Сабақтың тақырыбы: ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН НЫҒАЮЫ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының негізінің қалануы тарихымен, Жәнібек пен Керей хандардың халқына, жеріне, еліне сіңірген қызметімен таныстыру.
Дамытушылық: Қазақ хандығының тарихтағы орнын, зерттелуі туралы ой - өрісін кеңейту, тарихи танымын молайту.
Тәрбиелік: Өз еліне деген патриоттық сезімін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Оқу әдісі: Шағын лекция, ассоциация, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнектілігі: Карта, плакат - 3, М. Х. Дулати портреті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй жұмысын сұрау.
ХІҮ - ХҮғғ. І жартысы Қазақстан аумағындағы хандықтар.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары.
2. Қазақ жұртының Өзбек ұлысының бөлінуі.
3. Қазақ хандығының құрылуы.
4. Қазақ хандығының нығаюы, зерттелуі.
Ассоциация - кластер:
Қазақ хандығы - қашан?- кім?- қайда?- кімге? кімнен?
Қазақ хандығы:- ХҮғ. 1465 - 1466ж.- Керей, Жәнібек - Жетісуге - Моғолстан ханы Есен бұға - Әбілхайыр хандығынан
Әбілхайыр хандығынан - Керей мен Жәнібек(1465 - 1466жж.)- Моғолстан Есен бұға
Қазақ хандығы негізін қалаған Шыңғыс хан ұрпағы, Жошы әулеті, Ұрыс ханнан Барақ хан балалары Жәнібек пен Керей
Дерек: Бұл жөнінде М. Х. Дулати "Тарихи - и - Рашиди" шығармасын (1500 - 1551)
- Қадырғали Қосымов "Алаш мыңы"
Міндеттері:
1. Мал жайылымын қалпына келтіру.
2. Сығанақ, Созақ, Яссы қалаларын үшін әскери күш қуатын нығайту.
3. Қазақ тайпаларының басын біріктіру.
Алғышарттары:
1. Әбілхайыр хан мен Моғолстан мемлекеті арасындағы қырқыстар.
2. Кейбір ру - тайпалардың наразылығының көбеюі.
3. Жәнібек пен Керей сұлтандардың бөлінген тайпаларды соңынан ерте білуі.
4. Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңіліп қалуы.
ХҮғ. аяғы Сыр өңіріндегі күрестің барысы, билікке таласушы күштердің арақатынасы, түптеп келгенде қазақ халқының басымдылығын көрсетті.
ХҮғ. аяғы(картамен жұмыс)
Қазақ хандығына - Сығанақ, Созақ, Сауран. Шайбани ұрпағына - Отырар, Үзгент, Түркістан. Моғолстанға - Ташкент, Саурам.
Дамыту кезеңі:
1."Есте сақтау қабілетің қандай?"
Қазақ хандығының қалыптасуы туралы топқа тапсырмалар.
№1 Әлемнің саяси картасында жаңа мемлекеттің - Қазақ хандығының пайда болуы экономикалық, саяси, этникалық сипаттағы тұтас себептер кешенінің бір мезгілдегі ықпалынан туындаған.
Оның негізін қалаушыларды, алғашқы даму кезеңіндегі оның аумақтық шекараларын атаңыз.
№2Сіздің көзқарасыңыз бойынша Моғолстан ханы Есен бұға неліктен мәртебелі ханзадаларды құрметпен және ақ ниетпен қарсы алуға "келісім" берді.
№3 Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарихи - и - Рашиди" еңбегі бірегей шығарма болып табылатындығы жалпыға танылған. Ерте және орта ғасырдағы Қазақстан, оның ішінде Қазақ хандығы жөнінде аса бай материалдар көп. Қазақ хандығының құрылғаны хижраның 870 жылы деп көрсетілген. Григориан жыл санауы бойынша бұл дата қай жылдарға сәйкес келетініне жауап бер.
Бекіту. Венн диограммасы
Қазақ хандығы - Қазақстан Республикасы Президенті
Хан құрылу жүйесін салыстыру.
1. Хандық 1. Республика
2. Жүз 2. Облыс
3. Ұлыс 3. Аудан
4. Арыс 4. Ауыл
5. Ру
6. Ата - аймақ
7. Ауыл
3. Қазақ халқының ХҮғ. аяғындағы жері ой дамыту. Топтық жұмыс (кеспе қағазға түсіру).
Қорытынды.
"Ханның жақсы болмағы,
Қарашаның елдігі.
Қараша халқы сыйласа
Алтыннан болар белдігі"
Хан мен Президент қандай болу керек деп ойлайсыңдар?
- әділ, сыйлы, өнегелі, іскер, саясаткер
Үйге тапсырма: жалпы тақырыпты оқу, қосымша Көшпенділерді оқу міндеті
Міндетті: "Бірлік бар жерде - тірлік бар" деген эссе жазу
Бағалау.
Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы
- Написа
- 2 мам 2013
- 18370
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары, қалыптасуы, ныңайюы
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ хандығы
Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын, елін – жерін қорғауға тәрбиелеу....Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау; Оқушылардың логикалық ойлау,...Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау;...Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл
Ағылшын тілі мұғалімі Амантаева Айгул Нурланқызы...Қазақ хандығының құрылуы
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Саламатова Алтынгүл...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.