Сабақтың тақырыбы: § 21 Араб елдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Африка құрлығындағы Араб елдерінің бірінші дүниежүзілік соғыс пен екінші дүниежүзідлік соғыстар аралығындағы тарихын егжей - тегжейлі баяндау.
Дамытушылық: Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру;
Тәрбиелік: Тарихи санасы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге барынша қабілеті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: Дүние жүзінің саяси картасы, сызба, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Пресс конференция» әдісі бойынша:
ХХ ғ. басындағы Иранның жағдайын қалай бағалайсыңдар?
Елдегі 1918 - 1922 ж. ж. ұлт - азатық күрестің себептері, барысы мен нәтижесі қандай болды?
1921 - 1945 ж. ж. саяси жағдайы туралы айтып беріңдер.
1918 - 1945 ж. ж. Ауғанстан қалай дамыды?
20 - 30 ж. ж. Кемал үкіметінің реформалық әрекеттері туралы әңгімелеңдер.
Түркияның сыртқы саясатындағы басты бағыттар қандай болды?
Елдердің қазіргі дамуы туралы хабарламаларын оқыту.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. ХХ ғасырдың басындағы араб елдері.
2. Египет, Сирия, Ливан, Палестина, Ирак, Йемен және Сауд Арабиясының саяси дамуы және ұлт - азаттық қозғалыстар.
3. Араб елдері әлемдік экономикалық дағдарыс жылдарында.
4. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы араб елдері.
- Оқушыларды 4 топқа бөлу:
1/1. Ұжымдық тапсырма: Сөйлемді толықтырыңдар.
жер шарының қамтиды.
Аумағы - бастап, батыста жетті.
1/2. Тапсырма:
Кестені толтырыңдар ( араб елдерінің отаршылдықта болуы туралы)
Батыс елдері Араб елдері
Франция Алжир, Тунис, Марокко көп бөлігінде, Жибути мен Мавританияда Англия Египет, Судан, Аден, Аравия жарты аралы, Италия Ливия, Испания солт - батыс Сахара мен Марокконың жеке аудандары Осман Түркиясы Ирак, Сирия, Ливан, Йемен, Аравияның бөліктері.
Картамен жұмыс.
3/1. Топтық тапсырма:
1 - топқа – Египеттің саяси дамуы.
2 - топқа - Сирияның саяси жағдайы.
3 - топқа - Ирактың саяси жағдайы
4 - топқа - Сауд Арабиясы, Тунис пен Алжирдегі саяси жағдай
Әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша әңгімелеп береді. Бір - біріне сұрақ қойысып, жауап беруіне болады немесе мұғалім жетекші сұрақтар қойып, оқушы жауаптары толықтырады.
Оқушы жауаптары мынадай бағыттарда болады:
І - топ:
- І д. ж. т соғыс ж. ж. Англия Египетті өзіне тәуелді етті. Египеттегі Германияның, Австро - Венгрияның мүлкін, кемелерін жау елдікі деп санады.
- 1914 ж. желтоқсан - елде Англияның «қамқорлығы» жарияланды.
- Түріктерге жақын хедив Аббас Хильмиді тақтан тайдырып, орнына отаршылдарды ң ықпалындағы Хусейн Кемалды отырғызды. Англия оған «сұлтан» атағын берді. Ағылшындар бас консулы комиссар атағын алып, ел өмірін шешетін құқыққа ие болды. Оның жеріне Англия қарулы күштері шоғырланды, қара жұмысқа 350 мың феллах пен қала тұрғындары шақырылды.
- 1914 ж. Түркия Антанта елдеріне «джихад» соғысын жариялады. Суэц каналын қайтау үшін жіберген әскерін ағылшындар тас - талқан етті.
- батыс елдері арабтарды түріктерге қарсы айдап салды.
- Египеттегі ағылшын әскери күші де Палестина мен Сирия жеріне енді.
- 1916 - 1917 жж.- Басра,, Бағдад, Дамаск, Йерусалим, т. б. арабтар мен Антанта қолына өтті.
- 1916 ж. мам ыр - Таяу Шығыстағы араб елдерін өзара бөлісу туралы ағылшын, француз, және орыстар арасында Сайк - Пико келісіміне қол қойды.
- 1920 ж. 25 сәуірде Сан - Ремо келісімі бойынша Франция қамқорлығына Сирия, Ливан, ал Англия қамқорлығына Ирак пен Палестина өтті.
