1867 - 1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: ХІХ ғ. 60 - ж. Қазақстандағы басқару жүйесін өзгерту мақсатындағы реформаның дайындалғанын, оның мазмұны мен мәнін, сипатын көрсету.
Дамытушылық: Реформаның зардаптарын түсіндіру. Оқушыларды реформаның саяси, әлеуметтік салдарын қорытындылап, айқындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, өз еліне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: ҚР саяси картасы, сызба «Реформаның отаршылдық мәні»
Тақырып бойынша дайындалған слайд, суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Үйге тапсырманы пысықтау сұрақтар
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру
3. Жаңа сабақты бекіту
4. Үйге тапсырма
1. Үйге тапсырманы пысықтау сұрақтар
1. Махамбет және басқада ақындар шығармаларының мазмұны, мәні неде?
2. Қазақ халқының тұрмысында музыка қандай орын алады?
3. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін қалай сипаттауға
болады?
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
• ХІХ ғ. 60 жылдары қазақтарды басқару жүйесін өзгерту үшін И. И. Бутков басқарған комиссия құрылды.
• Қазақ даласын 2 облысқа бөлу жоспарланды:
• Батыс облысы, орталығы - Торғай.
• Шығыс облысы, орталығы - Сергиополь \Қарқаралы\
• Бұл ұсыныс қабылданбады.
• 1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған
“Дала комиссиясы” құрылды.
• 1865 жылы 5 маусымда ІІ Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жер иелену түрлері, ағарту ісі, сот ісі, салық, діни мәселелер т. б.
• Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш. Уәлиханов өз пікірін ұсынды:
• Халықтың өзін - өзі басқаруы негізінде қайта құру.
• Әлуметтік - экономикалық жаңалықтар енгізу.
Алайда бұл пікір қабылданбай, комиссия мүшелері реформаны қазақ жеріне тезірек жүзеге асыру мақсатында феодалдармен (ірі бай Мұса Шорманұлы, сұлтан Шыңғыс Уалиханұлы, сұлтан Сейдәліұлы) ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.
• 1867 жылғы 11 шілдеде “Сырдария мен Жетісу облыстары басқару туралы уақытша Ереже” бекітілді.
• 1868 жылғы 21 қазанда “Орынбор және Батыс Сібір генерал - губернаторлығын - дағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже” бекітілді.
Әкімшілік басқару құрылымы:
1867 - 1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақ жері
үш генерал - губераторлыққа бөлінді:
Батыс - Сібір генерал – губернаторлығы (Омбы)
Орынбор генерал – губернаторлығы(Орынбор)
Түркістан генерал - губернаторлығы(Ташкент)
1868 ж. 1867 ж.
21 қазан 11шілде
Көкшетау Баянауыл Орал Елек Сергиополь Қазалы
Омбы Зайсан Атырау Қостанай Қапал Перовск
Петропавл Көкпекті Калмыков Ырғыз Верный Түркістан
Сарысу Қарқаралы Жем(Темір) Торғай Ыстықкөл Шымкент
Тоқмақ Әулиеата
Ташкент
Ходжент
Жизақ
Реформа бойынша 5 сатылы басқару жүйесі енгізілді.
1. Ауыл (100 - 200 шаңырақ) - ауыл старшыны
2. Болыс(1 - 2, 3 мың шаңырақ) - болыс сұлтаны
3. Уезд - аға сұлтаны
4. Облыс - әскери - губернатор
5. Генерал - губернаторлық - генерал - губернатор
Уездік басқару:
Уезд бастықтарын әскери губернаторлардың ұсынуы бойынша генерал - губернаторлар тағайындады.
• Палиция, әскери бөлімдер, уездегі мекемелер, бекіністер
• әкімшілік және полицейлік билік шоғырладырылды.
Аймақтық басқару:
Генерал - губернатор барлық әскери және азаматтық билікті өз қолына алды.
Реформа бойынша
1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, кейін Закаспий облысына енгізілді.
1872 жылы Бөкей хандығы Астархань губерниясына бағындырылды.
