Қазақ халқының рухы таза ұлт болып қалыптасуы және тәуелсіздігіміздің беріктігі, еліміздің сақталуы тікелей жас ұрпаққа байланысты.
Бүгінгі таңда еліміздегі мектептегі білім беру ісі, заманауи ақпараттық технологиялармен жарақтандыру шаралары біршама өз шешімін тапқандай болса да, әлі де рухы таза, ұлтжанда ұрпақ өсіруде нәтижеге қол жеткізе алмай отырған сияқтымыз.
2012 жылдың желтоқсан айындағы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан 2050” жаңа стратегиялық бағдарламасында - Мен 2050 жылғы
Қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін.
Олар - әлемнің азаматтары. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары
“Қазақстан 2050” Жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге – қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі.
Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен алдағы асулардан алқынбай асамыз - делінген
Осы зор жауапты міндетті жүзеге асыруда тарихшы ұстаздарға жүктелетін міндет зор.
Ақпараттық қоғамдағы өмір сүру аса үлкен жылдамдықпен өзгереді, алайда өзгермейтіні – адам құндылығы.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында « Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгеріcтерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Білім берудің маңызды шарты - оқу үрдісін жаңара отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабылеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс - әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.
Оқыту барысында өз сабақтарымда қолданып жүрген технологиялар ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы» стратегиялары тарих пәніне арнап құрастырылған десем, артық айтқаным болмас. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқумен жазуды дамыту технологиясын сабақ үстінде оқушыға мынандай мүмкіндіктер беретінін анықтадым:
- мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру қызметін өздері басқаруға;
- білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс - әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;
- жеке ерекшелігі мен қыбылетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға;
- білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз атқаруы;
- құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге;
- ой - өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін - өздері дамытып, тәрбиелеуге.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.
1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2. Сенімділікке тәрбиелеу.
3. Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау.
4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.
5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.
6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.
7. Жеке тұлға ретінде « мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Тәрбиесіз берген білімнің зияны туралы бұдан бұрынғы ғұламалардың айтып кеткені белгілі. Осыған орай менің ұстаз ретіндегі өмірлік ұстанымым – рухы таза, өзінің қазақ деген ұлттың бір бөлшегі екендігіне мақтана алатын, оны шынайы сүйіп қастерлейтін жеткіншектерді тәрбиелеу, білім беру. Біздің ұлтымыздың тарихында біз қорынатындай ешқандай ұлтты қаралайтын беттер жоқ. Қазақ тарихы – тірі болу, тіршілік үшін күресу, бірігу тарихы.
Баланың сезіміне әсер етпей, санасына жеткізбей, оған терең білімді меңгерту мүмкін емес. ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: “Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан табатын өнер”, - деген екен. Мен өз сабақтарымда жаңа педагогикалық әдістердің ішінен сын тұрғысынан ойлау әдісін пайдаланып жүрмін.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға жұмыстар жасай отырып баланың танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға мүмкіншілік беру. Екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету.
Сын тұрғысынан оқыту дегеніміз не?
Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.
Сын тұрғысынан оқыту технология емес, ол бағдарлама. Бұл бағдарлама әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. «Біздің елімізде Джорд Соростың ашық қоғам институты, «Сорос - Қазақстан» қоры арқылы келген бұл бағдарлама мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау.
Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады.
Сабақтың құрылымы:
1. Қызығушылықты ояту:
Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі арттырады, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа т арту.
Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?» т. б. деген сұрақтарды алмастырып, керісінше сабаққа жағымды ахуал туғызады.
Бұл қызығушылықты ояту кезеңі -«жаңа білімге көпір салу». Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады.
2. Мағынаны ашу:
Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.
Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өзара оқыту т. б. Осы әдіс - тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс - әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.
3. Ой толғаныс:
Оқуды қорытындылау.
Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жол өлең», т. б. стратегияларды қолданып тәсілдерін қолданып қорытындылайды. Бұл бағдарламада қолдануға болатын стратегиялар өте көп. Мен өз сабағымда пайдаланатын стратегиялар түрі:
1. Негізгі ойды суреттеу
2. Топтастыру
3. Бес жол өлең
4. Эссе жазу
5. Болжам кестесі
6. Галереяға саяхат
7. ЖИГСО
8. Венн диаграмма
9. Қос жазба күнделік
10. Авторға сұрақ қою
11. Әлемді шарлау
12. Ой қозғау
13. Оқиға желісі
Аталған стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір - бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады.
Бұрын шығарма, мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін.
Қазір күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой - толғанысын жасап өз ойын жазбаша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазады.
Қорыта айтқанда СТО бағдарламасының әдістері арқылы оқушылардың ой - пікірі, көзқарасы, дүниетанымы қалыптасады. Оқушылардың белсенділігі артады, келесі сабақты асыға күтеді. Олардың тарихи әдебиеті оқуға деген қызығушылығы мен қажеттілігі қалыптасады. Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын қалыптастыра алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат болатынына мен кәміл сенемін.
Мен сабақ беретін сыныптарға тәжірибемді қолданғандағы шыққан нәтиже
2011 - 2012 оқу жылы
сыныптар І - тоқсан ІІ - тоқсан ІІІ - тоқсан IV - тоқсан Жылдық
7 «а» 50% 54% 60% 64% 72%
7 «г» 48% 52% 58% 62% 70%
7 «ғ» 46% 50% 54% 60% 68%
2012 - 2013 оқу жылы
сыныптар І - тоқсан ІІ - тоқсан ІІІ - тоқсан IV - тоқсан Жылдық
7 «а» 52% 58% 64%
7 «ә» 48% 52% 60%
7 «б» 46% 48% 60%
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын Қазақстан тарихы пәнінде қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру
- Aika
- 5 мам 2013
- 17520
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сын тұрғысынан оқыту технологиясы, баяндама, доклад
Ұқсас жаңалықтар:
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер...Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру
ШҚО, Семей қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені» КММ Батырханова Гульнар Абугалиевна...Сабақтың тииімділігін арттыру жолдары мен құралдары
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "№42 орта мектеп" КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аманжолова Тана Тастанқызы...Жаңа бағдарлама-жаңа бағыт
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы № 14 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі...Сын тұрғысынан оқыту дегеніміз не?
Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Оспанова Тлеулес Амантайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.