Білім сайысының тақырыбы: « Тәуелсіздіктің тура жолы - білімде».
Сабақтың мақсаты
Қазақстан тарихы пәні бойынша оқушылардың білім деңгейлерін бақылау, білімді оқушыларды анықтау, білімді, тапқыр, ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту. Егемен еліміздің 21 жылдық мейрейтойын кең көлемде насихаттау. Мектебіміздің білімді жан - жақты оқушысын анықтау
Жүргізуші сөзі:
Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазір ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі бүгінгі сайысымыздың
ұраны:
Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады
Ойын толық, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста,
Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып
Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушы үміткерлер 8 сынып оқушылары. ”Тәуелсіздік тің тура жолы білімде” атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. “Батылдық балалық шақта шыңдалады” десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі - ойын екендігі белгілі. Сахнаға сайысқа қатысушы үміткерлерді шақырамыз.
Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейік
Ал ендеше бірінші сайыс Дода. Атына заты сай бұл ойын жылдамдықты талап етеді. Жауап нақты әрі тез болуы керек. Қай команда бірінші болып қолын көтереді, сол оқушы бірінші жауап береді. Бағалануы 10 ұпайдан.
1. Нешініші жылы бірінші КСРО құрамындағы Республикалар бірінен соң бірі өз егемендіктерін жариялай бастады?
2. Қай жылы КСРО - ны қайта құру мүмкіндіктері болған?
3. 1990 жылы сәуірде Республиканың жоғарғы кеңесінің ұйғаруымен қазақ КСРО - ның қандай лауазымды қызметі тағайындалды?
4. Егемендік жолында қоғамдық қозғалыстар, митингілер нешінші жылы қай айда белсенділік көрсетті?
5. Жоғарғы Кеңес “Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация” қашан қабылданды?
І. Дода
ІІ. Тұлғаны таны
ІІІ. Бейне сұрақ
ІV. Сен маған, мен саған
V. Картамен жұмыс
VI. Термин сөздердің анықтамасын табу
Ал ендеше бірінші сайыс Дода. Атына заты сай бұл ойын жылдамдықты талап етеді. Жауап нақты әрі тез болуы керек. Қай команда бірінші болып қолын көтереді, сол оқушы бірінші жауап береді. Бағалануы 10 ұпайдан.
1. Нешініші жылы бірінші КСРО құрамындағы Республикалар бірінен соң бірі өз егемендіктерін жариялай бастады?
2. Қай жылы КСРО - ны қайта құру мүмкіндіктері болған?
3. 1990 жылы сәуірде Республиканың жоғарғы кеңесінің ұйғаруымен қазақ КСРО - ның қандай лауазымды қызметі тағайындалды?
4. Егемендік жолында қоғамдық қозғалыстар, митингілер нешінші жылы қай айда белсенділік көрсетті?
5. Жоғарғы Кеңес “Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация” қашан қабылданды?
6. Компартия қашан таралып кетті?
7. Нешінші жылы қай айда Н. Ә. Назарбаев КР - ның президенті болып сайланды?
8. Қашан КСРО - ны таратып, Тәуелсіз Мемлекеттер одағын құру туралы шешім
9. Нешінші жылы қай айда қазақ КСРО - і Қазақстан Республикасы болып атала бастады?
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігінің жариялануы, Тәуелсіздік күні?
11. 1992 жылы 2 - наурызда ҚР - сы қай ұйымға мүше болып қабылданды?
12. ТМД - ның құрамына қанша мемлекет кірді?
Жауаптары:
1990 жыл
1989 жылы
Президент
1990 жылы Қазан айында.
1990 жылы 25 қазан
1991жылы
1991 жылы 1 желтоқсан
1991 жылы 8 желтоқсан
1991 жылы 10 желтоқсан
1991 жылы 16 желтоқсан
БҰҰ - на
12 Мемлекет кірді
Тұлғаны таны:
“Сен маған мен саған“
Сырым Датұлының көтерілісінің қандай нәтижесі болды?
Қазақтарға Жайықтың оң жағына өтуге рұқсат етілді
Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы қай жылы болды?
2. 1773 - 1775ж. ж.
3. Кіші жүз қазақтары 1731 жылы қандай құжаттармен Ресей бодандығына қабылданды?
3. Сенім грамотасы
4. Тәуке хан заңдарының жинағы қалай аталды?
Жеті жарғы
5. 1837 - 1847 ж. ж. Қазақ жерінде кімнің басқаруымен ұлт азаттық көтеріліс болды?
1. Кенесары Қасымұлы
2. Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысқан қандай қазақ жүздері?
2. Кіші жүз, орта жүз
3. Іле алқабын, жетісуды зерттеген орыстың көрнекті шығыстанушысының
академигі кім?
В. А. Радлов
4. “Алқакөл сұлама, Ақтабан шұбырынды” қай жылы басталды?
4. 1723жыл
«Картамен жұмыс»
1. 1718 жылдың көктемінде жоңғарлар Қазақстанның қандай аумақтарын басып алды?
Жетісу жерінен бастап Арыс, Бөген, Шаян өзендерін бойлай қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына дейін
2. 1728 жылы Бұланты шайқасы қай жерде болды?
Ұлы таудағы Бұланты өзенінің бойында
3. 1731 жылы Әбілқайыр хан Ресей империасының қол астына өту туралы антты қай жерде қабылдады?
Ырғыз, Тобыл өзендерінің аралығы
4. Қазақтардың Ресеймен негізгі сауда орындары арасындағы Майтөбе шатқалында
Термин сөздермен жұмыс
құн – адам өлтігені үшін төленетін материалдық өтем
отар - Тәуелсіздігінен айрылған ел
Империя - Император басқаратын, отарлық иеліктері бар монархиялық мемлекет.
Оппозиция - Қарама - қарсылық, қарсылық көрсету
Жасақ - Мемлекет пайдасына алынатын салық
Стелла - Ескерткіш, құлпытас
Манифест - Патшаның қол астындағы халыққа арналған үндеуі
Расправа - Кіші жүздегі ру ақсақалдары кіруге тиісті болған әкімшілік орган
Тәуелсіздіктің тура жолы-білімде
- Aika
- 5 мам 2013
- 5963
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тәуелсіздік, білім, тарих, сайыс сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақша презентация (слайд): Тоғызыншы 9 Мамыр - Жеңіс күні
Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО - ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды....Тәуелсіздік шыңы
2016 жылғы 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл — мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке....Жүйріктер, алғырлар
Ел тарихын білудің маңызын ұғындыру; Қазақстан тарихы пәні бойынша алған білімдерін саралау арқылы өзіндік көзқарастар қалыптастыра отырып ой -...Ибраимов Ермахан Сағиұлы
Ибраимов Ермахан Сағиұлы. 1972 жылдың 1 - қаңтарында Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданында (бұрынғы Луговой) дүниеге келген....Қазақстан-біздің ортақ үйіміз
Астана қаласы №63 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Серикбаева Индира Аманкелдиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.