- Египетте Париж бітім конференциясына қатысуға ниет еткен «Египет делегациясының» тобы құрылды. Ағылшындар оның жетекшілері Заглул мен Рушидиді тұтқынға алды. Оған жауап ретінде көп қалаларда ереуілдер мен бас көтерулер болып өтті, оларға қарсы қару қолданды.
- 1917 ж. бастап, сұлтан тағына отырған Фуад отаршылдардың жағында болды. Египетке Англияның мандатын беру туралы Париж конференциясының шешімі туралы хабар келген кезде, ұлт - азаттық қозғалысының жаңа толқыны басталды. Суэц каналы мен Дельта аумағында ағылшындармен қарулы шайқастар болды.
- 1920 ж. Лондон қамқорлықтан бас тартуқабылданды.
жөнінде мәлімдеме жасап, Египеттің тәуелсіздігін мойындады. Елде реформалар жүргізіле бастады. Сұлтан король б. ж.
- 1923 ж. Конституция қабылданды.
- 1924 ж. вафдистер үкіметі құрылды. Ол Египет пен Суданнан ағылшын әскерлерін шығару мәселесін қойды. Англия қысымымен король парламентті таратып, үкіметті қызметтен босатты. Судандағы билік - ағылшындарға көшті. Кейінгі жылдарда вафдистер парламент сайлауында бірнеше рет жеңіске жетіп, үкіметті басқарды. Олардың шетелдік биліктен құтылуға тырысқан әрекеттері ағылшындардың қарсылығына ұшырап отырды.
ІІ - топ.
- Франция үкіметі Сирия мен Ливанға жоғарғы комиссар тағайындап, барлық билікті ұстатты. Әскери күштері 1919 ж. 7 000 адам, ал1920 ж. 70 000 - ға көбейтілді.
- Франция 1920 ж. «Ұлы Ливан» аталатын мемлекетті бөлшектеп, Сирия мемлекетін құрды. Джебель - Друз, Латакия Ливанмен біріктірілді.
- Бұл әрекеттерге 1919 - 1920 ж. ж. құрылған «араб клубтары» халықты
қарсы қойды. Елде қарулы қақтығыстар ұлғайып, француздардан құтқару күресі күшейді.
- 1919 ж. мамырда басталған Латакиядағы феллахтардың қарулы күресі 3 жылға созылды.
- 1919 ж. маусымда Дамаск аймағында көптеген ұйымдар Бүкілсириялық конгресс шақырып, протектораттыққа қарсылық көрсетті.
- 1920 ж. шілдеде француздар шығыс Сирияны қолға түсіруге кірісті. Юсф Азме бастаған сириялықтар олармен шайқаста батылдық көрсетті, жүздеген адам қаза тапты. Ал, Фейсал тобы Дамаскіні қорғамай, жау қолына тапсырды.(Кейін Англия Фейсалды ирак тағына отырғызған болатын). Франция Сирия ұлтшылдарын қатаң жазалауға көшті.
- 1920 ж. күзде елде шаруалар көтерілісі бұрқ етіп, келесі жылы ол бүкіл шығысты қамтыды.
- 1922 ж. сәуір - Дамаск жіне басқа да қалаларда ереуілдер болды. Оны тоқтату үшін Ф. Ондаған шайқастарға қатысып, 5 мың әскерінен айрылған.
- 1925 ж. отаршылдарға қарсы Сұлтан әл - Атраш бастаған көтеріліс бүкіл Джебель - Друзды қамтыды. 4 мың әскері бар генерал Мишо шайқаста жеңіліп, келіссөз ұсынып, уақыт ұтты. 20 күн ішінде Франция Морокко халқының көтерілісін басқан армияны сирияға жеткізді. ХП Дамаскіде көтеріліс ұйымдастыру жөніндегі шешімге келді. Отаршылдар көтеріліс басшлыларын қамап, партияны жапты. Жазаланған адамдардың денелерін Дамаск көшелері мен алаңдарында ұстады.
- 1925 ж. 18 қазанда Дамаск көтерілді. Француздар оған қарсы әскерлер, зеңбіректер мен ұшақтарды пайдаланды, қаланы атқылап, қиратты. Енді бүкіл Сирия мен Ливанда көтерілістер басталды. Генерал де Жувенель көтерілісшілермен келіссөз бастап, қамқорлықтан бас тартпаса да, кей мәселелерді Ливан мен Сирияның мүддесіне орай реттеуге уәде берді.
