8 - сынып. Қазақстан тарихы.
І. Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері
ІІ. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтардың әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлерін жан - жақты талдауға, маңызын түсінуге үйрету.
ІІІ. Оқыту нәтижесі: Оқушылар тақырыпты "Ойлаудың алты қалпағы" әдісі арқылы жан - жақты талдауға, бағалауға тырысты.
IV. Ресурстар: 8 - сынып. Қазақстан тарихы оқулығы, ақ қағаздар, маркерлер, түрлі түсті қалпақтар
V. Сабақ кезеңдері:
Ұйымдастыру. Мұғалім оқушыларды белгілі тәртіппен алты топқа бөледі. "Ақ қалпақ", "Қызыл қалпақ", "Қара қалпақ", "Жасыл қалпақ", "Сары қалпақ" және "Көк қалпақ" топтарына бөлінеді.
Қызығушылығын ояту.
"Үйге қонақ келгенде қалай қарсы аламыз?" деген сұраққа оқушылар өз ойларын айтады.
Оқушылармен пікірлесу нәтижесінде өздері білетін қазақтың салт - дәстүрлерін, әдет - ғұрыптарын айтып шығады.
Жаңа сабақты меңгеру.
"Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: XVIIIғ. қазақ халқының әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері.
Сабағымыздың басында қазірге дейін сақталып келген салт - дәстүрлерімізді атап шықтық. Енді осы тақырыпты толық ашу үшін Эдвард де Бононың "Ойлаудың алты қалпағы" әдісін қолданамыз.
"Ойлаудың алты қалпағы" әдісі мынадай болады:
• Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру
• Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру
• Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”
• Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
• Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар
Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды
Оқушыларға тапсырмалар берілгеннен, топтасып дайындалуға 10 - 12мин уақыт берілді. Әр топ өзіне берілген тапсырмаға орай өзара ақылдасып, топтық жұмыс жасайды.
Топтық қорғау.
Топтар дайындалып болғасын, топтар өз жұмыстарын қорғауға көшті.
"Ақ қалпақ" тобы қазақтың салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары туралы толық мәліметтер келтірді. Қонақжайлылық әдет - ғұрыптары, әдептілік пен сыпайылылық, отбасы мен некеге байланысты қазақтың салт - дәстүрлерін жан - жақты ашып берді. Өздері білетін өмірден мысалдар келтірді.
"Қызыл қалпақ" тобы қазақтың салт - дәстүрлерін айта отыра, мысалы жұртшылық дәстүріне және асар дәстүрлеріне тоқталып, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарға ауыл болып көмектесуі, ауылдастары бірлесіп баспанасын салып беруге үлкен таңдану, құрметтеу сезімдерін жасыра алмады. Сонымен қатар қонақжайлылығына да қазақтар ғана емес, басқа халықтардың да таңдана жазғанын айтып кетті.
"Қара қалпақ" тобының міндеті қазақ дәстүрлерінің келеңсіздіктерін, кемшіліктерін атап өту болғандықтан, оларда өз міндеттерін толығымен орындап шықты. Әсіресе, "Белқұда", "бесік құда" дәстүрлерінің қазіргі заманға сай еместігін алға тартты. "Қыз алып қашу" дәстүрінің адам құқығына қарсы бағытталған дәстүр ретінде атап өтті. Сонымен қатар "әменгерлік","туысқанның баласын бауырына басу" дәстүрлеріне қарсы өзіндік ой - пікірлерін білдірді.
"Сары қалпақ" тобы қазақтардың дәстүрлерінің ішінен "жұртшылық", "ерулік беру" "үлкендерді құрметтеу", "бата беру" дәстүрлерін атап өтті. Олардың тәрбиелік маңызын атап өтті. Қазірге дейін осы дәстүрлеріміздің сақталмауының маңыздылығын атап өтті.
"Жасыл қалпақ" тобының міндеті: шығармашылық ойлау, жаңа идеялар айту болғандықтан, бұрынғы салт - дәстүрлерін дамыта отырып, жаңа дәстүрлер ұсынады. Қазіргі заманға сай жаңа дәстүрлерді ұсынды.
"Көк қалпақ" тобы барлық топтардың ой - пікірлерін толығымен тыңдап, жан - жақты талдауға кірісті. Әр топқа жеке - жеке тоқталып, жетістіктері мен кемшіліктерін талдап берді.
Сабақ соңында мұғалім қорытындылап, топтардың жұмысына толық баға берді.
Үйге "Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар" деген тақырыпта эссе жазу тапсырылды.
Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері
- гулсим
- 3 мам 2014
- 15893
- 0
- 0
Ілмек сөздер: әдет ғұрып, салт дәстүрлер, ойлаудың алты қалпағы
Ұқсас жаңалықтар:
Семей ішкі округінің құрылуы
Оқушыларға қорытындылау сабағында халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі - қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт - дәстүрлерді сонымен қатар...Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі Оқытушы: Солтанбек М. Б....Генетиканың қысқаша даму тарихы
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ташкеев Ақан...Ауылдағы тәрбие көзі.
Сабақтың тақырыбы: Ауылдағы тәрбие көзі...Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
Астана қаласы №63 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Серикбаева Индира Аманкелдиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.