Сабақтың мақсаты:
Білімділік: XIV - XV ғасырлардағы сәулет өнерінің даму тарихына тоқтала отырып, оның тамаша үлгілері - ескерткіштер, колданбалы өнер туындылары, кесенелер тарихы, сол замандагы құрылыс материалдарының сапасы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Біздің өлкеміздегі кесенелердің, әсем ғимараттардың безендірілуіндегі ерекшеліктерін салыстыра отырып, халқымыздың бай мәдениетімен оқушыларды таныстыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз жеріндегі тарихи ескерткіштердің құндылығын бағалай білуге, оны қорғауға және мәдениетіміздің одан да жоғары деңгейде дамуына үлес қосуға тәрбиелеу.
Сабақтың түpi: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топқа бөліп оқыту
Сабақтың көрнекілігі: карта, кесенелердің cypeттepi. тipeк сызбалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, бейнелеу өнepi
Сабақтың кұрылысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сурау.
3. Сабақты пысықтау.
4. Жаңа сабақ.
а. "Көш" ойыны.
ә. Сөзжұмбақ
б. Сөздік қор.
в. Шұғыл есте сақтау.
5. Сабақты пысықтау.
6. Қорытындылау.
7. 0қушылардың білімін бағалау.
8. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсаты хабарланып, окушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөлеміз. А, Б, В топтары. Әрбір топтың жетекшісі конверттен сұрақтарды өздері таңдап алып, тобымен 6ipre дайындалады. Қай топ дайын болса, сол топ жауап береді. Дайындалуға 2 - 3 минут уақыт беріледі. Топ жетекшісінде бағалау парағы бар, сол бойынша жауап берген оқушыларды бағалап отырады.
№1
1. Материалдық мәдениет дегеніміз не?
2. Діни наным - сенімдердің кандай түрлерін білесіңдер?
З. Әдебиет пен қатар тағы қандай өнер дамыды?
№2
1. Рухани мәдениет деп қандай мәдениетті айтамыз?
2. Шаманизм қандай наным - сенімдерде сақталған?
З. Қандай аңыз - әңгімелерде аспан денелері туралы айтылады?
№3
1. Ауыз әдебиетінің қандай жанрларын білесіңдер?
2. Мұсылман діні қай хандар кезінде кеңінен тарала бастады?
З. Отқа табыну, тасаттық ырымдары нені бідіреді? Оның мағынасын түсіндіріңдер.
Қосымша қойылатын сұрақтар:
1. Тұрақты үй - жайлар қай аймақтарда салынған?
2. Қазақ халқының киім - кешектері негізінен қандай өнімдерден жасалған?
3. Материалдық игіліктерді өндіру үшін ең қажетті нәрселер не?
3. Үйге берілген тапсырманы қорытындылай отырып, жаңа сабақты бастау.
4. Жаңа сабақ: топқа бөле отырып, тақырып бойынша тапсырма беру.
а) «Көш» ойыны
Тақтаға 9 түйенің суреті ілінеді, түйенің өркешінде сұрақтар берілген. Ойын барысында әр топтың басшысы 3 сұрақтан алып тобымен ақылдаса отырып жауап береді.
1. Сәулет өнері деген қандай өнер?
2. Арыстанбаб кесенесі қанша рет қайта салынды, неге?
3. Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің құрылысы жайлы не білесіздер? Кесенені кім салдырды?
4. Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі туралы не білесіңдер?
5. Археологиялық зерттеу жұмыстарының барысында қандай сәулет өнерінің ескерткіштері белгілі болды?
6. Монша қай қаладан табылған?
7. Алаша хан кесенесі қай жерде орналасқан? Кесененің қандай ерекшелгі бар?
8. Қолданбалы өнер дегеніміз қандай өнер?
9. Шебер ғимарат сәнді болу үшін нелерге көңіл бөлді?
ә) Сөзжұмбақ
1. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салдырған ұлы адам. ( Teмip )
2. Отырардағы ерекше көңіл аударылған архитектуралық құрылыс. ( Монша )
3. Оңтүстік Қазақстандағы Ұлы кітапхана қиратылған қала.
(Отырар)
4. Қожа Ахметтің рухани ұстазы. ( Арыстан баб )
5. Кесене сөзінің синонимы. ( Күмбез )
Т Е М І Р
М О Н Ш А
О Т Ы Р А Р
А Р Ы С Т А Н Б А Б
К Y М Б Е 3
6) Сөздік қор ( 1 минут )
Сәулет өнepi, күмбез, монша, Отырар, Арыстанбаб, Түркістан, Тараз, кесене, шебер, ғимарат, дін, Айша 6и6i, Алаша хан, Көккесене, Әмip Teмip, кітапхана, ақын, Рабиға Сұлтан Бегім, әшекейлеу, ою - өрнек, кipпіш, әйнек, сыр.
В. Шұғыл есте сақтау.
Тақтаға жеті сөз жазылыды.. Сонан сон екі - үшеуін өшіріп тастап, өшірілген сөздерді оқушылар жылдам айтып қайталайды.. Егер жылдам сол сөздерді есте сақтап айтып бере алса, онда ұпай жинайды.
5. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары. Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімін жинақтау үшін төмендегіше бекіту сұрақтарын қоямын.
1. Арыстан баб қай ғасырларда өмір сүрді? Кесенесі қай жерде орналасқан?
2. Арыстан баб кімнің ұстазы?
3. Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі қай ғасырда салынды, ол кісіні кім деп білесіңдер? 4. Сол ғасырда қандай өнер дамыды?
5. Алаша хан кесенесінің ерекшелігін айт, суреттеп бер?
6. Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі қай жерде орналасқан?
Қорытындылау. ¥лттык сәулет өнері ескерткіштерінің құрылыс материалдарын жасауда халыктың ішінен шыққан белгілі ұста құрылысшылардың жұмысы өте зор болды. Олар құйған кірпіш ғасырлар бойы 6epiктігін сақтап, бояулары осы кезге дейін әрін жоғалтпады. Сәнді болуы үшін қолданылған жылтырақ қыш қаптамалар бояуының құрамы бүгінгі күнге дейін сырын ашпай келе жатқан құпия.
6. Бағалау парағын алып, әр топтағы оқушының жұмысына байланысты жеке бағалар қою. Жеңген топқа орын беру.
7. Үйге тапсырма беру: § 33 оқу, рефераттар жазу.
Қазақстанның XIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері
- ПеризатШ
- 5 мам 2013
- 4392
- 0