(конституция қабылдау, ұлттық үкімет құру, көтерілдісшілерге кешірім беру, т. б.).
ІІІ топ:
- І д. ж. соғыс біткенде, Ирак жерінде 420 мың ағылшын - үнді әскерлері болды. англияның жоғарғы комиссары бар билікті қолына алып, алым - салықтар көлемін ұлғайтты, әскери тәртіп орнатты.
- 1918 ж. халық наразылығы – ереуілдерге ұласты. Қозғаушы күштері - Евфрат пен тигр аралығындағы аудандардың шаруалары болды. оған қала тұрғындары, ұлттық буржуазия, зиялы топ қатысты.
1920 ж. мамыр - маусымда жаңа үлкен көтеріліс басталды.(130 мың адам қатысып, елдің тең жартысы азат болды).
- ағылшындар метрополиядан әскер алдырып, келіссөздер ұйымдастырды, ассамблея шақыру туралы ұсыныс жасады. Оған халық көнбеді.
- 1920 ж. тамызда отаршылдар көтерілісті басып - жаншуға кірісті. Мыңдаған арабтар қамалып, айдалды, бір топ жетекшілері атылды.
- жаңа жоғарғы комиссар – Перси Кокс келді. Ол оңшылдармен келісіп, ұлттық үкімет құруға кірісті.
- у Абдрахман әл - ғайлани уақытша үкімет басына тағайындалды. Көтеріліс басшылары туларын жығып, беріле бастады.
- 1920 ж. оқиғалар қайталанбас үшін Англия Иракта тәуелсіздік нышанындағы мемлекет құрып, оның саяси бағдарын өздері бақылап -
1921 ж. мемлекет өз әскерін құруға мүмкіндік алды. Олардв ағылшындар жоғарғы орындарды ұстап тұрды. Әскери базаларды сириялықтардан құрылған бөлімдер қорғады.
- Фейсалды 1921 ж. 23 тамызда таққа отырғызды. Тұрақты үкімет құрды. Иракты қандай да болмасын мәселелерді ағылшындардың жоғарғы комиссарымен келісіп шешуге көндірді.
- күрделі мәселе - Ирактың шекарасын реттеу. Мұнайға бай Мосул уәлаятын Түркиядан Иракқа беру қиынға түсті.
- 1925 ж. 16 желтоқсанда Ұ Л бұл аймақты Иракқа беру туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, әлемдегі ең ірі мұнай қорларының бірі - Ағылшын компаниясына өтті.
- 1927 ж. Англия Иракқа қағаз жүзінде тәуелсіздік беріп, мандаттық жүйеден бас тартты. Екі ел арасында жаңа «Достық және ынтымақтастық туралы шартқа» қол қойып, 1926 ж. шартты біраз өзгертті. Бұл жолы да ағылшындар үстемдігі сақталды.
ІҮ - топ:
- Арабия түбегінде саяси жағдай өте күрделі болды. Жағалаудағы әмірліктер - Аден, Хадрамауыт, Масхат, Оман, Катар, Бахрейн, Кубейт Ассир, Йемен өзара қырқысумен болды.
- Сауд Арабиясының негізін салушы Нежд билеушісі Абдул әл - Азиз ибн Сауд 20 - ж. ж. Хусейнді жеңіп, Хиджазды, Мекке мен Мединені өзіне қаратты. 1927 ж. мәлік атанды. Осы кезде Йемен және Самуд Арабиясы қалыптасты. Оларда зейдизм мен уахаббизм ағымдары орнап, діншілдер мен феодалдар үстемдігі орнады. Олар шетелдермен, Кеңес Одағымен қатынастар орнатуға барған алғашқы араб елдері болды.
- Йемен мен Сауд Арабиясы тұрғындарының хал - ахуалы өте нашар болды. Тек 30 - ж. ж. ғана мұнай көздері ашылып, оларды АҚШ мұнай компаниялары игеруге кірісті.
- Біріккен «Арабиен — Америкен ойл компани» («АРАМКО») аталған компания құрылды. 1939 ж. 1 - мамырда елдің ұнайы алғаш рет шетке шығарылды.
