Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 20 жылдардағы қоғамдық саяси даму, партия мен комсомол және мәдени жұмыстардың өрістеуі кезіндегі республика өмірін таныстыру.
Дамытушылық: Саяси өмірдегі тарихи оқиғаларды, өзгерістерді дұрыс бағалай және тұжырымдай білуге үйрету, деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып, қажетіне сай пайдалануға ғылыми бағыт бағдар беру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылығын арттыру.
Тәрбиелік: Өз елінің тарихын білетін белсенді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Оқыту әдісі: полиглот, «орталықтағы ой тасқыны», тақырыптық тапсырмалар, тест.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, мультимедия, слаид.
Пән аралық байланыс: қазақ тіл, орыс тіл, дүние жүзі, әдебиет.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Оқушылар ынтасын аудару: Оны «полиглот» арқылы (сұраққа үш тілде жауап беру)
1) КСРО......... ғасырда өмір сүрді ( 20 )
2) Біздің еліміз -.............. ( Қазақстан )
3) Аристотель............. еңбегінде мемлекет туралы жазған. ( Саясат)
Олай болса, бүгінгі тақырыбымыз: ХХ ғасырдың 20 жылдарындағы Қазақстанның саяси өмірі
2. Жаңа сабақ.
1) 20 ж. қоғамдық саяси өмір.
2) Республикадағы партия мен комсомол органдары.
3) Мәдени ағарту жұмыстарының өрістеуі.
4) Қазақ АКСР - ң одақтас республика болып құрылуы.
Мультимедия қарау
Сабақтың проблемасы: «Қазақстан отар болып келді, отар болып қалды»
С. Садуақасов.
Жаңа білімді меңгерту «Орталықтағы ой тасқыны» Оқушыларды 4 топқа бөлу.
1. Оқу орталығы – (Тақырып мазмұны бойынша ақпараттарды әңгімелеу)
1) 20ж. Қоғамдық саяси өмір сипаты қандай?
2) Сталинизмнің идеологиялық аппараты қалай жұмыс жасады?
3) Республикада партия мен комсомолдардың Орталық органы қалай құрылды?
4) Қазақстанда әйел теңдігі үшін қандай шаралар жүзеге асты?
5) Қазақ АКСР – інің одақтас республика болып құрылуы.
2. Жазу орталығы – (термин сөз, сандық мәлімет жазу)
Терминдер
Термин Анықтама
Идеология Әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін көзқарастар, қоғамдық сана
Интернационализм Ұлттар арасындағы бейбіт достық қатынастар
Оппозиция Өз көзқарасын өзгеге қарсы қою
Социализм Әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген ілім
Автономия Мемлекет аумағында топтасып өмір сүрген қауымдастыққа берілетін өзін - өзі басқару мүмкіндігі
Тоталитаризм Мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы билік бақылауында болатын қоғам
Сандарға мәлімет беру: 100жыл, 44адам, 40адам, 9223адам, 44 депутат.
3. Ғылым орталығы – (жоба тезисін жазу, қорғау «Жазықсыз жандар жазасы»)
4. Баспасөз орталығы – (репортаж беру, сұхбат алу)
Бекіту. 1 тапсырма: Республикадағы қоғамдық саяси өмір (тарихи диктант)
1. 1925ж. ақпанда............................................... өлкелік..................... деп өзгертілді.
2........ жылы Орынборда Қазақстан................ І................... болып өтті.
3. Қазақстан мен Түркістандағы дарынды комсомол ұйымдастырушысы.......................... болған.
4. 1923ж. 22 қарашада.......................... Орталық Атқару Комитеті..................... тілінде.................................................. декрет шығарды.
5. Орталықтағы................................ табынғандай, Қазақстанда жергілікті көсем................................. бас ұру, төрешілдік құбылыстары орын алды.
6. 1937 ж........... Қазақстан Кеңестерінің................... Қазақ КСР............................ қабылданды.
2 тапсырма: Сәйкестендіру
Депутат Мамандығы
Т. Күзембаев Шахтер
С. Зурбаев Мұнайшы
И. Логвиненко Комбайыншы
С. Оңғарбаева Сауыншы
Ә. Әлімжанов флотатор
Қорытындылау. 15 тест сұрағына жауап алу.(инт. тақта) Нәтиже - дұрысы – дұрыс емесі – бағасы шығарылады. Бағалау: Топ жұмысын, жеке оқушыларды бағалау. Бағалау парағы
І топ Баға
ІІ топ баға
ІІІ топ баға
ІV топ баға
Үйге тапсырма: §18оқуға 93 бет; мәліметтер, деректер әкелу; тест жаттау.
