Сайтқа кіру Тіркелу

Сырым Датұлы бастаған көтерілісі

Сабақтың тақырыбы: Сырым Датұлы бастаған кіші жүз қазақтарының 1783 - 1797 жылдардағы көтерілісі.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушылардың көтерілістің басталу себептерімен, барысымен, жеңлу себептерімен танысқандықтарын әртүрлі тапсырмалар беру арқылы тексеру.
Дамытушылық: Көтерілістің тарихи маңызы Ресей империясының отарлау саясатына қарсы қазақтардың жүргізген саясаты.
Тәрбиелік: Сырым Датұлы бастаған кіші жүз қазақтарының патша үкметінің саясатына қарсы жүргізген көтерілістің тарихи маңызын анықтау, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілік: Қазақстан картасы, сөзжұмбақ, кестелер, суреттер.
Сабақтың түрі: Тақырыпты қорытындылау.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Оқушыларды сабақтың мақсатымен, жүргізілу тәртібімен таныстыру, орындалатын тапсырмалар жайлы айтып кету.
Сабақтың барысы:
1 - тапсырма: Қалтырылып кеткен сөздерді жазу.
Сырым Датұлы бастаған.......................... қазақтарының 17..... – 17..... жылдардағы көтерілісі.
2 - тапсырма: Картамен жұмыс. Көтерілістің болған жерлерін картадан көрсету.
3 - тапсырма: Перфокарталармен жұмыс істеу. Оқушылар берілген сұрақтарға жауабтарын жазып ауызша жауап береді.
4 - тапсырма: Сызбаны толтыру:
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
себебі қозғаушы күші сипаты кімге қарсы болды
5 - тапсырма: Суретпен жұмыс.
Ә. Қастеевтің «Өрттенген ауыл» суретіне байланысты әңгіме құрастырып сабаққа қатынасын анықтау.
6 - тапсырма: «Ойлан тап» ойыны: «Қай жылы болды»
...................... - Сырым Датұлы бастаған көтерілісшілер қатары
1000 адамға жетті.
...................... – Көтерілісті басуға арнайы генерал - майор Смирновтың
әскері келді.
...................... – Орынбор губерниясы таратылды.
...................... – Сырымның Орал казактарымен кескілескен күресі.
...................... – Орал казактарымен қақтығыста Сырым балалары
қаза табады.
...................... – Сырым тобы Мұғалжар тауларына қарай ойысты.
...................... – Ералы Кіші жүз ханы болып сайланды.
...................... – Казак әскерінің атаманы Д. Донсковтың қатыгездігі туралы
шетелдер коллегиясының мүшесі граф А. А. Безбородкоға
шағым жасалды.
...................... – Есім хан болып сайланды.
...................... – Көтерілістің жеңілуі, аяқталуы.
...................... – Сырымның өзін қолдаған ауылдармен бірге Сырдарияға
қарай қонысын өзгертуі.
7 - тапсырма: «Сырым» сөзжұмбағы.
1. Қазақстандағы өзен.
2. С. Датұлы старшын болған ру.
3. 1791ж кіші жүз ханы болып кім сайланды.
4. Кіші жүз территориясында орналасқан өзен.
5. С. Датұлы бастаған көтерілісшілер кіші жүзде қай ханды өлтірді.
Сөзжұмбақ жауабы:
1. СЫРДАРИЯ
2. БАЙБАҚТЫ
3 ЕРАЛЫ
4. ЖАЙЫҚ
5. ЕСІМ
Ортада СЫРЫМ деген сөз шығады.
Сабақты қорытындылау: (сабақ төмендегі тапсырманы орындау арқылы қорытындыланады)
Қалтырылып кеткен сөздерді жазу арқылы сабақтын негізгі бөлімдері бекітіледі
1. Көтерілістің тарихи маңызы зор: бұл кіші........... ірі халықтық сипаттағы қозғалыс.
2. Көтеріліс патша үкіметінің................ саясатына қарсы бағытталды.
3. Жайық бойындағы өңірді............ өкіметінің басып алуға мейлінше тырысқандығына қарсы бағытталған көтеріліс болды.
4. Көтерілістің басты талабы....... мәселесі 1836 - 1838 жылғы «Ішкі ордадағы көтерілісте жалғасын тапты.
5. Тарихи............. ру арасындағы қайшылықтар халықтың басты мақсатына жетуіне зор кедергі болатынын көрсетті.
6.............. кейін де қазақ шаруаларының күресі бірден тоқтай қоймады.
7. Осы ұлт - азаттық............. қазақ халқының тәуелсіздікке, егемендікке деген алғашқы қадамдары еді.
Бағалау:
Үйге тапсырма: Сырым Датұлы бастаған кіші жүз қазақтарының
1783 - 1797 жылдардағы көтерілісі қайталау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сырым Датұлы

Сырым Датұлы

Сырым Датұлы қазіргі Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарыой ауылында дүниеге келген. 1783 – 1797 жылдары Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы...
Сырым Датұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілісі

Сырым Датұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілісі

1783 - 1797 жылдардағы көтерілістің негізгі алғышарттары, қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен, халық батыры - Сырым Датұлының өмірі, көтеріліс...
1836 - 1838 жылдардағы Ішкі (Бөкей) Ордасындағы шаруалар көтерілісі.

1836 - 1838 жылдардағы Ішкі (Бөкей) Ордасындағы шаруалар көтерілісі.

"Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе тілегі елдің"- демекші, туған жердің тарихын, соның ішінде Махамбет Өтемісұлының өмірі,...
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс

1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс

Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының...
Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі

Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, Жаңабұлақ ОЖББМ тарих пәні мұғалімі Молдашев Сансызбай Пауетденұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×