналастыру.
Төмендегі мемлекеттердің валюталарын рет - ретімен жаз
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.