Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстанның XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері.
Сабақтың мақсаты.
Білімдік:Орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі білімді, ғылымды меңгеріп, артына өшпес із қалдырған ғұламалармен таныстыру, XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгілері – ескерткіштер, қолданбалы өнер туындыларын, қазақ жерінде қандай мәдени орындар бар екенін түсіндіру, кесенелерді, құрылыс, материалының жоғары сапалы болғаны жөнінде түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық:Кесенелердің, ғимараттардың ою - өрнектермен безендірілуіндегі ерекшеліктерді салыстыра отырып, оқушыларды өз халқының бай мәдениетімен таныстыру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін арттыру, ойын еркін айтып, жеткізе білуге үйрету. Рухани байлығын көтеру.
Тәрбиелік: Өз елінің, жерінің, басқа ұлттардың тарихи ескерткіштерін қорғауға, өнер ескерткіштерін түсініп, бағалай білуге, өз ұлтының мәдениетін жоғары деңгейде өркендеуіне үлес қосуға, Отанымыздың байлығын қастерлеп, тарихты бағалай білуге, патриоттық сезімін қалыптастыру, имандылыққа тәрбиелеу, Отанын сүюге үйрету.
Сабақтың түрі:Семинар, саяхат сабағы, сөзжұмбақ, ˝Көш ˝ ойыны.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география, бейнелеу өнері.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ауызша әңгіме, көрініс, көрнекіліктер т. б.
Сабақтың көрнекілігі:Кесенелердің суреті, сөзжұмбақтар, кітаптары, Қазақстан мәдениеті туралы бейнефильмнен үзінді7
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың оқу құралдарын түгендеу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушылардың ынта - зейінін, назарын сабаққа аудару, күннің атын, сабақтың тақырыбын тақтаға жазу.
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
1 – топ. Алғырлар 2 – топ. Тапқырлар. 3 – топ. Болашақ.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1 – тапсырма
Өткен параграф бойынша оқушылар бір - біріне сұрақ қойып, пікірталас ұйымдастырады.
1 – топ.
1. Материалдық мәдениет дегеніміз не?
2. Рухани мәдениет деп қандай мәдениетті айтамыз?
3. Ауыз әдебиетінің қандай жанрларын білесіңдер?
2 – топ.
1. Қандай аңыз әңгімелерді аспан денелері туралы баяндалады?
2. Авторы белгілі ауызша поэзияның өкілдері кімдер?
3. Жазбаша әдебиет өкілдері кімдер?
3 – топ.
1. Музыка қалай пайда болды?
2. Діни наным – сенімдердің қандай түрлерін білесіңдер? Ислам діні қай хандар кезінде кеңінен тарала бастады?
3. Шаманизмнің қандай наным – сенімдері сақталған?
2 – тапсырма. Тақырыпқа сәйкес өз беттерімен орындаған шығармашылық жұмыстарын өздеріне қорғату.
Рефераттар.

1 – топ."Отырар " рефератын қорғайды.
2 – топ. " Қожа Ахмет Йассауи сәулет ғимараты " рефератын қорғайды.
3 – топ. " Әбу Насыр әл – Фараби " рефератын қорғайды.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
" Сәулет өнері " (Топтастыру стратегиясы ).
Сәулет өнері дегеніміз не, қалай түсінесіңдер?
Балалар, сәулет өнері Қазақстанның X – XII ғ. Қарахан мемлекетінің кезінде өркендей бастады. XIII ғасырда Монғол шапқыншылығы сәулет өнерінің дамуына үлкен кесірін тигізді. XІV – XV ғасырдың басынан архитектуралық маңызы бар ірі құрылыс салына бастады, ол кезден бізге жеткен сәулет өнерінің тамаша үлгілері Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи, Көккесене, Алаша хан, Дәуітбек, Тектұрмас сияқты кесенелер жатады.
Компьютерден осы кесенелерді көрсетіп, саяхат жасаймыз. Кесенелердің орналасқан жерін картадан оқушылар көрсетеді.
Ел аузындағы аңыз бойынша Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи туралы айтып өту.
Неге көш деп аталады? "Көш " ойыны (Ұлы Жібек жолы туралы сұрақтар қою)
Тақтаға 9 түйенің суреті ілінеді, түйенің өркешінде сұрақтар берілген. Ойын барысында әр топтың басшысы 3 сұрақтан алып, тобымен ақылдаса отырып жауап береді.
1. Сәулет өнері деген қандай өнер?
2. Арыстан баб кесенесі қанша рет қайта салынды, неге?
3. Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің құрылысы жайлы не білесің? Кесенені кім салдырды, қандай мақсат көзделді? Аңызын білсең айт.
4. Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі туралы не білесің?
5. Археологиялық зерттеу жұмыстарының барысында қандай сәулет өнерінің ескерткіштері белгілі болды?
6. Моншалар қай қаладан табылған?
7. Алаша хан кесенесі қай жерде орналасқан? Кесененің қандай ерекшелігі бар?
8. Қолданбалы өнер дегеніміз қандай өнер?
9. Шебер ғимарат сәнді болу үшін нелерге көңіл бөлді?
" Мені түсін " ойыны
1 - Сөзжұмбақ.

1. Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салдырған ұлы адам. ( Темір).