- 30 ж. ж. Азияда 3 - 4 араб мемлекеттері құрылды. Олардың ішінде Ирак, Египет қана ҰЛ кірді.
- Тунис пен Алжирде француздар үстемд ігі орнады.
- 20 ж. ж. оларда қоғамдық - саяси ұйымдар құрылды. Тунистегі «Дустур» (Конституция) партиясының беделі күшті болды.
- Мороккода 1920 ж. Риф облысының таулық тайпалары испан мен француз отаршылдарына қарсы қарулы күрес басталды. Оның басында армия құрған Абд әл - Керім тұрды.
- Риф республикасы жарияланды.
- көтерілістің жеңілуіне кейбір феодалдардың сатқындығы себеп болды.
- 1930 ж. сұлтан Мух бин Юсуф «берберлік дахира» қабылдауға мәжбүр болды, ол бойынша сот істерін европалықтар жүргізетін болды және сұлтан билігі шектелді.
3 - мәселе бойынша сұрақ - жауаптар арқылы талқылау:
- Араб елдері әлемдік экономикалық дағдарыс жылдарында египеттің экономикасы өте ауыр болды? Оған не себеп болды?(мақта, жүн өтпеді, млн. Феллахтар (шаруалар) күйзеліске ұшырап, жеңіл, тамақ өнеркәсәбі өз жұмысын тоқтатты. Қалаларда тіршілік деңгейі күрт төмендеді.).
- елдің саяси жағдайында қандай өзгерістер орын алды? (өкімет басына ағылшындық көзқарастағы реакцияшыл қайраткер Исмаил Сидка паша келді. Елде бас көтерулер, баррикадалық ұрыстар өріс алды. Суэц каналы көтерілісшілер қолына көшті. Өкімет көтерілісті аяусыз басты. 1931 ж. мамырда жаңа ереуілдер болып, 1933 ж. Сидка паша кабинеті өз еркімен кеткеннен кейін де тоқтамады.).
- 1935 ж. қарашада Каир полициясы 40 мыңдық ереуілшілерді атқылады. Алайда өкімет 1923 жылғы конституцияны қалпына, парламентке сайлау өткізуге мәжбүр болды.
- бұл кездегі әлемдегі жағдай қандай еді? (өкімет басына неміс фашистерінің келуі, Таяу және Орта Шығыста Германия, Италияның жаулап алу саясаты,
Сирияда, Иракта, Египеттефашистік топтардың пайда болуы Лондонды өз отарларындағы ұлт - азаттық күрестеріне ырық беруіне мәжбүр етті. 20 жылға достық одағының келісімшартын әзірлеп, 1936 ж. 20 тамызда Египет қол қойды. Ол бойынша Англия Египеттің тәуелсіздігін мойындап, басқыншылық саясаттан бас тартты. Египет ҰЛ - на мүше болды.
- Ирактағы саяси жағдай қалай өрбіді?(Иракта үкімет пен парламент таратылып, 1928 - 1929 ж. ж. саяси дағдарыс өршіді. Бұрынғы қорғаныс министрі Нури Саид үкімет басқаруға кірісті. Ол 1930 ж. 30 маусымда Англиямен жаңа шарт жасасты. Ол бойынша елдің тізгіні – ағылшындарға берілді. Мандат жүйесінің орнына Ирак тәуелсіздік алды, бірақ, ағылшындар үстемдігі әлі де сақталды.
-«Дөңгелек үстел конференциясы» қандай мақсатты көздеді? (1939 ж. ақпанда Лондонда шақырылды, оған Египет, Йемен, Сауд Арабиясы, Ирак, Трансиордания мен Палестинадағы араб, еврей ұйымдарының жетекшілері қатысты. Ол нәтиже бермеді. Англия осы жылы мамырда жаңа «Ақ кітап» даярлап, Палестинада 10 жыл өткен соң, араб - еврей мемлекетін құру туралы жоспарын жасады.
- 30 ж. ж. Француз отарларында қандай жағдай қалыптасты? ( ұлттық күштер топтасты, саяси партиялар, кәсіподақтар құрылды ( Алжир улемдерінің ассоциациясы - АУА, солтүстік Африкалық жұлдыз - САЖ, Алжирдегі алжир халықтарының партиясы, т. б.) Францияда халықтық майдан үкіметті басқарған уақытта дустурлықтар жаппай акция ұйымдастырып, өкіметтен біршама жеңілдіктерге қол жеткізді.
