Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Шығыс даналары
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлы ойшылы, шығыстың ғұлама ғалымының өмірі мен тарихтағы орны туралы мағлұмат беру.
Білімділік: ІХ - ХІІ ғасырларда ғылымның дамуы және сол кезеңде өмір сүрген Қазақ жерінің ғалымдары туралы, олардың ғылымның дамуына қосқан үлестері туралы оқып білу.
Дамытушылық: Тарихи тұлғаға мінездеме беріп, оны өз ойымен корытындылай білуге дағдыландыру. Тарихи тілмен сауатты сөйлеуге үйрету. Ғылымға дұрыс баға беруге дайындау.
Тәрбиелік: Біртуар ғалымдардың бойындағы жақсы қасиеттерді, үлгіні оқушылардың өз бойларына қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: баяндау, пікірталас
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, «Қазақ елінің ежелгі ғалымдары» деген буклет. Әл - Фарабидің т. б. ғалымдардың портреті, қанатты сөздер жазылған плакат.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география
Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
Уақытты үнемдеу үшін, сыныпты екі нұсқаға бөліп, төмендегі тапсырманы екіге бөліп береді. Оқушылар белгіленген уақыт ішінде орындап шығып, бір параққа жазып маған тапсырады.
1 - нұсқа.
Мына сөздерді түсіндір:
• соғдылар................................................................................
• тат........................................................................................
• руна(сына).............................................................................
• «Диуани лүғат ат - түрік»..................................................
• христиандык........................................................................
2 - нұсқа.
• «Құдатғу білік»....................................................................
• қағанат................................................................................
• буддизм.................................................................................
• манихейлік...........................................................................
• христиандық.......................................................................
Одан кейін жалпы сыныптан параграфтың соңындағы сұрақ - тапсырмалар бойынша тақырыптың мазмұнын сұраймын. Сабақ айтқан оқушыларға сұрақ қоюға оқушыларды дағдыландыру керек.
Жаңа тақырыптың жоспары:
1. Қазақ елінің ежелгі ғалымдары.
2. Әл - Фарабидің өмір тарихы.
3. Әл - Фараби - энциклопедияшы ғалым.
Ең алдымен тақтада ғылым, білімнің маңызын ашатын қанатты сөздерге тоқталып, оқушылармен мағынасын талқылаймын.
«Шын білім әрдайым ақиқат, анық болатын білім».
Әл - Фараби.
«Ғылымды үйреніп, оны өмірге қолданбаған кісі – жерін айдап, дәнін сеппеген адамға ұқсас».
М. Сагди.
«Жер үстінде адам өмір еткізер, Бар нәрсеге білім қолды жеткізер».
Жаңа тақырып жоспарындағы бірінші тақырыпша туралы оқулықта жазылмағанымен, қосымша үйден дайындап келген «Қазак елінің ежелгі ғалымдары» деген буклет пен кестенің көмегіне сүйеніп түсіндіріп шығамын.
Буклеттегі ежелгі ғалымдардың портреттерін көрсетіп, өмір тарихы, ғылым жолындағы еңбектеріне тоқталамын.
Ғалымдар, туған жылы, жері Ең басты еңбегі Не туралы айтылған?
Жүсіп Баласағұн (1030 - 1090) қарахандар мемлекетінің астанасы Баласағұнда дүниеге келген. «Құтадғу білік» («Құтты білік» - қалай бақытты болу жайындағы ғылым) деген дастанды жазды. Саясат жүргізу, мемлекет басқару, әскери іс, адамдардың өмір сүруі, қайткенде әділетті, бақытты, ақылды, қанағатшыл болу сияқты адамдардың қасиеттері жөнінде айтылады.
Махмұт Қашқари, толық аты - жөні Махмұт ибн әл - Хусейн ибн Мұхаммед - XI ғасырда Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауындағы Барысқан қаласында туған. «Диуани лұғат ат - түрік» (Түркі тілінің сөздігі) еңбегін жазды. Орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың сөздеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарын тауып, ғылыми талдау жасаған. Мұнда түркі тайпаларының шығыстан батысқа қарайғы географиялық картасы берілген.
Қожа Ахмет Йасауи 1104 жылы Түркістан маңындағы Сайрам жерінде дүниеге келген. «Диуани хикмет» (Даналық жайындағы кітап). Шығармада өзінің бала күнінен 63 жасқа дейінгі өмірін баян етеді. Сонымен қатар қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, экономикасына қатысты бағалы деректер келтірілген.
Бұдан кейін негізгі тақырып, ғұлама ғалым әл - Фарабидің өмір тарихына, ғылымға қосқан үлесіне тоқталып, оқушыларға тақырыпты кезек - кезек оқытамын. Оқушылардың түсінігін тексеру үшін, төмендегі тірек сызба кестесін толтыртамын.
Әл - Фараби
Оқушылар оны алдымен жеке, сосын жұппен, содан кейін топтасып орындайды. Қойылатын талап - тірек кестені барынша көп толтыру болып табылады. Одан кейін тірек кестеге толтырылған сөздерді оқушыларға мазмұнына қарай, түрлі түсті маркерді пайдалана отырып, топтастыру ұсынылады. Әл - Фарабидің өмір тарихына, ғылым жолындағы еңбегіне қатысты жоспар құру тапсырылады. Біз төменде үлгі ретінде мына жоспарды ұсынамыз.
1. Әл - Фарабиді дүниеге әкелген отбасы.
2. Әл - Фараби білім жолында.
3. Өл - Фараби - энциклопедияшы ғалым.
4. Осы үлгідегі жоспар бойынша сабақты қорытындыланады.
Сабақты бекіту: Ол үшін төмендегі кесте толтырылады.
ІШІНЕ
СЫРТЫНА
«Ішіне» және «Сыртына» деген бағанға үйден бүгінгі сабаққа қатысты және қатысты емес сөздерді дайындап алып келіп, кезек - кезек араластырып оқушыларға оқытамын. Оқушылар «Ішіне» бағанына бүгінгі сабаққа қатыстысын жазады, ал қатысты еместерін «Сыртына» бағанына толтырады.
Бағалау:
Үйге тапсырма: 24 - параграфты оқып, соңындағы сұрақ - тапсырмалар бойынша дайындалып келу.
Шығыс даналары
- zauresh.daleuova
- 20 қазан 2014
- 21965
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шығыс даналары, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи
Ұқсас жаңалықтар:
Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»
Қожа Ахмет Йасауи ХІ - ХІІ ғасырда өмір сүрген, мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, ақын. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы...Ғылым мен білімнің дамуы
Атырау қаласы, №34лингвистикалық мектеп - гимназиясының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәні мұғалімі Орынбасарова...Әбу Насыр әл - Фараби
Мақсаты: Оқушыларды ұлы ғұлама Әбу Насыр әл - Фарабидің өмірімен таныстыру. Тілдік, сөздік қорын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру....Әл-Фараби Шығыстың ғұлама ғалымы
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі Өтепова Тойған Қуанышқызы...Махмұд Қашқари (1029-1101 жж.)
Махмұд Қашқари (1029-1101 жж.) Махмұд Қашқаридің толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед. Ол ХІ ғасырда Қашқарда туып, Баласағұн...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.