Тест
1. 1919 - 1940ж. Кеңестік елдегі жұмысшы, шаруа жастарын жоғары мектепте оқу үшін даярлайтын жұмысшы факультеті:
А) ТОЗ
В) ЭКОСО
С) РАБФАК
Д) КУЛЬТРОСВЕТ
Е) КОММУНА
2. Мүлік және еңбек бөлінісіне негізделген, бірігіп өмір сүретін адамдар ұжымы:
А) ТОЗ
В) ЭКОСО
С) РАБФАК
Д) КУЛЬТРОСВЕТ
Е) КОММУНА
3. Өндіретін, оларды байытатын түсті металдар мен олардың қортпаларын құйып, өңдейтін ауыр өнеркәсіптің саласы:
А) түсті металлургия
В) қара металлургия
С) металл зауыты
Д) ) металл комбинаты
Е) металл концерні
4. Руда және руда емес, шикізат өндейтін және байытатын, отқа төзімді материалдарды, кокс химия өнеркәсібінің өнімдерін, шойын, болат, прокат, темір қортпаларын өндіретін ауыр өнеркәсіптің саласы:
А) түсті металлургия
В) қара металлургия
С) металл зауыты
Д) металл комбинаты
Е) металл концерні
5. Экономикалық және әлеуметтік дамуды, сондай - ақ осы дамуды жүзеге асыруға байланысты іс - шаралар кешенін әзірлеу:
А) жеңіл өндірісті дамыту
В) Жоспарлау
С) ауыр өндірісті дамыту
Д) ) кластерге көшіру
Е) нарықтық экономикаға көшу
6. КСРО Конституциясы қабылданған жыл:
А) 1941
В) 1937
С) 1936
Д) 1938
Е) 1922
7. Қазақ КСР – ң Конституциясы қабылданған жыл:
А) 1939
В) 1938
С) 1937
Д) ) 1936
Е) 1922
8. Қазақстандағы комсомол ұйымдастырушысы, Комсомол ОК қазақ бюросының бірінші төрағасы: А) Т. Рысқұлов
В) Ғ. Мұратбаев
С) Ф. Рузаев
Д) Қ. Таштитов
Е) М. Төлепов
9. Ф. И. Голощекиннің « ауылды кеңестендіру» ұранына қарсы болғандарға тағылған айып:
А) халық жауы
В) жапон шпионы
С) іріткі салушы
Д) хандықты жақтаушы
Е) ұлтшыл
10. Араб әліпбиі жоғарыдан берілген бұйрық бойынша латын әліпбиіне көшірілді
А) 1929
В) 1930
С) 1931
Д) 1932
Е) 1933
11. Қазақстанда кириллицаға көшірілген жыл
А) 1937
В) 1938
С) 1939
Д) 1940
Е) 1941
12. 1921ж құрылған облыстық партия ұйымы өлкелік болып өзгертілді?
А) 1939
В) 1938
С) 1937
Д) ) 1936
Е) 1922
13. Әйелдер тағдырына қатысты Декреттерді жүзеге асыруға ат салысқан
А) К. Бәйсейітова
В) Н. Құлжанова
С) С. Оңғарбаева
Д) Д. Отарбаева
Е) З. Аманқұлова
14. Ауылдық жерлердегі мәдени ағарту жұмысының нағыз орталығына айналды?
А) Қызыл сарай
В) Қызыл клуб
С) Кеңестік орталық
Д) Қызыл керуен
Е) Қызыл отау
15. Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз (Қазақ) және орыс тілдерін қолдану туралы» декрет шығарды
А) 1920
В) 1922
С) 1923
Д) 1924
Е) 1925
ХХ ғасырдың 20жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі
- Написа
- 2 мам 2013
- 13463
- 0
- 0
Ілмек сөздер: тарих, 20 ғасыр, Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі
Ұқсас жаңалықтар:
Ұлт-азаттық қозғалысының өрлеуі және оның бағыттары
ХХ ғасырдың басында қоғамдық – саяси қатынастардың дамуында үлкен өзгерістер туғызған саяси оқиғалар ахуалын түсіндіру; Оқушы санасындағы отаншылдық...Қазақстанның 1920 - 1940 жылдардағы қоғамдық - саяси жағдайы
Шаруаларға қарсы және кулактар мен байларды жоюдағы сталиндік жазалау, «Алаш» партиясының мүшелері мен ұлттық интеллигенцияға қарсы саяси жазалау,...Қазақстандағы «Кіші Қазан» бағыты
Сабақтың мақсаты: 1920 - 1930 жылдары Қазақстанда жүргізілген индустриаландыру саясатының жетістіктері мен зардаптарын түсіндіру; Республикадағы...Қазақстан халқы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Джилкибаева Нуршакуль Абдикеримовна...І.Жансүгіровтың Құлагер поэмасы (реферат)
Қысқаша өмірбаяны Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді. 1919 жылы. Ташкенттегі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.