Түркістан генерал - губернаторлығына Қытай, Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді.
Әкімшілік міндеттер:
Облыстық басқармалар – вице - губернатор қадағалады.
Басқарма 3 бөлімнен тұрды:
1) шаруашылық
2) сот
3) жарлықты іске асыру.
Шыңғыстың тұқымдары сұлтандар өмірлік зейнатақымен қамтамасыз етіліп, салықтардан босатылды.
Сырдарияда басқару билігі ақсақалдарға берілді.
Облыстық әскери губернатор бекіткен ақсақалдар үш жылға сайланды.
Ақсақалдарға қоладан құйылған арнайы белгі және мөр тапсырылды.
Ірі ақсүйектерден іріктеп алынатын болыс және ауылнайлар патша үкіметінің тірегі болды.
Әскери және азаматтық билік генерал – губернатордың қолына шоғырланды.
Сот ісін басқару құрылымы:
1Әскери - сот комиссиялары
2. Уездік соттар
3. Билер мен қазылар соты
Сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды.
Сырдария облысында қазылар соты сақталғанымен, әскери - уездік соттардың рөлі басым болды.
Әскери - губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны еді.
Сот ісіндегі басты өзгеріс - ескі шариғаттық салттардың шектелуі. Әрбір болыста төрттен сегізге дейін билер сайланды.
Салық реформасы
• Шаңырақ салығы 1 сомнан 3 сомға дейін өсірілді.
• Земство салығын (жер салығын) қосқада 3 сом 50 тиынға көтерілді.
Реформа нәтижесі, салдары:
• Өлкенің табиғи байлықтары игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.
• Феодалдық - патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.
• Таптық жіктелу салдарынан жатақтар (кедейлеген қазақтардың өдіріске жұмысқа жолдауы) қалыптаса бастады.
• Отарлық басқару, билік күшейді.
• Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болды.
• Орыс шаруаларын жаппай қоныстадыру басталды.
• 1867 - 1868 ж. ж. реформалар 2 жылға уақытша енгізілгенімен, бұл ”тәжірибе” 20 жылға созылды
• Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарыұлы реформаның теріс жақтарын мысқылдап, сынады.
Күлімбайға (1889 жыл)
Болыс болдым, мінеки
Бар малымды шығындап,
Түйеде қом, атта жал
Қалмады елге тығындап.
Сөйтсе – дағы елімді
Ұстай алмадым мығымдап.
Күштілерім сөз айтса
Бас изеймін шыбындап...
3. Жаңа сабақты бекіту:
1. Реформаға дайындық қалай жүргізілді?
2. Реформаны дайындай отырып, патша үкіметі қандай мақсат көздеді?
3. Реформа қашан қабылдандыжәне ол бойынша қазақ жері қандай басқару аймақтарына бөлінді?
4. Реформаның мәні қандай?
5. Сот жүйесінің қайта құрылуын қалай түсінесіңдер?
6. «Ереже - реформаның» әлеуметтік – экономикалық дамудағы рөлі қандай?
4. Үйге тапсырма: Мына тақырыпта сараптама баяндама әзірлеу.
1. «ХІХ ғасырда қазақ даласында жүргізілген реформалардың Қазақ халқының әлеуметтік, саяси және экономикалық дамуына әсері»
2. «Сот реформасы туралы» Ш. Уалихановтың хаты.
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
- bakit izim
- 5 сәуір 2014
- 23852
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ, Қазақстандағы реформалар, Тарих пәні
Ұқсас жаңалықтар:
Сырым Датұлы
Сырым Датұлы қазіргі Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарыой ауылында дүниеге келген. 1783 – 1797 жылдары Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы...Семей ішкі округінің құрылуы
Оқушыларға қорытындылау сабағында халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі - қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт - дәстүрлерді сонымен қатар...1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік - оқушыларға реформаны әзірлеудің түпкі мәні неде және 1867 - 1868 жылдардағы реформаның Қазақстан жеріне тигізген...1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Джилкибаева Нуршакуль Абдикеримовна...Қазақстан тарихынан ЕНТ сұрақтары мен жауаптары
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.