Сабақ тақырыбы: 1837 - 1847 ж. ж Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Мақсаты:
1. К. Қасымұлы көтерілісін саралап, ол отарлық езгіге қарсы ең ірі көтеріліс екенін айқындап, тарихи маңызына сипаттама бере отырып, оның алдындағы көтерілістерден ерекшелігін табу.
2. Топта жеке жұмыс істеуге, оқулық мәтінімен қоса құжат мәліметтерін қосып, бүгінгі күн мәселесімен сабақтастыра отырып, қорытындыны өздігінен жасауға шыңдай түсу.
3. Ұжымшылдыққа, адамгершілікке, достыққа баулу.
Көрнекілігі: портрет, схема, қағаз, плакат.
Интерактивтік әдістер: Миға шабуыл, құжатпен жұмыс, мәтінмен жұмыс – жоспар құру.
Сабақтың барысы:
1. Мақсатымен таныстыру
2. Миға шабуыл
Сұрақ: Патша өкіметінің 19 ғ. 30 - шы жылдардағы Қазақстанда жүргізген отарлау саясаты неден көрінді?
- Қазақ халқы үшін аса маңызды жайылымдарды басып алды.
- Қазақ ауылдарының тоналуы, қаналуы.
- Патша өкіметінің қарулы отрядтарының ауылдарды тонауы.
- Қазақ жүздерінің жүйелі түрде саяси еркіндігінің шектелуі.
2. Құжатпен жұмыс. 1) Г - губернаторға К. Қасымұлының хаты.
О. М. М 347 - қор, 2 – тізім, 25 - іс, 15 - 16
а) өздігінен танысу
б) топта талқылап мына сұраққа жауап беру:
К. Қасымұлының көтерілісінің басты себебі не? (отарлау)
3. К. Қасымұлының Г. Генске (Орынбор шекаралық комиссиясының бастығы) хатынан: Казак отрядтары 1825, 1827, 1830, 1832, 1836 - 1837 ж. 2 рет, 1840 ж. 3 рет қазақ ауылдарын тонап, қырып кетті, бір бауырымды, сүйікті жарым Күнімжанды тұтқындап отыр. Барлық талас мәселелерді бейбіт шешуге тырысамын.
Сұрақ: 1) Патша өкіметі мәселені бейбіт шешуі мүмкін бе?
Жауап: 1. Қазақты дегеніне жібермеу.
2. Биліктен айыру.
3. зорлық - зомбылықты күшейту.
Кенесарының жаңа табылған хаты:
Біздің ата – бабамыз бізге мұра қылып тастап кеткен Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Тобыл, Құсмұрын төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер түгел тартылып алынды, оларға бекіністер салды. 1825 – 1840 ж. дейін жазалаушы отрядтар ауылымызды 15 рет шауып өтті. Сондықтан да ендігі жерде менің халқым бұл басқыншылыққа шыдамайды. Ал мен болсам қаруланып, күресті бастауға аттандым.
4. Өздік жұмыс. Мәтінді параграфқа қатысты оқу. Схема бойынша оқи отырып күрделі жоспар құру.
1. Көтерілістің себебі?
2. Көтерілістің мақсаты.
3. Көтерілістің барысы, шешуші кезеңі.
4. К. Қасымұлы – мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат.
5. Жеңілу себебі, тарихи маңызы.
Тексеру: жекелеген жоспарды құру.
5. Пысықтау: сынып 3 топпен жұмыс істейді.
«Жалғыз құс жол таба алмайды, топпен ұшады»
1 - топ: К. Қасымұлының көтерілісін С. Датұлы көтерілісімен салыстыру.
2 - топ: К. Қасымұлының көтерілісін Е. Пугачев көтерілісімен салыстыру.
3 - топ: К. Қасымұлының көтерілісін И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлының көтерілісімен салыстыру.
Жалпы сыныптық пысықтауға сұрақ:
К. Қасымұлының көтерілісінің тарихи маңызы неде?
Қорытынды: 1986 ж. Көтеріліс – 1837 - 1847 ж. көтеріліс.
Үйге тапсырма:
Бағалау:
1837-1847 жылдардағы К. Қасымұлының көтерілісі
- Думан
- 14 наурыз 2015
- 2922
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлының көтерілісі, тарихтан ашық сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс
Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының...Кенесары Қасымұлы көтерілісі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: «Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе тілегі елдің» - демекші туған елдің тарихын, Кенесары Қасымұлы...ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі Абжаппарқызы Мира...Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, Жаңабұлақ ОЖББМ тарих пәні мұғалімі Молдашев Сансызбай Пауетденұлы...1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Сейітәлі Гүлнәр Тәжнеқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.