2. Отырардағы ерекше көңіл аударылған архитектуралық құрылыс. ( Монша).
3. Оңтүстік Қазақстандағы Ұлы кітапхана қиратылған қала. ( Отырар ).
4. Қожа Ахметтің рухани ұстазы.( Арыстан баб).
5. Кесене сөзінің синонимі. (Күмбез).
2 - Сөзжұмбақ.
1. Қожа Ахмет Йассауи ғимаратында ең бағалы ескерткіш бар, ол не?
2. Біз мектепте, үйде нені қатал есте сақтауымыз керек?
3. Үлкендермен не деп, қалай сөйлесеміз?
4. Қожа Ахмет Йассауидің нақыл - өлең жыр сөздерін не деп атаймыз?
5. Үлкендердің алдында біз қандай болуымыз керек?
6. Жеті атаның біреуі?
Көрініс.
" Бала Сұлтан ұстазына кезікті ".
Кішкене Әзірет Сұлтанның ұстазы Арыстанбабтан " Құрма ", яғни пайғамбарымыздың аманатын алуы жайында.
Ұстаз:Бала Сұлтан қайда екен..? Мен Арыстанбаб бабамын.
Бала:Іздегенің мен болсам, алдыңдамын бабашым.
Ұстаз:Мынау пайғамбарымыздың аманаты " Құрма ", қабыл ал...
Бала:Ә... Еті сәнгә, сүйегі мәңгі болыпты да...
Ұстаз: Неге олай дейсің балам, мен сонша уақыт сақтадым ғой...
Бала:Жарайды бабам, Сізге халық түнесін, маған келіп тілесін.
Ұстаз:Қош, ұлым...
Бала: Қош, баба.
Тарихи дерекпен жұмыс.
1 – топ.
Орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі ең дамыған қалалардың бірі. Ол жерде бабтардың бабы – Арыстан бабтың кесенесі орналасқан. Монғол шапқыншылығы кезінде әлемге әйгілі Ұлы кітапханасы қиратылған қала? (Отырар қаласы).
2 – топ.
XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнеріндегі ерекше туынды. Ғимарат 1396 – 1404 жылдары шебер Қожа Хасан Ширази басшылығымен Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Орталық залдың төңірегінде әр түрлі мақсатқа арналған 35 бөлмесі бар. Бұл қай кесене, қай жерде орналасқан? ( Қожа Ахмет Йассауи кесенесі ).
3 – топ.
1894 жылы жарық көрген " Қырғыз даласының очерктері " деген кітабында осы мазарды көзімен көрген орыс ориенталисі Я. И. Шмидт былай деп жазыпты:,,... Егер Сары Кеңгір өзенінің сағасынан оңға қарай бұрылып, Қара Кеңгір өзенінің ағысын өрлей жүріп отырса, он жеті шақырымнан соң жалаңаш жазық даладан монументальды құрылыс асқақтай көрінеді.
Бұл – хан билігінің заманында салынған кесене. Бұл кесене қалай аталады? (Алаша хан кесенесі ).
" Болжам сұрақтар " ойыны.
1. Кесенелердің қазақ жерінде салыну себебі неде?
2. Кесенелердің күмбезді болуы нені аңғартады?
3. Ғимараттардағы ою - өрнектер бояуының ғасырлар бойы сақталуының сыры неде деп ойлайсыңдар?
4. Түркістан қаласының мұсылман қауымы үшін " екінші Мекке " атануы неге байланысты?
Тестпен жұмыс
Тест сұрақтары оқулықпен сай келтіріліп, 15 сұрақтан құралды.
Жаңа сабақты бекіту.
Оқушылардың алған тарихи білімін одан әрі жетілдіру үшін бекіту сұрақтарын қоямын.
1. Арыстан баб қай ғасырда өмір сүрді, кесенесі қай жерде орналасқан?
2. Арыстан баб кімнің ұстазы?
3. Қожа Ахмет Йассауидің кесенесін қай ғасырда салды, ол кісіні кім деп білесіңдер?
4. Сол ғасырда қандай өнер дамыды?
5. Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі қай жерде орналасқан?
Жаңа сабақты қорытындылау.
Ұлттық сәулет өнері ескерткіштерінің құрылыс материалдарын жасауда халықтың ішінен шыққан белгілі ұста құрылысшылардың жұмысы өте зор болды. Олар құйған кірпіш ғасырлар бойы беріктігін сақтап, бояулары осы кезге дейін әрін жоғалтпады. Сәнді болуы үшін қолданылған жылтырақ қыш қаптамалар бояуының құрамы бүгінгі күнге дейін сырын ашпай келе жатқан құпия,
Ахмет Йассауи сәулет ғимараты құрылымдық жағынан және ерекше сәнділігімен көз тартатын аса күрделі туынды. Іші – сыртын аралап, тамашалағанда оны техника күші жоқ сол заманда қалай салды екен деп ойламау мүмкін емес. " Ғимарат – құдайдың құлы, Қожа Хасан Ширазидің еңбегі " – деген жазуды оқығанда ерте замандарда халық арасынан шыққан шеберлердің еңбегіне еріксіз бас иесіз.
" Мәдинеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет " деген сөз босқа айтылмаған.
Бағалау парағын алып, әр топтағы оқушының жұмысына байланысты жеке бағалап қою.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×