Пәні: Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: Византия империясының құрылуы
Сабақтың мақсаты: Ежелгі мемлекеттердің бірі Византия тарихымен танысу.
Білімділік: Шығыс Рим империясының ұзақ өмір сүру себептерін ашып көрсету. Бұл мемлекеттің ертедегі орта ғасырдағы және дамыған орта ғасырдағы аумағын көрсете отырып, Юстиниан билігі туралы толық айту.
Дамытушылық: Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Белсенді, білімді, тарихи санасы қалыптасқан тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: карта, суреттер, сызба - нұсқалар, кітап
Пәнаралық байланыс: география, математика, биология
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын өз еріктерімен айтып бергісі келген 1 - 2 баладан сабақ сұрап, қалған балалардан сұраққа жауап беру арқылы бақылаймын.
Рим империясының құлауының басты себебі неде?
Франк мемлекеті қашан құрылды?
Француз тілінің негізін ежелгі қай халықтардың тілі құрады?
Жаңа сабақ
Жоспары:
1. Рим империясының екіге бөлінуі.
2. Өкімет билігі.
3. Юстиниан және оның заңдары.
4. Славияндардың шапқыншылығы.
5. Арабтар шапқыншылығы.
Рим империясының шығыс аймақтары экономикасының даму деңгейі жағынан варварлар шапқыншылығынан зардап шеккен батыс аймақтардан әлдеқайда алда болды. Сол себепті император Константин 324 жылы астананы Рим қаласынан Босфор бұғазындағы Византий деген шағын қалаға көшірді. 330 жылы ол қаланың аты Константинополь деп өзгертілді. 395 жылы Рим империясы ресми түрде Батыс және Шығыс болып екіге бөлініп кетті. Византия империясы Еуропаға, Азия мен Африкаға дейін созылып жатты. Оның құрамына Балқан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет, Месопатамия мен Арменияның біраз бөлігі, Жерорта теңізінің шығысындағы аралдар мен Қырымдағы, Кавказдағы иеліктер кірді.
Византия қоғамында «димдер» деп аталған саяси партиялардың ықпалы зор болды. Олардың ішінде, әсіресе («жасылдар») мен прасиндер («көктер») партиялары ерекше оқшауланатын. 532 жылы осы партиялардың басшылығымен болған Ника («жеңу») көтерілісі әрең дегенде басылды.
Мемлекеттігі жағынан Византия империясы бір адамның шексіз билігіне бағындырылған монархия болды.
Империяның дәуірлеу кезеңі(527 - 565 жылдар)
Себептері
Варварлардың жойқын шапқыншылық - тарына ұшырамады Құнарлы жері мен қолайлы табиғи жағдайы Ауыл шаруашылығы жоғары қарқында дамыды. Ерікті жер иеленушілер мен шаруалар қауымы басым болды.
Сабақты бекіту: «Византия» деген атпен белгілі болған Шығыс Рим империясы қашан құрылды?
Юстиниан қандай басшы болды? Ол алдына қандай мақсат қойды?
Юстинианның заңдары қандай маңызға ие болды?
Неліктен Шығыс Рим империясы славяндардан жеңіле берді?
Византия қашан феодалдық мемлекетке айнала бастады?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §3 параграфты оқып келу.
Ақтөбе облыы, Әйтеке би ауданы,
Ақкөл ауылы Абай атындағы орта мектептің
тарих пәнінің оқытушысы Далеуова Зауреш Асауовна
Византия империясының құрылуы
- zauresh.daleuova
- 23 қазан 2019
- 30398
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Византия империясының құрылуы, тарих пәнінен сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Дүние жүзі тарихы бойынша тест сұрақтары жауаптарымен
Португалдықтар жеткенге дейін Үндістанмен сауда жасау кімдердің қолында болды? A) Монғолдардың. B) Арабтардың. C) Қытайлардың. D) Парсылардың. E)...Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Монғол империясының тарихымен таныстыру; Шыңғысханның қазақ жеріне шапқыншылығы мен оның ауыр зардаптарын көрсету;...Осман империясы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы. №5 орта мектебі. Медеубаева Айнур Култасовна...Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі: Байдосова Айнұр...Қытай
ШҚО, Үржар ауданы, Қызылбұлақ орта мектебі Жарқынбаев Нұржан Бейсенбекұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.