1937 ж. бұл өкімет құлағаннан соң, отарлаушы өкімет реформадан бас тартып, патриоттарды қудалай бастады.
4 - мәселе бойынша оқушылар сандарды таңдау арқылы сұрақтар алып, жауап беру:
№1 сұрақ: - Екінші дүние жүзілік соғысқа араб елдері тартылды ма?
Неліктен?
№2 сұрақ:- Ливия аумағы соғыста қандай міндет атқарды? Неліктен?
№3 сұрақ: - Ирактағы жағдай қалай өзгерді?
№4 сұрақ:- Ливия тайпаларының көсемі Идрис – ас - Сенуссиге кімдер қолдау көрсетті? Нәтижесі?
№5 сұрақ:- Солтүстік Африка халқының соғыс кезіндегі талаптары қандай болды?
№6 сұрақ:- арабтар мен бербер тайпалары қандай елдерді азат етуге қатысты?
Сабақты бекіту:
«Иә - жоқ»:
№ Мазмұны Иә Жоқ Дұрыс жауап
1. ХХ ғ. басына қарай араб елдерінің барлығы отаршылдықтан азат болды. + Отаршылдықтың
бұғауында болды.
2. 1914 ж. Англия Египет тәуелсіздігін
мойындады. + Өз қамқорлығын жариялады.
3. Антанта 1914 ж. Түркияға «джиһад» жариялады. + Түркия Антантаға жариялады.
4. Феллах - араб шаруалары +
5. Бәдеуйлер - отырықшы арабтар + Көшпелі арабтар
6. 1917 ж. Сайк - Пико келісіміне қол қойылды. + 1916 ж.
7. 1920 ж. Египеттің тәуелсіздігін мойындады. +
8. 1920 ж. Франция «Ұлы Ливан» мемлекетін құрды. + «Ұлы Ливан» мемлекеті бөлшектелді.
9. 1941 ж. Араб елдері Антантаға қарсы соғыс жариялады. + 1945 ж. Наурызда Германияға соғыс жариялады.
Үлгерімі нашар оқушыларға кеспе бетшелер беру:
1 - сұрақ: Сауд Арабиясының негізін салушы кім? Ол қай жылы мемлекетті құрды?
2 - сұрақ:- Араб - Американ мұнай компаниясы қалай аталады? Ол қай елде құрылды?
«Тез ойла» ойыны:
Жер шарының орасан зор кеңістігін қамтиды... (Арабтық Шығыс)
Батыс елдері арабтарды айдап салды... (түріктерге)
1916 - 1917 ж. ж. Антанта елдері мент арабтар қолына өтті? (Басра, Бағдад, Дамаск, Йерусалим, т. б.)
Сан – Ремо келісімі болды... (1920 ж. 25 сәуірде )
Осы келісім бойынша Франция қамқорлығына... (Сирия мен Ливан кірді).
Англияның сыртқы істер министрі Лорд Бальфур 1917...
(Палестина жерінде еврейлерді қоныстандыру жоспарын ұсынды).
1920 ж. Риф...
1939 ж. мамырда даярланған «Ақ кітап» 10 жыл өткен соң...
Бағалау.
Үйге тапсырма: § 21.
Елдердің қазіргі кездегі дамуы туралы жабарлама әзірлеу.
Араб елдері
- марала
- 18 мам 2013
- 30131
- 0
- 0
Ілмек сөздер: араб елдері, тарих, Египет
Ұқсас жаңалықтар:
Атлах-талас шайқасы
Қазақстан жерінде құрылған ежелгі түрік мемлекеттерінің бірі Түргеш қағандығы еді....Қазақстанның 1920 - 1940 жылдардағы қоғамдық - саяси жағдайы
Шаруаларға қарсы және кулактар мен байларды жоюдағы сталиндік жазалау, «Алаш» партиясының мүшелері мен ұлттық интеллигенцияға қарсы саяси жазалау,...Ұлт-азаттық қозғалыстың барысы
Оқушыларға 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалысының тарихы мәнін, барысын, нәтижесін түсіндіру....Саяси география және геосаясат. Тарихи - географиялық аймақтар
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы, Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Берденова Мейрамгуль...Осман империясы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы. №5 орта мектебі. Медеубаева Айнур Култасовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.